Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07366 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын мен конструкцияларын өндіру в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Құрама темірбетон технологиясы
    Несиелер: 5

    Құрама темірбетон технологиясы пәнін оқытуда - конструкциялардың дайындалуы мен монтаждаудың жоғарғы дәрежелі индустриалдығы, құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшері және дайындау уақытын қысқарту процестері қарастырылған. Сонымен қатар, темірбетон бұйымдарының қасиеттері: технологиялық процестері және беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділігі бойынша физика-механикалық қасиеттері, ұзақ мерзімділігі жатады.

    Селективті тәртіп
  • Құрама темірбетон бұйымдары кәсіпорындарын жобалау
    Несиелер: 5

    Пән жобалық, өндірістік кәсіпорындар жасаған прогрессивті әзірлемелер негізінде қайта құруды және техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыратын құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау үшін инженерлік есептерді өз бетінше шешетін мамандарды дайындауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
  • Керамикалық материалдар өндірісіндегі өндірістік қалдықтар
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту мақсаты бетон және керамикалық материалдарын өндіру кезінде негізгі ғылыми-практикалық принциптер мен заңдылықтарды пайдалана отырып, жаңа тиімді материалдарды алудың қазіргі заманғы проблемаларын ескере отырып, модификаторлар мен өндіріс қалдықтарын пайдалану және оларды бетон және керамикалық материалдарын өндіру кезінде қолдану проблемаларымен құрылыс материалдары мен бұйымдарының технологиялары мен қасиеттерін түрлендіру саласында білім мен практикалық дағдыларды игеру жолымен зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
  • Жобалаудағы және құрылыстағы 3D визуализациялау (minor)
    Несиелер: 5

    Пән Autodesk фирмасының 3ds Max пакетін меңгеруді, модельдеудің ауқымды әдістерін, олардың түрлері мен күрделілігі, әртүрлі үшөлшемді компьютерлік модельдерді құру үшін үйлесімін оқытады. Бағдарлама сондай-ақ қуатты визуализатор болып табылады, кіріктірілген визуализаторлардың үлкен саны бар, сондай-ақ үшінші тарап әзірлеушілерінің визуализаторларын пайдалануға мүмкіндік береді. Анимацияланған сахна құру мүмкіндігі бар. Бағдарламаны қолдану шеңбері жан-жақты бағытта игеріледі.

    Селективті тәртіп
  • Керамикалық құрылыс материалдарын өндіруде ресурс үнемдейтін технологиялар
    Несиелер: 5

    Екінші материалдық ресурстарды пайдалану перспективаларын санитарлық-экологиялық және технологиялық бағалау негіздері. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің ресурстарды үнемдейтін технологияларды дамытудағы рөлі. Жылу энергиясының қалдықтарын пайдаланудың технологиялық алғы шарттары.

    Селективті тәртіп
  • Математика І
    Несиелер: 5

    Пән математикалық есептерді шешудің негізгі формулалары мен әдістерін, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, математикалық интуицияны дамыту, зерттеу саласына тән әдістерді пайдалану, жалпы құрылымын және оның элементтері арасындағы байланыстарды көрсете білу, математикалық есептерді практикалық тиімді нәтижелерге дейін жеткізу мүмкіндігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: техника және технология саласында білім алушыларды кәсіби қызметінің негізгі базасы бойынша теориялық даярлау, олардың ғылыми дүниетанымы мен құзыреттілігін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: білім беру және қазіргі физиканың құбылыстары мен заңдарын меңгерту, шығармашылық ойлауын; танымдық қызметтің дағдыларын; физикалық жағдайларды модельдей алуын; кәсіби міндеттерді шешудегі дағдыларды дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физика ІІ
    Несиелер: 5

    Пән физика заңдарын тұжырымдауды, құбылыстар мен заңдарды сипаттайтын шамаларды және олардың арасындағы байланысты анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, физикалық теорияны, заңдылықтарды, ұғымдарды, тәжірибелерді, есеп шығару әдістерін меңгере отырып, айналада болып жатқан құбылыстарды, процестерді физикадан алған білімдерін пайдалану арқылы кәсіби білім мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика ІІ
    Несиелер: 3

