6B07211 Мұнай газ ісі в Баишев Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мұнай-газ кен орындарын тиімді игеру жүйесін таңдауға және бағалауға инженерлік шешімдерді қолдана білетін, кен орындарын игеруді бақылау жүргізудің көптеген әдістемелерін қолдана білетін, игеру кезеңіне, кен орнының зерттелу және мұнай және газды өндіру деңгейіне байланысты жобалық құжатты құра білетін, жобалық құжаттарды құруға қажетті нормативті және заңнамалық құжаттарды білетін мамандарды даярлау;
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Баишев Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B271 Мұнай-газ ісі
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
Математика I
Пән сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрия элементтерін, математикалық талдауды енгізуді, бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулердің қолдануын, бір айнымалы функцияның интегралды есептелуі мен оны қолдануын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика I,II
Пән классикалық және заманауи физиканың іргелі заңдарын, сонымен қатар кәсіби мамандығының негізгі жүйесі ретінде физикалық зерттеулер әдістемелерін қолдану дағдыларын үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инженерлік графика
Курс техникалық формалардың бейнелеу заңдылықтарын, күрделі сызбада нүкте мен түзуді белгілеу тәсілдерін, геометриялық элементтердің өзара орналасуын және метрикалық есептерді шешу әдістерін зерттейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математика II
Бұл пән көптеген айнымалы функциялардың дифференциалдық есептерін, теория түрлерін, дифференциалдық теңдеулерді, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мұнай және газ геологиясы
Пәнде шөгінді бассейндердің құрылысы туралы, шөгінді тау жыныстарының шашыраңқы органикалық заты, оның құрамы туралы, Органикалық заттардың мұнай көмірсутегіне түрлендіру процестері туралы түсініктерді зерттейді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнайкәсіпшілік геологиясы
Мұнай және газ кеніштерінің геологиялық қималарын, жер қыртысында көмірсутектердің орналасуының басты геологиялық заңдылықтарын, мұнай мен газ шоғырының түзілуі мен бұзылуын, көмірсутектердің көшуі және олардың әртүрлі шоғырларда жиналуын зерттейді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қолданбалы механика
Механизмдер құрылымының негізгі ережелерін, құрылымдық талдаулар мен механизм негіздерін, механикалық жүйелерді және қатты денелерді, материалдық нүктелердің қозғалыстарын, механизмдерді кинематикалық талдау әдістерін зерттейді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандық негіздері модулі (Мамандыққa кіріспе, Мұнай газ ісі негіздері)
Пәнді оқытудың мақсаты жалпы және құрылымдық геология, мұнай газ геологиясы туралы негізгі түсініктер, негізгі геологиялық құжаттар туралы мәліметтер, мұнай газ қорын есепттеу әдістерін, іздеу барлау жұмыстарынының геологиялық тиімді есептеулерін, сонымен қатар ұңғыларды бұрғылау техникасы мен технологиясын, іздеу барлау жұмыстарының кезеңдерін, мұнай мен газдың шоғырын игеру тәсілдерін, шикізатты дайындау, сақтау, жинау сұлбаларын, мұнай және табиғи газды қайта өңдеу және тасымалдауды зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Теориялық механика
Пән механикалық қозғалыстың негізгі заңдылықтарын және материалдық денелердің механикалық өзара әрекеттесуін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы және мұнай геологиясы
Бұл пән шөгінді тау жыныстарының органикалық заттардың шөгінуінен, шөгінді бассейндердің құрылуын, оның құрамын, органикалық заттардың мұнай көмірсутектерге айналуын зерттейді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Техникалық механика
Пән теориялық механика, материалдар кедергісі, машина бөлшектері пәндері секілді білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес негізгі түсініктерді қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнай және газ химиясы
