Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07217 Сирек және радиоактивті элементтер технологиясы в Satbayev University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Cирек және радиоактивті металдар мен олардың қосындыларын өндірудегі технологиялық процестерді әзірлеуде, жобалауда және пайдалануда, технологиялық жабдықты әзірлеу мен жобалауда қолданылатын жобаларды басқару және шешімдер қабылдау әдістерінің негіздеріне ие болу
  • Заманауи құралдар мен әдістерді қолдану, эксперименттер мен сынақтарды ұйымдастыру, оларды өңдеу және нәтижелерін талдау
  • Сирек, сирек жер және радиоактивті металдарды өндірудің технологиялық процестерінің параметрлерінің көрсетілгеннен ауытқу себептерін талдау және олардың алдын алу және түзету бойынша негізделген шешімдер қабылдау
  • Азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді, қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау
  • Технологиялық тәртіпті, кәсіпорынның санитарлық-гигиеналық режимін қамтамасыз ету негіздерін, өндірістегі қауіпсіздік ережелерін және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтауды ұйымдастыруды меңгеру
  • Химиялық эксперимент жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу дағдыларын көрсету және кәсіби қызметте заманауи аналитикалық жабдықты пайдалану
  • Технологиялық процесті нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізу және технологиялық процестің негізгі параметрлерін, шикізат пен дайын өнімнің құрамы мен қасиеттерін өлшеу үшін техникалық құралдарды пайдалану
  • Өзара әрекеттестік, түсіністік, басымдылықтарды білу және топ қызметін ұйымдастыру негізінде топта жұмыс істеу
  • Сирек металдар мен уран өндірісін дамытудың негізгі тенденциялары туралы заманауи идеяларды тұжырымдау
  • Математикалық, жаратылыстану және инженерлік білімдерді пайдалана отырып, кәсіби қызметтің типтік есептерін шешу, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылыми-техникалық әдебиеттерді оқу негізінде өз бетінше меңгеру
  • Өзіннің интеллектуалдық және жалпы мәдени деңгейін көтеру және дамыту, шет тілдерін тұлғааралық, іскерлік және мәдениетаралық өзара әрекеттесу құралы ретінде пайдалану
  • Сирек, сирекжер және радиоактивті металдарды өндірудің әртүрлі процестерінің негізгі технологиялық параметрлері мен технологиялық жабдықтарын есептеу және бағалау, оның ішінде қазіргі заманғы есептеуіш технологияларды пайдалана отырып
Top