Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07128 Цифрлық энергетика в Satbayev University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Біртұтас жүйе және тұлға ретінде қоғам туралы білімді көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі туралы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың заңды мүдделері туралы біледі. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы түсініктері бар.
  • Энергетика саласындағы кәсіби міндеттерді шешуге және кең ой-өрісі бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер саласында базалық білімі бар.
  • Кестелер мен диаграммаларды пайдалана алады. Электр энергиясын бақылау мен есептеудің заманауи әдістері мен құрылғыларын біледі. Энергетикалық жүйелерді дамытудың қазіргі және болашақ бағыттарын, жұмыс істеу принциптерін, әзірленген және пайдаланылатын электр станцияларының техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктерін біледі.
  • Модуль пәндерін зерделеу барысында алынған білімді кеңейтеді және жүйелейді. Схемалардың әртүрлі түрлерін оқу және құру тәжірибесіне ие болады.
  • Электр жүйелерін есептеу әдістерін қолданады. Өнеркәсіптік электротехникалық жабдықтардың электр есептеулерін жүргізеді. Электр жүйелерінің жұмыс режимдерін талдайды, оларды зерттеу әдістерін қолданады.
  • Энергетика саласында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін инновациялық тәсілдерді практикалық қызметке енгізеді. Жаңа технологиялар мен материалдарды жасау немесе игеру кезінде өз бетінше өңдейді және дұрыс шешім қабылдайды.
  • Электр энергетикалық жүйе объектілерінің негізгі және қосалқы жабдықтары объектілерінде өтетін процестердің физикалық мәнін түсіну үшін базалық пәндер білімін пайдаланады. Электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу және реттеу бойынша білім мен дағдыларға ие.
  • Нақты шектеулерді (рентабельділік, қоршаған және әлеуметтік ортаға әсер ету, этика, денсаулық және қауіпсіздік, технологиялық және орнықты даму) ескере отырып, талап етілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жүйені, жүйе компоненнтерін немесе процестерін жобалай алатынын көрсетеді.
  • Энергияны өндіру және тарату жүйелерін жобалау, есептеу және реттеу әдістерін меңгереді, компьютерлік өңдеу әдістерімен инженерлік міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологияларды қолданады. Өлшеу нәтижелерін өңдеу үшін компьютерлік технологияларды пайдалана алады, МЕМСТ пен салалық нормативтердің талаптарын сақтай алады.
  • Заманауи әлеуметтік, саяси проблемаларды және энергетика мен экология салаларындағы проблемаларды біледі және түсінеді.
  • Топтық жұмыстың артықшылықтары мен ықтимал қиындықтарын түсінеді, топта тиімді жұмыс үшін қажетті қасиеттер мен процестердің сипаттарын және инженерлік жобалау процесіндегі топтық жұмыстың рөлін ұғынады.
  • Мансапты жоспарлау мен басқарудың маңыздылығын түсінеді.
Top