Пән мұнай мен газдың элементтік, химиялық және фракциялық құрамын, сондай-ақ көмірсутектердің физика-химиялық қасиеттерін, оларды зерттеу және реттеу әдістерін қарайды; шикі мұнайды дайындаудың және көп компонентті жүйелерді бөлудің негізгі технологиялық әдістерімен, сондай-ақ кейбір көмірсутек қосылыстарының басқаларына химиялық түрлендірулерімен танысуды көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Материалдар конструкциясы және қасиеттері
Машиналар бөлшектерінің, құрылыстарының және инженерлік конструкцияларының элементтерін экономикалық тұрақты және жұмыс ұзықтылығына төзімді шарттар қажет болған жағдайда, қаттылыққа, беріктілікке сынау есептеулерінің әдістері қарастырады;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Стандарттау және метрология негіздері
Метрологиялның теориялық негіздері, өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері мен алгоритмдерін, өлшеу аспаптарын қолдану принциптерін және метрологиялық сипаттамаларын қарастырады;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жалпы гидравлика
Сығылатын және сығылмайтын сұйықтықтардың тепе – теңдік қозғалыс заңдылықтарын, жабдықтардың бөлшектері мен элементтерін гидравликалық есептеу әдістерін, динамикалық сұйықтықтың теңесуін, гидромеханикалық модельдеу және үйлесім теориясын зерттейді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Материалдар кедергісі
Пәнді оқытудың мақсаты есептеу сызбаларын құрастыру және нақты объектілерді талдау, ішкі күш факторларын, зерттеу қағидаларын, нақты күйін, бағалау критерилерін, кернеулі жағдайын, материалдардың механикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін қарастырады;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
«Экономикалық-құқықтық, экологиялық білім және ғылыми зерттеу әдістері» модулі (Ғылыми зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері, Экономика және кәсіпкерлік негіздері, Қаржылық сауаттылық, Экология және тіршілік қауіпсіздігі)"
Бұл модуль ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздерін, Қазақстан Республикасының құқық және құқықтық қатынастардың негізгі ұғымдарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерекшеліктерін, экономика, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, экология, тұрақты даму саласындағы теориялық және практикалық негіздерді, қоршаған ортаны қорғау және адамның өмір қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
«Сандық технологиялар» модулі (Бұлтты және мобильді технологиялар, Smart-технологиялар, Электрондық үкімет)
Пән модулі мазмұнында бүкіл аумақтық интернетке кең жолақты қолжетімділік мүмкіндіктері, бұлтты технологиялар, презентациялар жасау үшін жаңа орталар, мобильді қосымшалар, e-gov электрондық үкімет порталының қызметтері, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу және пайдалану, мобильді телекоммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту, "ақылды қала" құру және т. б. қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Стандарттау және техникалық өлшемдер
Металлургия саласында тәжірибені орындау әдістерін, негізгі метрологиялық талаптары мен ережелерін, қателіктерді талдау мен бағалауда және өлшеу нәтижелерін математикалық талдаудың заманауи әдістерін қарастырады;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Стандарттау, сертификаттау және метрология
Бұл пән зертханалық және өнеркәсіптік деңгейдегі зерттеулер жүргізу кезінде техникалық сапасын, сертификаттау сапасын бағалау, өнімді сынау кезінде техникалық және басқару шешімдерін қабылдауда, стандарттау және сертификаттау, метрологияның тәжірибелік прициптері мен әдістерін қолдану дағдылары мен қабілеттерін, білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Материалдарды тану және конструкционды материалдар технологиясы
