Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B07129 Ядоролық энергетика в Satbayev University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ядролық энергетика саласы бойынша өндірісті жобалау және дайындау кезінде математика және цифрлық технологиялардың іргелі пәндері бойынша негізгі білімді қолдану.
  • ядролық материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктерін және ядролық объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, экономикалық заңдар, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі, экология, адамгершілік даму қағидалары, академиялық адалдық мәдениеті туралы білімді кәсіби деңгейде қолдану.
  • ядролық энергетика саласындағы кәсіби қызметпен байланысты мәселелерді шешу үшін жалпы және теориялық физиканың негізгі салаларынан іргелі теориялық білімді пайдалану.
  • ядролық физика мен атомдық энергетика саласындағы есептерді, сондай-ақ, әр түрлі күрделіліктегі есептерді шешу үшін табиғаттың негізгі заңдарын және жаратылыстану ғылымдарының принциптерін, математикалық әдістер мен электротехникалық есептеулерді қолдану
  • ядролық энергетикада қолданылатын материалдардың радиоактивті және химиялық құрамын, құрылымы мен қасиеттерін анықтау үшін эксперименттік, теориялық, компьютерлік зерттеу және жобалау әдістерін қолдану.
  • ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, ядролық материалдардың қорғалуын және бақылануын, жұмыс орнында өндірістің техникалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін талдау.
  • ядролық реакциялар есептеулерін жүргізу, ядролық ыдырауды жүргізу, уран таблеткаларын алу, плазманы зерттеу және ядролық физика, атом энергетикасы, термоядролық синтез және радиоэкологияның іргелі процестері шеңберінде затпен сәулеленудің өзара әсерлесуін зерттеу.
  • релейлік қорғау құрылғыларының және электрлік автоматтандырылу құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының, электр жүйелері мен желілеріндегі микропроцессорлық аспаптардың жұмысын бақылау және диагностика жасау, сондай-ақ, цифрлық техникамен және микропроцессорлық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын меңгере отырып, электр станциялары мен қосалқы станциялардың релейлік қорғанысы мен автоматтандырылуын жобалау.
  • радиациялық материалтану және ядролық физикадағы сәулелік-плазмалық, ядролық-энергетикалық, лазерлік қондырғыларды, рентгендік және нейтрондық сәулелерді қолданудың әртүрлі әдістерін талдау.
  • заманауи атом электр станцияларының әртүрлі түрлерін талдау және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, реакторлар мен электронды басқару жүйелерінің әртүрлі түрлеріне салыстырмалы шолу жасау, олардың тиімділігі мен қазіргі жағдайда қолданылуын бағалау.
Top