Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07102 Көлік, көліктік техника және технологиялар в Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • тасымалдау процесін ұйымдастырудың және пайдаланудың әртүрлі жағдайларында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық, нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық негіздерін қолдану
  • көлік техникасын, жабдықтар мен кешенді жобалау, құрастыру, жаңғырту, пайдалану, жөндеу, техникалық және сервистік қызмет көрсету саласындағы мәселелерді шешу
  • кәсіпорын бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйін талдай білу, көлік техникасының әсерінен қоршаған ортаға келтірілген залалды есептеуді жүргізу
  • кәсіби міндеттерді орындау үшін қажетті деңгейде техникалық шет тілін (ағылшын) білу, озық ғылыми-техникалық тәжірибені және көлік техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сервис технологияларын дамыту үрдістерін талдау
  • қазіргі заманғы көлік техникасының жіктелуін, құрастырылуын, пайдалану қасиеттері мен техникалық сипаттамаларын анықтау және пайдаланудың әртүрлі жағдайларында тиімді пайдалана білу
  • сыртқы факторлардың әсерін және қауіпсіз және тиімді пайдалану талаптарын ескере отырып, әртүрлі мақсаттағы көлік техникасы мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу кезінде қолдануға арналған материалдарды таңдау
  • көлік техникасын тиімді пайдаланудың техникалық шарттары мен ережелерін білу, олардың жұмысқа қабілеттілігін тоқтатудың себептері мен салдарын анықтау
  • көлік техникасын пайдаланудың техникалық және технологиялық проблемаларын сәйкестендіру, тұжырымдау және шешу үшін іргелі білім жүйесін (математикалық, жаратылыстану-ғылыми, инженерлік және экономикалық) қолдану
  • қарастырылып отырған физикалық процестер үшін математикалық модельдерді таңдау, күрделі кедергісі бар құрылымдар мен өзек жүйелерінің беріктігі мен қаттылығына есептеулер жүргізу, бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, машиналар мен механизмдер бөлшектерінің сызбаларын орындай, жасай және оқи білу
  • экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы туралы ғылыми түсініктерге ие болу, экономикалық дамудың негізгі заңдарын және өндірістің техникалық-экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторларды білу мен түсінуді көрсету
  • өзін-өзі тануға, зерттеу қызметіне, адамгершілік және физикалық өзін-өзі жетілдіруге, өзінің кәсіби және азаматтық позициясы мен белсенділігінің жоғары уәждемесіне, ұжымда жұмыс істеуге дайын болуға қабілетті болу.
  • Стандарттау, метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде міндеттерді шешу, қажетті ақпаратты, техникалық деректерді, көлік техникасы мен жабдығын пайдаланудың технологиялық процестерін жетілдіру жөніндегі жұмыстың көрсеткіштері мен нәтижелерін зерделеу және талдау қабілеті
Top