Машиналардың, конструкциялардың қарапайым элементтерінің жұмысқа қабілетілігін және кернеулі деформациялық күйін, материалдардың кедергі заңдарын есептеу әдістерін, материалдардың сығылу және созылу кезінде механикалық құрамын, сығылу және созылу кезіндегі қаттылыққа сынау есептеулерін зерттейді;
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы
Бұл пән мұнай мен газ ұңғыларын бұрғылау тәсілдерін, бұрғылауға арналған жабдықтар мен құрылғыларын, бұрғылау тәсілдерін пайдалану технологиясы және ұңғылардың құрылғыларын таңдау реттерін, геолого - техникалық құжаттар және оларды пайдалануды бұрғылауда қолданылатын технологиялық есептеулерді қарастырады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әртүрлі геологиялық жағдайда ұңғымаларды бұрғылау
Тау жыныстарын бұзу, ұңғыларды жуу және жуу сұйықтықтарын, бұрғылау процесіндегі қиыншылықтарды, бұрғылау кезіндегі гидравликалық есептеулер негіздерін зерттейді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Термодинамика негіздері
Термодинамиканың І, ІІ заңын, термодинамикалық үрдістерді, арынның термодинамикасын, химиялық үрдістердің нақты жағдайда өздігінен ағу мүмкіндігі мен шекарасын, химиялық және әр түрлі энергия көздері арасындағы байланысты зерттейді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қабат физикасы
Пән Мұнай және газ коллекторлары жыныстарының физикалық қасиеттерін, қабат сұйықтықтарының, газдардың және газ конденсаты қоспаларының қасиеттерін, сұйық және қатты фазалардың молекулалық өзара әрекеттесу ерекшеліктерін, ұңғымалардың кенжарларына қабат бойымен сұйықтықтың қозғалу заңдылықтарын зерттейді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ұңғымаларды бұрғылау және бұрғылау жабдықтары
Ұңғыларды бұрғылаудың техникасы мен технологиясын, бұрғылауда ұңғыманың жұмыс жасауына көмектесетін арнайы және көмекші құрылғыларды, ұңғыларды қабырғаға бекіту әдістерін, кернді алуды, мүмкін болатын апаттар мен қиыншылықтарды және олардың алдын алу мен жою әдістерін, бұрғылау жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыру шараларын қарастырады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сұйық және газ физикасы
Сұйық және газ тәрізді орталардың тепе-теңдігі мен қозғалысын, олардың бір-бірімен және қатты денелермен өзара әрекеттесуін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнай өндіру техникасы және технологиясы
Мұнай және газ ұңғыларын пайдалану тәсілдерін, мұнайгаз кеніштерін игеру техникасы мен технологиясын, қабаттың мұнайбергіштігін арттыру әдістерін, ұңғыларды жөндеу және қызмет көрсетуді, ұңғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнайкәсіпшілік жабдықтары
Мұнай кәсіпшілік жабдықтарының түрін, техникалық сипаттамаларын, оларды пайдалану және қызмет көрсету тәсілдерін, жабдықтарды өлшеміне, түріне, кластарына қарай таңдауды, пайдалану ұңғыларының жабдықтарын МЕСТ стандартқа сай дайындалуын, мұнай газды сақтау үшін арналған дайындау және жинау, тасымалдау пункттерін қарастырады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мұнайкәсіпшілік жабдықтарды жөндеу және монтаждау
Мұнай кәсіпшілік жабдықтарын жөндеу жұмыстарының түрлерін, олардың қолданылуын, монтаждау мен жөндеу жұмыстарының жүргізу ережелерін, техникалық сипаттамалары, өлшемдері, түрлері, қолданылуына байланысты мұнай кәсіпшілік жабдықтарының жіктелуін, өндірістік жағдайдында оларға қызмет көрсетуді қарастырады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мұнай өндіру жабдықтары
Мұнай газ ұңғыларын жөндеуде, тасымалдауда, мұнай және газды дайындау мен жинауда, фонтанды, газлифтілі , терең сорапты ұңғылар үшін қажетті жабдықтарды таңдауды үйретеді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мұнай қабатының физикасы
Қабат сұйықтықтары мен тау жыныстарының физикалық қасиеттерін , тау жыныстарының сүзу-сыйымдылық қасиеттерін, сондай-ақ кеуекті ортадағы мұнай мен газдың қозғалысын, қабаттағы сұйықтықты сүзудің жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнай-газды жинау және дайындау жүйесі
