Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07513 Өнеркәсіптегі стандарттау және сапаны басқару (2 жыл) в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.
  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және басқару; зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтау; зерттеудің өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеу, заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттар мен анықтамалықтарды пайдалану. Тәуекелдерді бағалау мен талдауға негізгі тәсілдерді қолдана білу.
  • Сапа көрсеткіштерін анықтау; өнімдер мен қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру; сапаны басқару үшін квалиметрия заңдары мен принциптерін және заманауи компьютерлік технологияларды пайдалану. Басқарудың заманауи әдістері мен техникалық бақылауды ұйымдастыру технологиясы негізінде тиімді өндірісті ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру.
  • Жобаның мақсаты мен құрылымын анықтай білу, жобалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру; жақсарту мақсатында сапа менеджменті жүйесін бағалауды жүргізу; жанжалдар мен күйзелістерді басқару; кәсіби қызметке ынталандыру; қызметкерлерді таңдау.
  • Негізгі сынақтарды жүргізу әдістемелерін білу және қолдана білу, өлшеу, сынау және бақылау құралдарын таңдау; сынақтарды, бақылауды орындаудың аттестатталған әдістемелерін қолдану; тауарлық ақпараттың нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалау; аккредиттеу үшін құжаттаманы әзірлеу, талдау, жергілікті жерде сараптамаға дайындауды және оны жүргізуді жүзеге асыру.
  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
  • Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
Top