6B01573 Информатика, АКТ және робототехника в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру жүйесінде оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдану әдістемелерін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлауға және мақсатты ақпараттық білім беру жүйелерін жобалауға, ғылыми-зерттеулерді ендіру мен қолдануға қабілетті жоғары білікті бакалавр мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Мамандыққа кіріспе
Пән педагог-информатик мамандығының мәнін, маңызын, заңдылықтары мен қағидаларын көрсете отырып, болашақ мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіреді және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырады, жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастырады. Қазіргі қоғамдағы педагог-информатик маман кадрларға жалпы және кәсіптік білім беретін талаптарды орындауды, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Информатиканың теориялық негіздері
Пән білім алушылардың информатиканың фундаменталды тұжырымдамалары бойынша алған білімдері мен ақпаратты алу, өңдеу және қолданудың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, информатиканың математикалық негіздерін игертеді. Техникалық және әлеуметтік жүйелердегі ақпараттық үрдістерді, ақпараттық моделдерді құру және қолдану әдіснамаларымен таныстыру арқылы теориялық информатика саласындағы негізгі ғылыми зерттеулердің бағыттарын қолдана отырып, компьютердің логикалық негіздерін үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Дискретті математика
Пән білім алушыларға қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістері мен моделдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратты үйретеді. Жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтерін үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Заманауи бағдарламалау тілдері
Пән танымал Python бағдарламалау тілін үйретуге арналған. Анықталған синтаксистік құрылымы мен оқылмайтын таңбалар санының аз болуының арқасында Python тілі ең оңай әрі қолданыста тиімді тілдердің бірі болып саналады. Алдымен тілдің негізгі құрылымы және Python бағдарламалау тілінің өзге де ерекшеліктерін үйренесіз, әрі қарай объектілі-бағытталған бағдарламалау негіздерін қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
C# бағдарламалау
Пән білім алушыларға программаны жазу логикасын түсіну, кез келген программалау тілінде программа жаза білуді, C# (C Sharp) -. NET Framework платформасының объектіге бағытталған бағдарламалау тілін үйретеді. Әр түрлі бағдарламалар мен қосымшаларды жасай алуға: мобильді және жұмыс үстелі қосымшаларын жасауға және AutoCAD, Python, C#, C++ және 3D MAX бағдарламаларын пайдалана отырып, жобалар жасай алуға үйретеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бағдарламалау негіздері
Пән білім алушыларға бағдарламалаудың негізін, деректер құрылымын және алгоритмдер құруды үйретеді. Сонымен қатар, С++ тілінің синтаксисі және қолдану ерекшеліктері, С++ тілінде бағдарламалар құру, мәліметтердің күрделі құрылымды типтерімен жұмыс істеу, сұрыптау және іздеу алгоритмдерін және оның практикалық қолданылуын үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сандық әдістер
Пән білім алушылардың алған математикалық білімдерін іс жүзінде қолдану: ғылыми зерттеулерде, жобалау- конструкторлық қызметтерде, технологиялық, математикалық модельдерді басқаруда, компьютерлік технологиялардың әдістерін және шешімдерін қабылдауда қолдану жүйелерін таңдап жүзеге асыра білуді үйретеді. Уақыт талабына сай ақпараттық технологияны қолдана алатын, өз бетінше шешім қабылдай алатын жеке тұлға дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бағдарламалар мен деректердің қауіпсіздігі