Механикалық қоспаларды тазартуды, мұнай газды дайындау қондырғыларды, резервуарлы парктерді, мұнай өнімдерін дайындау және талдауды қарастырады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Мұнай мен газды өндіру үрдісін реттеу мен бақылау
Мұнай және газдың дебитін өлшеудегі техникалық сипаттамаларын және айырғыштарды пайдалану жүйелерін, ұңғы өнімдерін дайындау қондырғысын, мұнай және газды дайындау мен жинау негіздерін зерттейді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Экономика және мұнай-газ саласында басқару
Бұл пән кәсіпорынды экономикалық талдау теориясының негіздерін, ағымдағы және перспективалық жоспарлау, геологиялық - барлау кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін экономикалық талдау дағдыларын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау
Бұл пән құрлықтағы және теңіздегі ұңғы өнімдерін жинау мен дайындау жүйелерінде кездесетін, су, газ,мұнайды кәсіптік дайындау және жинау жүйелерін зерттейді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік пәні кәсіпорында еңбекті қорғауды ұйымдастыру қағидаларын, оларды іске асырудың негізгі міндеттері мен функцияларын, әдістерін, мониторинг және түрлі әдістерді қолдану арқылы адам өмірі мен денсаулығын сақтауды қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұнай өнеркәсібінде еңбекті қорғау
Бұл пәнде өнеркәсіпте өндірістік зиянды фаторлардың болуын азайту және алдын алу мәселелері, мұнай газ ұңғыларын пайдалану және технологиялық үрдістеріді жүргізу шаралары, қызметкердің қауіпсіздігін қатамасыз ету құралдары және әлеуметтік –экономикалық, гигиеналық, емдеу-профилактикалық шаралары, заңнамалық актілер қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын экономикасының негізгі ұғымдары және кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, ресурстарды есептеу және бағалау, пайдалы қазба кен орындарын жобалау және барлау кезінде күрделі экономикалық процестерді талдау, өндірісті басқару жүйесінің оңтайлы нұсқаларын анықтау мәселелері қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мұнай мен газды өндіру үрдісін автоматтандыру мен басқару
Мұнай газ кәсіп орындарында технологиялық үрдістерді қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін, қашықтықтан басқару мен бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін зерттейді;
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мұнай-газ өндірісі экономикасы
Пән экономиканың жалпы ұғымдарын, әлеуметтік-нарықтық экономикадағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметін, өндірісті ұйымдастыру, еңбек ресурстары және кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін бағалауды оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Технологиялық үрдісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері
Пән инженерлік ғимарат пен үймереттер құрылыстарының мониторингін, сонымен қатар мұнайгаз кен орындарының технологиялық үрдістерін басқару жүйелерінде қашықтықтан басқару мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін зерттейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мұнай және газ кен орындарын игеру
Қабатта флюидтердің сүзілуіне және мұнайды өндіру технологиясына сүйене отырып, мұнай және газ кен орындарын игеру процестерін, мұнай-газ кен орындарын иегрудің тиімді жүйелерін жобалау және оны тәжірибеде сынау, кен орындарды игеру кезінде әр түрлі әдістерді қолдануды зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өндірістік қауіпсіздік
Өндірістегі қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері, жұмыс орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі ережелер мен нормативтік актілер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұнай-газ өндірісі технологиялық үрдістерді автоматтандыру негіздері
Аспаптардың метрологиялық сипаттамаларын, өлшегіш құралдармен өлшеу нәтижелерінің жалпы мәліметтерін, мұнайкәсіпшілік жабдықтары мен ұңғыларына қызмет көрсету жүйелерін, көлік жүйелерін басқару үрдістерін жеңілдетуде қолданылатын мұнайгаз кәсіпорындары мен көліктерін басқару жүйелерін автоматтандыру негіздерін қарастырады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жабдықтарды тотығудан қорғау әдістері