    Пән білім алушыларды математиканың негізгі ұғымдарын, формулаларын және математикалық әдістерін қолдану және инженерлік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, математикалық есептеулерді шешудің тиімді әдістерін қолдануды, алынған мәліметтердің сенімділігін бағалауда математикалық әдістерді білуге, талдауға, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты: таңдалған мамандыққа қызығушылықты ыңталандыру, оқутыға сонымен қатар кәсіби білімді алудың заманауи әдістеріне саналы қатынасқа ықпал ететін дүниетанымын қалыптастыру. Курсты оқып-үйрену студенттерді болашақ мамандығымен таныстыруға, таңдаған мамандық туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға және қажетті білім мен дағдыларды игеруге ынталандыруға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инженерлік графика I
    Несиелер: 3

    Пән ортогональ проекциялар арқылы кеңістікте орналасқан нәрсенің графикалық сызбаларын тұрғызу әдістерін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, нүктенің, түзудің және жазықтықтың сызбаларын, дербес және жалпы жағдайда орналасқан түзу мен жазықтықтарды, проекцияны түрлендіру қасиеттерін, позициялық және метрикалық есептерді шешу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Химия
    Несиелер: 5

    Атомның электрондық құрылымы және химиялық элементтердің систематикасы. Атомның кванттық механикалық моделі. Паули принципі және Хунд ережесі. Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері. Химиялық байланыс. Байланыстың негізгі түрлері мен сипаттамалары. Ковалентті және иондық байланыстар. Қарапайым молекулалардың құрылымы мен қасиеттері. Молекулалардың өзара әрекеттесу түрлері. Күрделі қосылыстар. Молекулалардың өзара әрекеттесуінің негізгі түрлері. Молекулааралық өзара әрекеттесу күштері. Сутегі байланысы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инженерлік механика I
    Несиелер: 3

    Пән заманауи теориялық механиканың аналитикалық және графикалық әдістері, статиканың негізгі ережелері, күш өзара механикалық әсер өлшемі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, құрылыс конструкцияларының негізгі элементтерін қарапайым деформация кездерінде беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеулің аналитикалық және жобалық әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аuto CAD негіздері және автоматты жобалау жүйесі
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға жобалау-сызу жұмыстарын автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Байланыстырғыш заттар
    Несиелер: 4

    Байланыстырғыш заттарды қажетті құрылыс материалдарына пайдалану басты және қосалқы шикізаттың компоненттерін таңдаудың негізгі қағидаларын ұғыну. Байланыстырғыш заттар арқылы алынатын барлық материалдар мен бұйымдардың, құрылыстық қоспалардың түрлерін өндірудің технологиялық процестерін білуі керек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құрылыстық материалтану
    Несиелер: 4

    Пән құрылыс материалдарының негізгі қасиеттерін, табиғи тас пен керамикалық материалдар мен бұйымдардың құрамы мен сапасын ажырата білу мәселелерін, қазіргі заманғы құрылыс материалдарының өндірілу технологиясын және қолданылу аясын, олардың зерттеу тәсілдерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құрылыс материалдары
    Несиелер: 4

    Пән материалдардың гидрофизикалық және жылу физикалық қасиеттерін, қирау механикасы, механикалық қасиеттер моделі және кернелу релаксациясы туралы мәліметтерді меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, физика-химиялық қасиеттер: адгезия құрылымдық беріктік және төзімділік, технологиялық қасиеттер туралы ұғымдарды меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндірістік ғимараттар сәулеті
    Несиелер: 4

    Пән өнеркәсіптік және ауылшаруашылық ғимараттарды көлемдік-жоспарлауды, конструктивтік шешімдерін, құрылыс жобаларының сәулет-құрылыс бөлімдерін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар,өндірістік ғимараттардағы жабдықтар мен жеке конструксия элементтерін жобалау шешімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс Экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады. Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инженерлік механика ІІ
    Несиелер: 5

    Пән технологиялық машиналар мен жабдықтардың элементтерін есептеудің қазіргі заманғы әдістерін, деформацияның негізгі түрлері мен кернеулі және деформацияланған күйлер теориясын, беріктік және пластикалық гипотезаларды оқытады. Күрделі қарсыласу, статикалық анықталмаған жүйелерді, жұқа қабырғалы қабықшаларды және қалың қабырғалы құбырларды есептеуді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Cәулет I
    Несиелер: 4

