Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01501 Физика в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Базалық ғылыми және кәсіптік дайындығы бар, заманауи білім беру, ақпараттық, аналитикалық, коммуникациялық технологияларды, ғылыми зерттеулер мен талдау әдістерін меңгерген, инновациялық кәсіби қызметке қабілетті, үнемі өздігінен білім алумен жетілуге қабілетті білікті физика мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M011 Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Басқару психологиясы
Жоғары мектепте физиканы оқытудағы инновациялық технологиялары
Шет тілі (кәсіби)
Физикадағы практикалық-бағытталған есептер
Ғылым тарихы мен философиясы
Оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру
Жоғары мектептің педагогикасы
Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері
Физикадағы кәсіби шетел терминологиясы (ағылшын тілінде)
Қолданбалы физикадағы инноватика
Шетел тілінде физиканы оқыту
Жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқытудағы қазіргі педагогикалық технологиялар
Қолданбалы математика және физика
-
2 Оқу жылы
Нанотехнология саласындағы компьютерлік әдістер (ағылшын тілінде)
Теориялық физиканың арнайы тараулары
Қолданбалы оптика
Ядролық физиканың арнайы тараулары
Әлемнің қазіргі астрономиялық бейнесі
Оптиканың арнайы тараулары
Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
Техникалық өлшеудің әдістері мен құралдары
Өнертапқыштық қызмет және патенттану негіздері
Теориялық физикадағы компьютерлік әдістер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Физикалық есептерді шешудің тиімді әдістерін ұсынады, нәтижелерді түсіндіреді, олардың негізінде ұсыныстар жасайды, кәсіби мәселелерді зерттеуде математикалық әдістерді қолданады.
- Қазіргі заманғы технологиялардың, идеялардың, қазіргі заманғы жаңа бағыттардың кең ауқымын бағдарлай алады және оларды өзінің педагогикалық қызметінде қолданады.
- Тұлғааралық байланыстарды орнатады, әріптестерін бастамалардың орындылығына сендіреді, ұжымды ұйымдастырады және біріктіреді, қолайлы психологиялық ахуал жасайды.
- Қоғам өміріндегі ғылым мен білімнің рөлін салыстырады және болжайды; зерттеулер жүргізу, ғылыми мақалалар жазу және ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында физика және физиканы оқыту әдістемесі саласындағы арнайы пәндер шеңберінде алынған білімді жинақтайды.
- Жалпы және кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау үшін шет тілін білудің қажетті көлемін, тұлғааралық, іскерлік және кәсіби түрде ойларын жеткізу дағдыларын көрсетеді.
- Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін ғылымның қазіргі заманғы тарихы мен философиясының, қолданбалы жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті білімін талдайды және жалпылайды.
- Физикалық мәтіндерді сауатты аударады және материалды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша, жазбаша нысанда кәсіби баяндайды. Үштілділік талаптарын ескере отырып сабақтарды жоспарлайды және өткізеді.
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ғылыми және қолданбалы есептерді шешу үшін деректерді талдаудың, модельдеудің және визуализациялаудың математикалық және компьютерлік әдістерін таңдайды.
- Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін құрылымдайды. Ғылыми ниеттің, шығармашылықтың әдіснамасын, ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың жалпы сұлбасын, жаратылыстану-ғылыми, физикалық зерттеулерде инновация саласындағы ғылыми таным әдістерін пайдалану практикасын ұсынады.
- Пәндік және психологиялық-педагогикалық міндеттерді қою және тиімді шешу, зерттеу нәтижелерін өз бетінше және топ мүшесі ретінде өңдеу, сынақтан өткізу және енгізу, озық тәжірибені тарату және алынған нәтижелерді коммерцияландыру мақсатында жұмыс берушілермен, кәсіби бірлестіктермен және ғылыми ұйымдармен оқу-тәрбие процесінде ынтымақтастық орнатады.
- Қазіргі заманғы физиканың негізгі концепциялары мен мәселелерін, оның мәдениетті дамытудағы рөлін, жоғары мектеп дидактикасының арнайы саланың теориялық концепцияларымен интеграциялаудағы классикалық ережелерін, көптілді кадрларды даярлау аспектісінде жоғары мектеп дидактикасын, мектеп пен ЖОО-дағы инновациялық және қашықтықтан білім беру технологияларын талдайды.
- Білім беру ресурстарын әзірлеудің принциптері мен әдістерін, соның ішінде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, цифрлық білім беру ресурстарын таңдайды.
- Оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді, әртүрлі педагогикалық жағдайларға оқыту мен тәрбиелеудің тиісті әдістерін таңдайды. Оқу материалдарына ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жобалайды.
- Жаратылыстану ғылымдары, технология және математика білімдеріне сүйене отырып, шешімдерді табады және қолданады. Физикалық шамаларды өлшеу әдістерін таңдайды және өлшеу құралдарын оқыту мен зерттеуді жүзеге асыруда қолданады.
- Өзіндік ғылыми идеялар мен гипотезаларды қалыптастырады, оларды дәлелді түрде қорғайды, теориялық және қолданбалы зерттеулердің оңтайлы әдістемесін таңдайды.