Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02312 Филология: тіл білімі в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М02312 - «Филология: тіл білімі» білім беру бағдарламасының мақсаты – филология, лингвистика салаларының ғылыми-зерттеуді жүзеге асыра алатын, жаңа зерттеу әдістерін қолдануға, ғылыми эксперименттер өткізуге, орындалған жұмыстың нәтижелерін бағалауға бейім түлек дайындау; ғылым және мәдениеттің маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған жоғары білімді, бәсекеге қабілетті маман дайындауды қамтамасыз ету; Қазақстанның және аймақтың индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосу.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысымен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызшақарым- қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы
  • Филология саласына қатысты ғылыми жетістіктер мен жаңа идеяларды жасау, зерттеулер жүргізе білу; зерттелетін мәселелер бойынша теориялық және әдістемелік еңбектерді оқу, талдау және аудару; ғылыми әдістерді, лингвосемиотика саласындағы әдістемелері әзірлеу; білім беру парадигмасын, педагогикалық ғылымның жаңа концептуальды иедеяларын дамыту.
  • Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату
  • Тіл білімінің іргелі қағидалары, теориялық тіл білімінің жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланыс, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті үрдістері бойынша білім-пайымын таныта алуы; тіл білімі саласында биік деңгейде зерттеулер жүргізуі, мамандық негізіндегі міндеттерді шешуге даярлығы мен шығармашылық бастамасын көрсете білуі.
  • Мәтіндік және теориялық категориялы талдау негізінде тілдік материалдар мен өнер туындыларын өз бетімен зерттеу; шығармашылық қызметке байланысты жобаларды дамыту;; ғылыми мекемелерде және білім беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау.
  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым- қатынас жасау үшін филологиялық білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
Top