    Пән ғимараттар мен имараттарды жобалау принциптерін тұрғын сәулеттік құрылыстық жобалау негіздерін ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жүк көтергіш қаңқаларын жобалау негіздерімен, негіздер мен іргетастардың, конструктивтік шешімдерімен және конструкцияларды тұрғызудың жалпы ережелерімен танысуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Техникалық механика
    Несиелер: 5

    Пән заманауи теориялық механиканың аналитикалық және графикалық әдістері, статиканың негізгі ережелері, күш өзара механикалық әсер өлшемі ретінде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: Адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өндірістегі еңбек қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инженерлік графика ІІ
    Несиелер: 5

    Пән машина жасау сызбаларында инженер-құрылысшыға конструкцияларды монтаждау, санитарлы-техникалық құрылымдарды және құрылыс машиналарын эксплуатациялау жұмыстарын меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, сызбалар және олардың түрлері, шрифттер мен таңбалар, масштабтар, материалды шартты белгілеу, өлшемдерін енгізу, бөлшек сызбалары, эскиздер, құрылыс конструкциялар бөлшектерінің сызбаларын орындауды үйренуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құрылыс жылу техникасы
    Несиелер: 5

    Пән ғимараттар мен құрылымдардың жылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс нормаларын және ғимараттарға жаңа энергетикалық көрсеткіштер енгізуді, энергияны үнемдеу, ғимараттарды жобалау жұмыстарын меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, ғимараттар мен имараттарды жобалауда қоршау конструкцияларының климаттық параметрлерін және оларды артық ылғалдандырудан қорғау, желдету мен жылыту жүйелерінің ұзақ мерзімділігі мен қажетті сенімділігін есептеуді игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құрылыстық құрғақ қоспалар
    Несиелер: 5

    Цемент және гипс байланыстырғыш негізіндегі құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру технологиясы. Құрғақ қоспалардың сапасы ең алдымен олардың біркелкілігі болып табылады. Технологиялық тізбектің құрамдас бөліктерінің қоспаның бүкіл көлеміне біркелкі таралуына қол жеткізу қажет. Құрылыс қоспаларының сапасына тек бастапқы құрам ғана емес, сонымен қатар қоспаларды өндіруге арналған екі компонентті де әзірлеу технологиясы әсер етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидрооқшаулағыш материалдар
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту мақсатына, гидроизоляциялауға қажетті материалдардың құрылымымен, қасиеттерін олардың классификациясымен, қажетті шикізаттармен, қажетті қондырғылармен және зауыт өндірісінің технологиясымен танысу мәселелері жатады. Гидроизоляциялық материалдардың қасиеттерін сандық көрсеткішпен бағалау, ол көрсеткіштерді анықтау әдістерінің принциптері, нақтылы қолдану шарттарына байланысты гидроизоляциялық материалдарды таңдау; - гидроизоляциялық материалды тиімді технологиямен зауытта өндіру принциптері. Гидроизоляциялық материалдың оптималды құрамын жобалау әдістері. Зауыт жағдайында құрамдарды реттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автоматика және өндірістік процестерді автоматтандыру
    Несиелер: 5

    Пән құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндірудің технологиялық процестерін оңтайлы басқару саласындағы автоматтандыру және олардың мүмкіндіктері туралы түсініктерді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құрама темірбетон өндірісін автоматтандыру
    Несиелер: 5

    Қалыптау ерітінділерін және арматуралық бұйымдарды дайындауға арналған жабдықтарды автоматтандыруды үйретеді. Қалыптау үшін ерітінділерді жеткізуге және орналастыруға, бетон қоспаларын қалыптауға және нығыздауға, бетон және темірбетон бұйымдарын термиялық өңдеуге, тасымалдау, көтеру және өңдеуге арналған жабдықтарды автоматтандыруды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Құрылыс физикасы
    Несиелер: 5

    Пән ғимараттардың қоршау құрылымдарында болып жатқан Физикалық процестерді және ішкі ортаның физикалық қасиеттерін білуге бағытталған. Ғимаратты жобалау кезінде үй-жайларда қолайлы микроклиматты қамтамасыз ету мақсатында жылу техникасы, акустика, жарық техникасы бойынша есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бетон толтырғыштары
    Несиелер: 5