Мұнай газ жабдықтарында коррозиядан қорғау түрлерін анықтау ережелерін, коррозиядан қорғаудың жүргізу әдістерін, жабдықтарды физика- химиялық қорғау, ұңғыны пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары мен қызмет көрсетуді зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ұңғыларды күрделі және күнделікті жөндеу
Ағымдағы және күрделі жөндеуді, көліктік, дайындық, түсіру-көтеру, тазалау және қорытындылаужұмыстарын зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ұңғыларды жерасты жөндеу
Мұнай және газ ұңғымаларында жөндеу жұмыстарын және түсіру-көтеру операцияларын жүргізудің негіздемесін, жер асты жөндеудің әртүрлі түрлерін жүргізу технологиясын, қауіпсіздік шараларын зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қайраң кен орындарын игеру
Пәнді оқытудың мақсаты студенттерге мұнай және газдың шельфтік кен орындарын, теңіз түбінің геологиялық құрылымын игеру ерекшеліктеріне байланысты пайдаланудың техникасы мен технологиясын, теңіздің ластануынан, қоршаған ортаны қорғау, гидрометрологиялық шарттарын, теңіз жағдайында ұңғылардың жұмыс режимін есептеу дағдыларын таныстыру болып табылады;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Геофизикалық зерттеу негіздері
Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, қазіргі заманғы ұңғыларды геофизикалық зерттеу әдістерін қолдану бойынша ұңғымаларды кәдеге жарату әдістерін және зерттеу нәтижелерін практикалық қолдану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнайбергіштікті арттыру әдістерінің технологиясы мен техникасы
Қабаттың мұнай бергіштігін арттырудың тиімді әдістерін қолданысқа енгізуде тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар қабатты зерттеу үшін маңызды шешімдерді анықтауға, мұнай мен газды өндірудің технологиялық параметрлерін есептеуді үйретеді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнай өндіруді қарқындату әдістері
Пәннің мақсаты-студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыру, мұнай мен газ өндіруді қарқындату әдістері саласындағы құзыреттерді дамыту, кешенді зерттеу мұнай кен орындарын игеру және пайдалану мерзімдерін қысқартуға және қабаттардан мұнай алуға бағытталған іс-шаралар. Мұнай өндіруді қарқындату әдістерін жүргізу технологиясымен және әдістер мен кен орындарын зерттеу шарттарына сүйене отырып, әдістерді қолданудағы мүмкін қиындықтар мен асқынулармен танысу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнай-газ жабдықтарын тоттанудан қорғау
Бұл пән коррозияның пайда болуының алғы шарттарын, мұнай мен газды өндіру, өңдеу, тасымалдау кезінде пайда болған коррозиялармен күресудің әдістерін зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жабдықтардың тотығу үрдістері және өту заңдылықтары
Резервуаларды, құбырларды, ұңғы жабдықтарын, коррозиядан қорғау түрлері мен тиімді әдістерін, жабдықтарда коррозияның таралу заңдылықтарын зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнай-газ саласында қоршаған ортаны қорғау
Пәнде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының қоршаған табиғи ортаға теріс әсерін техникалық және экономикалық әдістермен төмендетудің негізгі тәсілдері оқытылады. Қоршаған орта мен өнеркәсіптің өзара іс-қимылы, апаттық жағдайларды болдырмау себептері мен шаралары туралы түсінік қалыптасады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ұңғыманы жөндеу
Ұңғымаларды жер астында жөндеу техникасы мен технологиясын, ұңғымаларды пайдалану кезінде жөндеу жұмыстарының ерекшелігін, ұңғымаларды жер астында жөндеуге дайындауды, ұңғымаларды жөндеу кезінде технологиялық есептерді зерттейді;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қабаттың мұнай бергіштігін арттырудың әдістері
