Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06182 Компьютерлік инженерия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Алгоримдер және бағдарламалау

    Алгоритмдеудің теориялық және практикалық негіздерін, қолданбалы есептерді шешуде қолданылатын алгоритмдерді құру және талдау әдістері туралы дағдылары қалыптасады. Алгоритмдеу негіздерінің, бағдарламалау тілдерін, алгоритмдік тілдер операторларының жіктелуін және мәліметтер типтерін, стандартты модульдерді, бағдарламалау стилін, бағдарламалау сапасының көрсеткіштерін талдаудың білімдері меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискретті математика және математикалық логика

    Қолданбалы есептерді шешуге бағытталған математикалық аппарат ұғымы, оны математикалық әдістер мен модельдердің, тілдердің тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастыру туралы дағдылар қалыптасады. Жиынтық теориясының элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясының элементтері зерттеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы

    Микро және мульти-процессорларды құру және қызмет ету принциптері, олардың дамуының негізгі бағыттары мен үрдістері туралы іргелі және терең білім беру ұғымы қалыптасады. Компьютердің архитектуралық ерекшеліктерінің қолданбалы бағдарламалардың түрлі класстарындағы жұмыс сапасына әсерін зерттеу бойынша, қолданбалы бағдарламалардың аппараттық-архитектуралық оңтайландыру білімдер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Көшбасшылық теориясы

    Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дерекқор жүйелері

    Деректерді моделдеудің классикалық және қазіргі заманғы тәсілдерін, деректерді басқару әдістерін және оларды бағдарламалық өнімдерде жүзеге асырумен байланысты кәсіби құзыреттілігі қалыптасады. Деректер қорын талдауға, модельдеуге, жобалауға және пайдаланатын бағдарламалық модулдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін білімдер меңгеріледі. Деректерді басқарудың нақты проблемасын шешу үшін қажетті арнайы құралдарды өз бетінше зерттеу дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Web бағдарламалау

    Web-бағдарламалау және веб-қосымшаларды әзірлеу негіздерін зерттеу бойынша дағдылар алынады. Интернет қызметтерін жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу негіздері, конфигурациялау және әкімшілендіру, HTML белгілеу тілі, CSS көмегімен веб-беттердің орналасуының негіздері туралы білімдер қалыптасады. JavaScript тілінің негіздері және jQuery, AngularJS фреймворктары, веб-беттерді жобалаудың негізгі үлгілері, серверлік тілдердің негіздері, деректер базасының технологияларын бағдарламалау дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік желілер

    Компьютерлік желілерді жобалау және басқару негіздерін меңгеру, компьютерлік желілерді жобалау және әкімшілендіру, желілердегі қауіпсіздік мәселелерін шеше білу дағдысы алынады. Желілерді конфигурациялауды жүргізе білу, желілер үшін қажетті жабдықтарды таңдауды жүзеге асыру, қауіпсіздіктің оңтайлы саясатын таңдай білуі дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Компьютерлік графика негіздері

    Пән компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын, 2D және 3D кескіндерді құру, өңдеу және визуализациялау әдістерін үйретеді. Студенттер графикалық редакторлармен жұмыс істеуді, векторлық және растрлық графикамен айналысуды, анимация жасау мен жарық, көлеңке, текстура қолдану әдістерін меңгереді. Бұл курс графикалық интерфейстер мен мультимедиалық жобалар жасауға қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Web беттерді жобалау

    Веб-модулдер мен вебке бағытталған ақпараттық жүйелерді жасауда қолданылатын типтік шешімдер, бағдарламалық жасақтама функциялары мен сыныптар кітапханалары туралы дағдылар алынады. Вебке бағытталған бағдарламалық жасақтаманы жобалау және әзірлеу әдістері мен құралдарын қолдану қалыптасады. Веб-интерфейстер мен вебке бағытталған ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу әдістері мен құралдары туралы білімдер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиялар

    Криптографиялық қайта құру принциптерін көрсету, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістері туралы дағдылар алынады. Ақпараттық қауіпсіздіктің құралдарын пайдалану, деңгейін талдау және математикалық және бағдарламалық есептеу жүйелерін дамытуды ескере отырып, қорғау деңгейін арттыру, ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың негіздерін талдау туралы дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Мобильді жүйелер және қосмшалар

    Пән мобильді жүйелердің архитектурасын, жұмыс принциптерін және оларда қосымша құру жолдарын қарастырады. Студенттер Android және iOS платформаларында қолданбаларды құруды, UI/UX дизайнды, деректермен жұмыс істеу және желілік байланыс орнату тәсілдерін үйренеді. Бұл курс арқылы білім алушылар мобильді қосымшаларды толыққанды жобалау, дамыту және тестілеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Бағдарламалау I

    Объектілі-бағытталған бағдарламалау пайда болуының алғышарттары және оның бағдарламалау парадигмаларының эволюциясындағы орны туралы дағдылар қалыптасады. Объектіге бағытталған жобалау және бағдарламалау принциптерін білу, сондай-ақ STL және .net класс кітапханаларын қолдана отырып, C# және Java тілдерінде объектіге бағытталған бағдарламаларды жасай білу дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • CISCO негізінде компьютерлік желілердің қауіпсіздігі