    Дайын бетон мен араласпаның қуыстылығы және тығыздығын реттейтін қоспалар: ауамен әсер етуші, газ түзуші, көбік түзуші, нығыздаушы, және т.б. қоспалар; бетонға арнайы қасиеттер беретін қоспалар: гидрофобтаушы, антикоррозиялық, бояушы және т.б. қоспаларды таңдауды үйрену. Сульфитті ашытқы бардасы негізінен цемент қамырына және оны үлкен шығында цементті бетон құрамына енгізуіне әсерін талдау. Ұнтақ немесе сұйық түрде алынатын натрий абиенаты суда ерімейтін натрий тұзы ауамен әсер етуші қоспалар арқылы цемент шығынын азайту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өңдеулік материалдар
    Несиелер: 5

    Осы заманғы құрылыстағы өңдеулік материалдардың маңызы. Өңдеулік материалдардың функционалдық және құрылыстық-қолданыстық қасиеттері. Тау жыныстары негізіндегі өңдеулік материалдар. өңдеулік материалдар өндірісі технологияларының негіздері; өңдеулік материалдар технологиясын жетілдіру бағытындағы ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау және қолдануын білуі қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бетон технологиясы - I
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде бетон қоспасы, оның құрылымдары мен қасиеттерінің ерекшеліктері, сұйық фазаның және тартылған ауаның рөлдері туралы түсініктер қарастырылады. Химиялық қоспаларды қолданудың ұтымды бағыттарын және бетонға қоспаларды енгізу технологияларын сипаттайды. Цемент тасының микроқұрылымын және өлшеміне байланысты кеуектерді бөлуді, микроқұрылымын қалыптастырудағы су және химиялық қоспалардың рөлін, бетон қоспасының реологиялық қасиеттерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналар
    Несиелер: 3

    Құрылыс машиналары мен жабдықтары туралы ақпарат. Көлік және көтеру машиналары. Жерге орналастыру машиналары. Бетон және ерітінділерді дайындау және тасымалдау және бетон қоспаларын тығыздау, әрлеу жұмыстары үшін машиналар мен жабдықтар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ұялы бетондар технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән қарастыратын мәселелері: ұялы бетон технологиясын; ұялы бетоннан бұйымдардың классификациясы; шикізат және оларға қойылатын талаптар; материалдарды өндірудің заманауи технологиялары; технологиялық жабдық және модификациялаушы қоспалар; материалдардың негізгі физикалық-механикалық қасиеттерін; өнім өндірудің технологиялық схемаларын құруды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы
    Несиелер: 3

    Жеңіл бетондарға арналған жасанды кеуекті толтырғыштар және олардың негізгі қасиеттері сипатталған. Керамзит, аглопорит, шлак пемза, сонымен қатар керамикалық құрылыс материалдарын өндіру технологиясы қарастырылған. Құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін пайдаланудың жіктелуі мен перспективалары келтірілген.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Силикатты материалдар технологиясы
    Несиелер: 5

    Силикатты материалдарға қойылатын негізгі талаптар, силикат материалдарының қазіргі заманғы технологиясының теориялық негіздері: силикатты кірпіш, көбік және газды силикаттар, шыны, шыны керамика және қож керамикалардың практикалық қолдану көрсеткіштері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өндірістік жылу қондырғылары
    Несиелер: 5

    Пештер мен кептіргіштердің жұмыс істеу принциптерін білу және жылумен өңделетін бұйымға немесе материалға байланысты таңдау жасау және ондағы жылу алмасу туралы білімді тереңдету. Пештер мен кептіргіштер жылумен өңдеу кезіндегі, яғни кептіру мен күйдіру кезінде жүретін жылу және массаалмасу процестерінің жұмысы қадағалау. Термиялық процесстердің физикалық сипатын білу; Пештер мен кептіргіштерді негізгі жобалау принциптерін және оларды пайдалану дағыдаларын үйрену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бетон технологиясы - II
    Несиелер: 4

    Бетондардың әртүрлі түрлерінің алыну жолдарын, және сонымен қатар бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының дайындалу технологиясын, кең ауқымды номенклатурасын, арналуын терең білетін мамандарды дайындау болып табылады. Өндірістің негізгі технологиялық процестермен технологиялық параметрлерді есептеудің заманауи әдістері зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жылуоқшаулағыш материалдар технологиясы /Минор/
    Несиелер: 5