Пән жүйелер мен желілерді ұйымдастыруды, негізгі принциптерін, терминологиясын, OSI моделін, Internet жүйесіне қосылу әдістері: электрондық пошта (E-mail); UseNet, TelNet, FTP технологиялары мен электрондық байланыс құралдары;ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін үйретеді. Ақпаратты қорғаудың заманауи әдістерін; Қауіпсіздік модельдері және оларды қолдануды; Криптография әдістерін; Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік өлшемдерін үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Пән болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесіне үйретіп, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгертеді. Болашақ мұғалімдерде информатиканы оқыту әдістемесінің орны мен рөлі туралы біртұтас болжамды; информатиканың пропедевтикалық, базалық және жоғары курстарын оқытуды ұйымдастыруға даярлығын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік желілер
Бұл пән компьютерлік желілердің жіктелуін, қазіргі тораптық технологиялар ерекшеліктерін, Компьютерлік желілердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы, қазіргі ОЖ желілердің аппараттық құралдарды орнатуды және қалыптастыруды білу, қолдану құқығын реттеу, парольмен қорғау және файлдық жүйенің папкасының құрылымын көшіру, мәліметті жіберуді, қабылдауды, алмасуды ұйымдастыруды оқытады. Сондай-ақ қазіргі кезеңде есептеу машиналарының бір бірімен байланысы және мәлімет алмасу тенденциясы туралы мағлұматтар беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Java бағдарламалау тілі
Қолданушылардың көңілінен шығатын әр түрлі дизайндағы интерфейстерді бағдарламалауға, Applet-термен жұмыс жасауға, HTML-Web беттерінде Applet-терді қолдану, JAVA мен дереққор базасына сұраныстар жіберу және өңдеуді іске асыруды үйретеді. JAVA нысандық парадигмасын іс-жүзінде қолдануды, объектіге бағытталған бағдарламалау тұжырымдамаларымен және ойлау процестерімен таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар, зертханалық зерттеулермен бірге Java тілінде объектіге бағытталған бағдарламалау әдістерін үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Интернет технологиялары
Пән интернет технологияларын ұйымдастыруды және қызмет ету принцптерін меңгеру, интернет ортасындағы қосымшаларды жобалау әдістерін меңгертеді. Қазіргі кездегі web-сайттар құруға арналған кең қолданыстағы HTML, CSS, JavaScript бағдарламаларында жұмыс жасау технологияларын үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректер қоры теориясы
Бұл пән деректер қорының теориялық негіздерін, деректер қорын құрудың принциптері және онымен жұмыс істеу құралдары, деректер модельдері, реляциялық модель, деректер қорын жобалауды және құруды үйретеді. SQL тілінің негіздерімен және реляциялық деректер қорын жобалау әдістерін үйрету және дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект технологиясы
Пән сараптық жүйелердің негізгі бағдарламалау тілдерін қолданады және негізгі мәліметтер қорын жазуға; Жасанды интеллекті тілдерінде байланыс жүйелерін анықтайды және құру әдістерні көрсетуге; Сараптамалық жүйелердің архитектуралық ерекшеліктерін таңдап, және сипаттауға; Сараптамалық жүйелерідің жұмысын зерттейді және құру кезеңдерін ұйымдастыруға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орта мектепте робототехника негіздерін оқыту әдістемесі
Пән математика, физика, информатика және т.б жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндер бойынша алған білім мен дағдыларын ұштастыра отырып - робот техникасын, инженерлік дизайн, технологияларды оқыту және оларды жобалау негіздері мен дағдыларын меңгерту. Әртүрлі салалар бойынша робот техникасы үлгілерін әзірлеу, бағдарламалау, құрастыру, жинақтау және оларды тестілеуден өткізу үдерістері негіздерін оқыту әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Android бағдарламалау
Бұл курс білім алушыларға Android басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуге үйрету болып табылады. Android ОЖ үшін әзірлеудің негізгі принциптерін, Android платформасының құрылысы туралы айтылады, бағдарламалау ортасына шолу келтіріледі, эмуляторлар мен нақты құрылғыларда баптау мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика
Пән компьютерлік графиканы құрудың заманауи әдістерін үйретеді және оларды кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастырады. Курс аясында студенттер растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеу үшін қажетті білім алады және оны болашақта өзінің кәсіби қызметінде тиімді пайдалануды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Графтардағы негізгі алгоритмдер