Пәнді оқытудың мақсаты қабаттың мұнай бергіштігін арттыру әдістерін, қабаттың мұнай бергіштігін арттыру әдістерін қолдануды, сынауды, өндіруді қарқындатуды, заманауи мәселелерді қарастырады;
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мұнай газ кен орындары құрылымын компьютерлік моделдеу
Бұл пән Smart - технологиялардың IT инфрақұрылымдарын қолданудың теориялық негіздерін және жалпы принциптерін, геологияның тәжірибелік тапсырмаларын шешуде және ғылыми зерттеулерде 3D – принтингті қолдануды, ұңғымалардың қималарын, геологиялық профильдерін, геоқұрылымдарын, кеніштердің 3D модельдерін құруды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кен орынды модельдеу
Пән геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде, геологиялық құжаттамаларды жобалауда және құрастыруда қолданылатын қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар әдістері мен әдіснамасы оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Пайдалы қазба кен орындары құрылымын моделдеу
Ұңғыма қималарын автоматты түрде корреляциялауды, құрылымдық моделдеуді, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, пайдалы қазбалар кен орындарының үш өлшемді геологиялық модельдерін құру жолдарын үйретеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мобильді технологияларды, смарт технологияларды, жасанды интеллектті, электрондық үкіметті пайдалана отырып, мәліметтер базасымен жұмыс істейді
- физика мен геометрияның типтік және математикалық есептеулерін шешу үшін негізгі әдістемелік қағидаларды пайдаланып, кәсіби тапсырмаларды орындау үшін кен орындарын игерудің технологиялық көрсеткіштерін есептеуді қолданады
- ұңғыларды бұрғылау тәсілдерін, тау жыныстарын зерттеу әдістерін және қабат бойынша сұйықтықтардың қозғалуын бақылауды қолданады
- жаратылыстанудың ғылыми негіздерін, табиғаттың даму заңдылықтарын, табиғатты ұтымды пайдалану және тұрақты даму принциптерін, сондай-ақ төтенше жағдайларда адам мен қоршаған ортаны қорғау әдістері мен құралдарын түсіндіреді.
- ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық әдістерін және олардың нәтижелерін түсіндіруді, ұңғымаларды жер астында жөндеу тәсілдерін, мұнай өнеркәсібінің еңбекті қорғау шараларын қолданады
- ғылыми зерттеулердің әдістері мен кезеңдері, құқық негіздері, экономика және кәсіпкерлік, өмір қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардан қорғау стратегиялары туралы білімін пайдаланады, өзінің қаржылық ресурстарын тиімді басқарады, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді;
- оқу, жалпы ғылыми және кәсіптік қарым-қатынас тақырыптары бойынша қарым-қатынас жасау үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникациялық дағдыларды қолданады; ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және біріктіру жолдарын біледі; академиялық адалдық принциптерін ұстанады;
- мұнай және газ өндіру және жинау кезінде өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, мұнай-газ кәсіпорындарының экономикалық теорияларын талдаумен ұңғымалар мен қабаттарды зерттеудің гидродинамикалық әдістерін қолдана отырып, мұнай-газ кен орындарын игеру процесін бақылайды
- мұнай-газ кен орындарын игеру жүйесін жобалау және технологиялық есептерді жүргізу, алынған нәтижелерді жүйелеу үшін химиялық тәжірибелерді жүргізеді
- игеру көрсеткіштерін бақылау үшін мұнай-газ кен орнының құрылысын компьютерлік үлгілеу әдістері арқылы құрлықтағы және теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру және жобалау тәсілдерін қолданады
- механикалық құбылыстардың сызбасын салады, сұйықтық ағынының гидравликалық кедергілерін анықтайды, стандарттарды тәжірибеде қолданады, геологиялық және геофизикалық мәліметтерді сараптау үшін зерттеудің тәжірибелік әдістемелерін қолданып, есептеу сызбасын құрады.
- мұнай кәсіпшілік жабдықтарын пайдалану және тоттанудан қорғау әдістерін, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, мұнай бергіштікті арттыру тәсілдерін, сондай-ақ кәсіби қызметінде тәжірибелік дағдыларын қолданады.