    Жылу оқшаулау үшін нақты опцияны таңдағанда, тек қана физикалық қасиеттері емес, сонымен қатар төзімділік, баға және орнатудың қарапайымдылығы ескеру. Ылғалдың енуі мен отқа төзімділігі, жылу мен шуды оқшаулау, механикалық кернеу кезінде де оқшаулағыш заттардың қауіпсіздігін сақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Процесстер мен аппараттар
    Несиелер: 5

    Механикалық, гидромеханикалық, масса алмасу және жылу процестерінің жүру заңдылықтарын зерттеу, құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндірудегі жеке технологиялық кезеңдерді қарастыру кезінде осы заңдылықтарды қолдану. Технологиялық процестің негізгі кезеңдерін, дайындық процестерінің классификациясын, механикалық процестер мен құрылғыларды, гидромеханикалық процестерді, компоненттерді араластыруды, өнімді қалыптау негіздерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жылуоқшаулағыш және акустикалық материалдар
    Несиелер: 5

    Жылу және дыбыс оқшаулағыш құрылыс материалдары, құрамымен құрылымдық қасиеттері. Энергияны үнемдеудің ең жоғарғы деңгейін, ұтымды қалыптастыру. Жылу және дыбыс оқшаулауда тек қана физикалық қасиеттері емес, сонымен қатар төзімділік, баға құны мен сапасын ескеру. Ылғалдың енуі мен отқа төзімділігі, жылу мен шуды оқшаулау, механикалық кернеу кезінде де заттардың қауіпсіздігін сақтау. Олардың құрамы мен қасиеттерін жасалу технологиясын меңгеру. Акустикалық материалдардың және заманауи құрылыс конструкцияларына арналған өнімдердің жаңа түрлерінің шикізат қоспаларының құрамын таңдау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бетон өндірісінде ақпараттық модельдеу
    Несиелер: 5

    Темірбетон кәсіпорындарында тиімді шарттарды қолдану міндеттерді оңай шешу және алгоритмдерді жасау; кәсіби сипаттағы құжаттарды жасау және олармен жұмыс істеу; ақпаратпен жұмыс істеу әдістері мен құралдарын таңдау; қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Темірбетон өндірісіндегі ресурсты-үнемдеуші технологиялар
    Несиелер: 5

    Құрама темірбетон өндірісінде энергияны рационалды тұтыну мәселесін қарастырып, цемент пен арматура өндіруге жұмсалатын энергия шығындарын ескеру. Бұл ең қымбат, тапшы және энергияны көп қажет ететін материалдар және оларды шамадан тыс отын шығынын болдырмай сауатты пайдаланып энергияны үнемдеу. Цементті үнемдеу мәселелері. Құрылысшылардың цемент тұтынуын азайтудың нақты жолдары. Цементті айтарлықтай үнемдеуге бетонның қажетті беріктікке тез жетуі үшін оның сыныбын асыра бағаламай, оның құрамын дұрыс жобалау арқылы қол жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Темірбетон бұйымдары өндірісінің экономикасы
    Несиелер: 5

    Салалық ерекшеліктер және олардың құрылыс ұйымдары қызметінің нәтижесіне әсер ету. Инвестициалық қызметтің негізгі және капитал салымдарын тиімді пайдалану. Құрылыс өндірістік қорларды қалыптастыру және тиімді пайдалану. Баға қалыптастыруда құрылыс объектісінің жобалық шешімінің тиімділігін дәлелдеу. Баскару ғылымының мәні мен әдісі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрылыс материалдары өндірісінде ақпараттық модельдеу
    Несиелер: 5

    Құрылыс материалдары мен контрукциялары өндірісін ақпараттық модельдеу (BIM) – нысананың өмірлік циклі бойы (жоспарлаудан жобалауға дейін, жұмыстық құжаттарды шығару, материалды өндіру, оларды пайдалану және сертификаттау) барлық шешімдердің негізін құрайтын материалды өндіру туралы ұжымдық ақпаратты жасау және пайдалану процесі. BIM негізін құрайтын үш өлшемді ақпараттық модель - оның базасында инвестордың, тапсырыс берушінің, бас инженердің, бас мердігердің және өнімді шығаратын мекемелердің жұмыстары ұйымдастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Керамикалық материалдар технологиясы
    Несиелер: 3

