Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04131 Қаржы в Баишев Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде қаржылық бейіндегі оқу пәндерін оқытуға, кәсіби қызметте жаңа білімді қолдана отырып, қаржы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • компанияның және мемлекеттің қаржы-шаруашылық қызметіндегі қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін анықтауға, қаржыны басқарудың экономикалық әдістерінің тиімділігін бағалауға қабілетті, ҒЗЖ жүргізу кезінде қаржылық жоспарлау және қаржылық бақылау әдіснамасын қолдануға қабілетті
  • фискалдық және монетарлық саясаттың cтратегиясын, тактикасын және иінтіректерін қолдануға және оларды әртүрлі экономикалық міндеттерді шешуде қолдануға қабілетті
  • тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру үдерісін құрастыруға, ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметті табысты жүзеге асыру үшін кәсіби–педагогикалық мәдениет пен басқару психологиясының негіздерін пайдалануға қабілетті
  • кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде осы тілдерді тасымалдаушылармен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін көлемде шет тілінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға қабілетті
  • стратегиялық менеджменттің, тәуекел-менеджменттің заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдану негізінде отандық және халықаралық қаржы институттары мен ұйымдардың қызметіне әсер ететін технологияларды пайдалануға және тәуекелдерді бағалауға қабілетті
  • ғылыми тұжырымдамаларды сыни бағалауға, кәсіби міндеттерді шешу және зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ғылыми, философиялық, логикалық және теориялық-әдіснамалық талдаудың негізгі ережелерін қолдануға қабілетті
  • педагогикалық және кәсіби қызмет, сонымен бірге ғылыми жобаларды орындау үшін заманауи құрылғылық құралдар мен бағдарламалау технологияларын қолдануға қабілетті; зияткерлік қызметті модельдеу міндеттерінің мазмұндық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге қабілетті
  • талқыланатын мәселелерге экономистердің қазіргі көзқарастарын түсіндіруге, әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлерін ескере отырып, оларды шешу тәсілдерін ұсынуға, ғылыми және кәсіби қызметте жаңа білімді қолдануға қабілетті
  • қаржы индустриясы институттарындағы қызметті басқаруға, заңнамалық және нормативтік құжаттар негізінде шетелдік тәжірибе мен тәуекелдерді жинақтауға қабілетті
  • нақты экономикалық жағдайларда шағын және орта бизнестің қаржысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қабілетті, қаржы институттары мен ұйымдардың дамуын басқарады, қазіргі заманғы озық ғылыми жетістіктер негізінде қаржы нарықтарының жай-күйін талдайды
Top