Пән білім алушыларды графтар теориясының негізгі ұғымдарымен таныстыру және оларды қолдана алатын жағдайға жеткізу; графтар теориясында есептердің қойылымы мен оларды шешу әдістерін меңгерту; негізгі теориялық-графтық алгоритмдерді игерту; түрлі салалардағы қолданбалы есептерді графтар теориясы тұрғысынан зерттеленді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Операциялық жүйелер
Бұл пән білім алушыларға кезкелген салада жұмыс жасау барысында операциялық жүйелерді дұрыс қолдану тиімді жақтарын көрсету сонымен қатар көптеген мүмкіндігі жоғары бағдарламалармен тиімді жұмыс жасауды үйрену, жұмыс жасап практикада жиі қолданып олардың жоғары деңгиде мүмкіндіктерін арттырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Криптография
Пән криптографияның негізгі ережелерін қамтиды, шифрлардың кең таралған типтерімен және олардың криптоанализ әдістерімен, ақпараттың тұтастығы ұғымдарымен, криптографиялық хаттамалармен, электрондық қолтаңбамен таныстырады. Криптография негізінде жатқан математикалық теория түсіндіріледі, шифрлау және криптоанализ алгоритмдерін жүзеге асыру мәселелері қойылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Сандық құрылғылар архитектурасы және операциялық жүйелер
Пән есептеу техникасының негіздерін, құру принциптерін, микропроцессорлық жүйелердің, архитектураның және сандық құрылғылар жұмысының принциптерін үйретеді. Процестерді басқару, жадты басқару әдістерін, енгізу-шығару бағдарламалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, файлдық жүйенің түсініктерін, операциялық жүйені орнату және күйге келтіруді үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау I
Курс объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негізгі ұғымдарымен таныстырады. ОББ жүзеге асыру негіздерімен таныстырады. Сонымен қатар, пән идеология мен объектілі-бағытталған бағдарламалау парадигмасының негізгі аспектілерін түсінуді қалыптастырады, С++ жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясында теориялық білім мен практикалық тәжірибе алу болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік математикалық жүйелер
Пән берілген есепті формализациялауды және математикалық моделін құру әдістерін пайдалану және негізгі алгоритмдік құрылымдарды білу және қойылған тапсырманы шешуге арналған алгоритм құруды үйретеді. Кәсіби есептердің математикалық моделін және қасиеттерін қолданып, шешуді үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Python тілінде роботты бағдарламалау
Пән робототехниканы адам қызметінің бір бағыты ретінде қолдану салалары туралы, роботтарды құру құралдары мен әдістері туралы түсініктерді қалыптастырады, робототехниканың негізгі принциптерімен, робототехниканың тарихы мен қазіргі даму үрдістерімен таныстырады. Заманауи робототехникадағы негізгі платформалармен жұмыс істеуді үйретеді. Датчиктер мен роботтарды қолдана отырып бағдарламалық жасақтаманы жасауға үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау II
Курс объектілі-бағытталған бағдарламалаудың мүмкіндіктерімен тереңірек таныстырады. Объектіге бағытталған бағдарламалаудың күшті мүмкіндіктерімен танысып, Python бағдарламауды қолдануды үйретеді. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясында теориялық білім мен практикалық тәжірибені қатар алып жүріп, қолданбалар жасауға үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үш өлшемді моделдеу
Бұл курс үлгілеу негіздерін оқып-үйрену үшін жағдай жасау, ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетті дамыту, оқушылардың шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, 3ds Max бағдарламасында объектілерді құру әдістерін үйрету. Курсты өту кезінде тыңдаушыларда 3ds Max полигоналды модельдеу технологияларымен жұмыс істеу дағдылары, сондай-ақ объектілерді жобалау үшін қажетті ойлау қалыптасады. Оқыту нәтижесінде тыңдаушы күрделілігі әр түрлі үш өлшемді модельдер жасай алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Модельге бағытталған жобалау (MATLAB Simulink&Arduino)