    Пәнді оқытуда тағайындалуы әртүрлі заманауи керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарының түрлерін, олардың қасиеттерін анықтауға және оларды өндіруге арналған энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды құруға арналған зерттеу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын сынау
    Несиелер: 5

    Құрылыс материалдарын, конструкцияларын және бұйымдарын сынау технологияларының дамуының қысқаша тарихи шолуы, олардың міндеттері, құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндірудегі техникалық бақылаудың түрлері мен мазмұны қарастырылады. Үлгілерді сынау әдістері, бұйымдар мен конструкцияларды статикалық жүктеме бойынша сынау, бұзылмайтын әдістер, арнайы әдістер және сынақ нәтижелерін статистикалық өңдеу. Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдерін сертификаттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Композициялық құрылыс материалдарының технологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқытуда композициялық материалдарды іріктеу, жасау және пайдалану, оларды қабылданған нормативтік критерийлерге сәйкес бағалау үшін қажетті білімді қалыптастырады. Композициялық материалдардың өнеркәсібіндегі негізгі мәселелерді және оларды шешу жолдарын, шикізат түрлерін, құрылымдарын, керамика мен әйнек негізіндегі композициялық материалдардың физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау әдістерін игереді. Сонымен қатар, қолдану аясына сәйкес композициялық құрылыс материалдарын өндіру технологиясын оқытып үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрылыс керамикасының технологиясы
    Несиелер: 3

    Бұл пән қазіргі заманғы құрылыстағы керамикалық құрылыс материалдарының рөлін көрсетеді, керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіруде, технологиялық желілерді, керамикалық қабырға материалдары мен бұйымдарының цехтары мен зауыттарын жобалауда арнайы дағдыларды игеру үшін білім береді. Онда бастапқы шикізат материалдарын қайта өңдеудің әртүрлі технологиялық бөліністері кезінде, сондай-ақ керамикалық материалдар мен бұйымдарды жылумен өңдеу кезінде болатын процестерді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Керамикалық материалдардың сапасын бақылау
    Несиелер: 5

    Құрылыс материалдары кәсіпорындарының өнімдерін сертификаттау. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын сынауға дайындаудың жалпы ережелері. Стандартты сынақ әдістері. Өндіріс өнімдерін технологиялық бақылау түрлері: сатылы енгізу және шығару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Керамикалық материалдар мен бұйымдардың сертификатталуы
    Несиелер: 5

    Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдерінің сапасын бақылау түрлеріне қысқаша шолу.Құрылыс материалдары кәсіпорындарының өнімдерін сертификаттау. Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын сынауға дайындаудың жалпы ережелері. Стандартты сынақ әдістері. Өндіріс өнімдерін технологиялық бақылау түрлері: сатылы енгізу және шығару. Дайын өнімнің өнімділігін бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сметалық іс
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда құрылыстағы баға белгілеу және сметалық іс бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыру. Құрылыс өнімдеріне бағаның негізгі бөліктерін қалыптастыру кезінде сметалық формаларды қолдану дағдыларын меңгеру. Бағалардың өзара байланысы халық шаруашылық салалары, барлық ұйымдар мен өндірістердің өзара байланысын белгілейді. Құрылыстың сметалық құнын анықтау үшін қажетті ақпаратты жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрылыс материалдары өндірісінің экономикасы
    Несиелер: 5

    Құрылыс өндірісі кешенін функционалдау сұрағы бойынша негізгі заңды және нормативтік акт. Инвестициалық қызметтің негізгі және капитал салымдарын тиімді пайдалану. Құрылыс өндірісінде өндірістік қорларды қалыптастыру және тиімді пайдалану. Менеджменттегі мотивация. Менеджмент жүйесіндегі бақылау. Басшылық: билік, ықпал ету және әріптестік. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі. Қайшылықты, күйізелісті және өзгерістерді басқару. Фирманың кадрлық саясаты. Басқару кызметінің мәдениеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шыны және шыны бұйымдары технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында шыны, ситалл және шыны бұйымдарын алу технологиясының негіздері туралы білімді қалыптастырады. Силикат материалдарын алу үшін шикізаттың негізгі түрлерін қолдану тәсілдерін үйретеді. Силикат материалдарын алу кезінде болатын процестердің мәнін, яғни, шыны қайнату процестері, шыны материалдарының құрылымы мен қасиеттерінің өзара байланысы, өндірістің технологиялық ерекшеліктері, шыны бұйымдарын өңдеу, ситалл синтезі қамтылған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON8

    Құрылыс материалдарын өндіруде экономикалық қорларды қалыптастырады және тиімді пайдаланады. Нарықтағы бағаларды бақылайды, серіктестік басқару қызметінің мәдениетін, кәсіпорынның кадр саясатының қазіргі экономикалық көкжиегін кеңейтеді.

