Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02112 Дизайн (б) в ОАИУ

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді игерген, дизайн шығармашылық саласында көркем қиялдау, креативтілігі, кеңістіктік-бейнелік ойлау қабілеті қалыптасқан, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талабы бойынша білікті маман дайындау ұстанымында анықталған
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M035 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 7M021 Өнер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс жасауда психологиялық тәсілдерді пайдаланып, дұрыс бағытты ұсынады. Менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеп, алынған нәтижелерді кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолданады, ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруды және практикалық проблемаларды шешеді.
  • Ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, дизайн бағытындағы ақпараттарды іздеу және өңдеу үдерістерін ұйымдастырады; Жобаны жүзеге асырудағы проблемалар мен тәсілдерге ықтимал шешімдер жиынтығын, олардың ұсыныстарын саралайды. Шығармашылық қызмет нәтижелеріне авторлық құқық заңын қолданады.
  • Кәсiпорынның (фирманың) дизайн саласы бойынша шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешiм қабылдайды. Өзіндік даму мен идеяларды іске асыруда ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынған білімдерді қолданады. Ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми талдау жасайды, практикалық проблемаларды шешеді, кәсiптік қарым-қатынас және мәдени байланыс орнатады.
  • Қажетті графикалық мәдениеті дамыған іргелі кәсіптік жобалар үшін қажетті жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады. Жобалау материалын өңдеуге қойылатын талаптарды анықтайды, жобаның жалпы экспозициясының композициялық шешімдерін жүзеге асырады.
  • Жаһандану үрдісіндегі басты талапқа сай әлемдік тілдерді жетік біледі, кәсіби қызмет саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды толық меңгерген.
  • Жоба алдындағы материалды жинау және өңдеу, қолданыстағы жағдайды бекіту іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Шығармашылық тұжырымдама мен оның алдын-ала нобайдағы көрінісін қалыптастырады. Макеттер мен модельдердің түстік-графикалық шешімдерін жасайды
  • Сәулет өнерінің үздік жобаларын жасаумен қатар заттық ортаны үйлестіру шараларын ұйымдастырады. Нақты жобалау барысында сәулет және дизайнның түрлі өнер шығармашылықтарының стильдік және жанрлық ерекшеліктерімен жұмыс жасайды.
  • Графикалық өнімді жобалау, техникалық эстетика, көркемдік дизайн тұжырымдамасының графикалық бейнелеу процесінде көркемдік модельдеудің принциптері, әдістері туралы теориялық білімді қолданады. Қолданыстағы технологияны өзгерту және нақты зерттеу немесе көркемдік құру міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысын көрсетеді.

Ұқсас БББ

Top