Пән Matlab / Simulink көмегімен Arduino басқару тақтасын пайдалану кезінде орындалуы керек алғашқы қадамдарды сипаттайды. Arduino үшін MATLAB және Simulink қолдау пакеттері ұсынылады және Arduino-мен өзара әрекеттесу үшін Simulink-ті қалай орнатуды, аналогтық және сандық кірістер мен шығыстарға қатысты жобалар жасауды үйретеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мобильді қосымшалар дайындау
Бұл курс білім алушыларға Android және IOS басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған мобильді қосымшаларды әзірлеуді үйрету болып табылады. Android және IOS платформаларының құрылысын, бағдарламалау ортасын, эмуляторлар мен нақты құрылғыларда баптау мүмкіндіктерін үйретеді. Әр түрлі деңгейдегі қосымшаларды жасауды үйретеді, сонымен қатар Android, iOS және Windows операциялық жүйелерімен жұмыс істеуді үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Цифрлық білім беру қорларын құру технологиялары
Курс білім алушылардың сандық білім беру ресурстарын құру технологиясына сәйкес жүйелі білім мен тұрақты дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар АКТ-қаныққан орта жағдайында, сондай-ақ еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында оқу қызметін дербес педагогикалық жобалауға қабілетті және технология мұғалімінің кәсіби қызметіне қажетті сапаға ие білікті маманды дайындауға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі геймификация
Болашақ информатика мұғалімдерінің геймификация арқылы кәсіби құзыреттіліктерін, білім беру процесіне геймификацияны енгізу жобасын әзірлеу және іске асыру құзыреттерін қалыптастырады. Геймдизайн техникасы мен ойыншы психологиясы негізінде оқытудың кешенді геймификациясын құрылымдауды, геймификацияның негізгі механикасы мен модельдерін зерделеуді, game-based learning технологиясын іске асыруды, білім беру контекстінде геймификацияны іске асыру арқылы оқыту нәтижелерін жақсарту практикаларын меңгертеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды оқытуды ұйымдастыру
Пән - білім беру үдерісінде электрондық басылымдар мен ресурстарды қолданудың жағымды және жағымсыз қырларымен танысу, электрондық оқыту құралдарын қолдану және құрамы туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Электронды оқыту құралдарының негізгі принциптері мен бағалау әдістерінің сапасына қойылатын талаптарды білу, электрондық оқыту құралдарын практика жүзінде оқытуды ұйымдастыруда қолдану стратегиясын үйрену, қалыптасушы білімді цифрландыру тілін үйренуге негізделеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Веб бағдарламалау
Пән білім алушыларға интернетте бағдарламалау үшін пайдаланылатын редакторлар мен бағдарлама әзірлеу орталары, веб-бет дизайны, пішімдеуде стиль кестелерін пайдалану, динамикалық беттерді жасауды игертеді. Сонымен қатар веб-серверді орнату, интернет-бағдарламалауда cookie файлдарының тұжырымдамасы мен пайдалану аймақтары, HTTP сұрауларын жіберу және қабылдау, интернетте деректер базасына қосылу, транзакцияларды орындау, мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеуді және білім беруде динамикалық интернет қосымшаларын құруды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
- Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін және цифрлық білім беру контенттерін әзірлейді
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
- - Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады (ОН1).
- Кәсіби қызметте деректер қоры жүйелерін, деректер қорының қосымшаларын, қауіпсіздік жүйелерін құрастыра отырып, веб-сайт, мобильді қосымша әзірлейді
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Кәсіби қызметте қойылған есептерді математикалық моделдей отырып, (С++, Python, Android, C# ) бағдарламалау орталарында бағдарлама әзірлейді
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
- Білім беру ортасында ғылыми-зерттеулер жүргізеді
- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
- Графикалық нысандарды моделдей отырып, роботтар мен робототехникалық, интеллектуалдық жүйелерді жобалайды