  • Код ON3

    Кешенді, аксонометриялық сызбалардың теориялық негіздерін сипаттайды; сызбаларды құру және жобалау негіздері, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді әзірлеудің негізгі әдістері мен әдістері, ғимараттар мен құрылыстар жобаларының архитектуралық-құрылыс бөлімдерін құрайды.

  • Код ON4

    Бетон өндіру технологиясының кластары, бетон өнімдерінің технологиясын дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды. Байланыстырғыш заттар арқылы алынатын барлық құрылыстық материалдар мен бұйымдардың, құрылыстық қоспалардың түрлерін өндірудің технологиялық процестерін, химиялық заңдар мен түсініктерді, ерітінділер теориясы мен химиялық қасиеттерін талдауды меңгереді.

  • Код ON1

    Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білімді игереді, өркениеттегі Қазақстан мәдениеті мен заңдарының тарихи құндылықтарын талдайды, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін бағалайды.

  • Код ON9

    Механикалық, гидромеханикалық, жылу масса алмасу процестерінің жалпы заңдары мен заңдылықтарын, жабдықтардың түрлері мен жұмыс принциптерін, процестер мен құрылғыларды автоматтандыру, материалдық және энергетикалық есептеулерін, кәсіпорын мен өндірістік жабдықтардың технологиялық желісін қайта құру және модернизациялау бойынша ұсыныстарды анықтайды.

  • Код ON10

    Әр түрлі заманауи қоспаларды, жергілікті шикізатты, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын, белгілі бір қасиеттері бар құрылыс керамикалық материалдарын өндіруде жаңа технологиялық жабдықты қолданады. Құрылыс керамикасын өндірудің заманауи әдістерін, керамикалық массалардың құрамын есептеу және таңдау бағдарламаларын қолданады.

  • Код ON7

    Құрылыс материалдары өнеркәсібінің ресурс үнемдейтін технологияларды дамытады. Құрылыс материалдары мен өнімдерін сертификаттайды. Үлгілерді бұзылмайтын әдістер арқылы сынайды, сынақ нәтижелерін сараптайды.

  • Код ON5

    Құрылыс материалдарын өндіруге арналған технологиялық жабдықтар мен темірбетон кәсіпорындарын жобалайды. Керамика, ағаш және пластмассадан жасалған құрылыс конструкцияларының құрамы мен қасиеттерін зерттейді. Бетон және ұялы бетон бұйымдарының технологиясын, оларды қоспалармен түрлендіру гидрооқшаулауды, өңдеулік материалдарды өндіруді оқып үйренеді.

  • Код ON11

    Құрылыс материалдарын өндіру бойынша кәсіпорындарды жобалау және ұйымдастыруды бірлесіп талдау әдіснамасын, күрделі әлеуметтік және кәсіби жағдайлардағы шешімдерді қабылдайды. Талдамалық және жобалық құжаттаманы рәсімдеу және таныстыру ережелерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін анықтайды.

  • Код ON2

    Техникалық ғылымдар саласындағы термодинамика және статикалық физиканың негіздерін қатты дене теориясын білу. Күрделі мәселелерді шешу үшін теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізеді. Құрылыстар мен объектілерде математикалық модельдерді құру. Ақпарат алу, өңдеу, талдау құралы ретінде заманауи ақпараттық – коммуникациялық технологияларды меңгереді.

  • Код ON6

    Бетон және темірбетон өндірісі саласындағы стандарттарды, техникалық шарттарды, нормативтік құжаттарды, құрамдарды таңдау және материалдың қасиеттерін анықтау әдістерін сипаттайды, өндірістік жағдайлардың әртүрлі кезеңдерінде кешенді міндеттерді шешеді, шешімдер қабылдай отырып өндірістік жағдайларды талдауды және зерттеуді жүзеге асырады.

Top