    Жергілікті компьютерлік желілердің күйін анықтау, желілік диагностика және мониторинг үшін қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану туралы дағдылары қалыптасады. Cisco желілік жабдығын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, желілік диагностика бойынша тапсырмаларды шешу, жергілікті желілерді жаңғырту және кеңейту стратегиясын жоспарлау, желіні қорғау жүйесін құру бойынша тәжірибе меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Маршрутизация және коммутация негіздері

    Корпоративтік желінің архитектурасын құру дағдылары меңгеріледі. Желілік құрылғылардың техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша дағдылары қалыптасады. Жергілікті есептеу желілері мен коммуникациялық жабдықтардың аппараттық құралдарына қызмет көрсету барысында мәліметтер игеріледі. Статикалық және динамикалық IP адрестеуді бағыттау, коммутаторда VLAN технологиясын қолдану, желілік адрес трансляциясы жайлы білімдері меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Роботтық жүйелер

    Роботтық жүйелер негіздерін, Arduino кешені негізінде роботтарды құрастыру және Arduino IDE әзірлеу ортасында бағдарламалау меңгеріледі. Arduino Uno тақтасында роботтардың аппараттық құралдарын құрастыру, Arduino IDE даму ортасында бағдарламалау, жұмыс принципі мен роботтық жүйенің ерекшеліктерін ескере отырып, роботтарды басқару бағдарламасын құру дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Желілік, жүйелік әкімшілер және серверлік әкімшілер

    Пәннің мақсаты – ұйымның ақпараттық жүйесін басқару-желілік тораптарды басқару, желілік протоколдар, каталогтар қызметтері, желілік қызметтер, жүйенің файлдық ресурстарын басқару, ресурстарға қол жеткізу құқықтары, баспа құрылғылары, ақпаратты резервтік көшіру және қалпына келтіру жүйелері, желілік құрылғылар мен қызметтердің мониторингін жүзеге асыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Желілерді масштабтау

    Компьютерлік желілердің құрылу мен функционалдануының теориялық негіздерін игеру, компьютерлік желілер түсінігі ретінде жергілікті және глобалды технологиялар дамуының тенденциялары туралы дағдылар алынады. Ұжымдық желілік архитектура құру, Cisco, Juniper, Huawei компанияларын желілік басқару, желілерді әкімшілендіру, желілер қауіпсіздік жүйесінің мониторингі мен өңдеуі туралы білімдер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 8
  • Машиналық оқыту негіздері

    Пән машиналық оқытудың теориялық және практикалық негіздерін қамтиды, соның ішінде жіктеу, кластерлеу, регрессия және нейрондық желілер әдістері қарастырылады. Студенттер Python тілінде бағдарламалап, деректер жиынтықтарымен жұмыс істеп, модельдер құру және оларды бағалау тәсілдерін меңгереді. Курс нақты өмірлік міндеттерді шешуде жасанды интеллект пен деректерді талдауды қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Бағдарламалау II

    Мобильді қосымшаларды әзірлеу контекстінде қолданбаларды жобалау және пайдаланушы интерфейсін әзірлеу, динамикалық және өзгеретін платформаларда теориялық және практикалық оқыту дағдылары қалыптасады. Мобильді бағдарламалауға кіріспе, эмуляция, стандартты Android эмуляторы, балама эмуляторлар, нақты құрылғылардағы жөндеу мүмкіндіктері игеріледі. Мобильді қосымшалар интерфейстерін әзірлеу негіздері, көп терезелі қосымшаларды әзірлеу негіздері, мәліметтер базасымен, графикамен және анимациямен жұмыс жасау бойынша дағдылар алынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Бағдарламалау III

    VR/AR технологияларымен жұмыс істеу, 3D модельдеу бойынша дағдыларды қалыптастыру және оларды жобалармен жұмыс істеуде қолдану дағдылары қалыптасады. Виртуалды, толықтырылған және аралас шындық, негізгі ұғымдар, осы технологиялардың өзектілігі мен перспективалары, сондай-ақ VR/AR құрылғысының жұмыс принциптері туралы білімдер беріледі. Виртуалды шындық костюмдерін, виртуалды шындықты құруды жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуін басқарады және сүйемелдейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бұлттық есептеулер және виртуализация

    Бұлтты есептеулерді ұйымдастырудың негізгі принциптері, жеңіл және контейнерлік виртуализация, деректер орталықтарының құрылғысы мен архитектурасы туралы дағдылар қалыптастырылады. Бұлтты технологияларына негізделген заманауи шешімдерді – бұлттық қызмет құрылымдарын, олардың компоненттері мен өзара әрекеттесу тәсілдерін, бұлтты сақтау платформаларын қолдануды, кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шешуге арналған базалық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және бағдарламалық құралдарын қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

    Жүйелік бағдарламалаудың негізгі концепцияларын оқып үйрену дағдылары қалыптасады. Ядро объектілері, процесс, ағын, басымдықтар, қауіпсіздік атрибуттары, үйінділер, мотекстер, семафорлар, оқиғалар туралы негізгі білімдер игеріледі. Бағдарламалаудың нақты шарттары үшін ең көп сұранысқа ие функциялардың негізгі қасиеттері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 3D модельдеу және анимация

    Құралдар мен объектілерді үш өлшемді модельдеу принциптері мен технологиялары, нысандар арасында үш өлшемді модельдеу, текстуралау және анимациялау дағдылары алынады. Технологияларының анимациясы мен әдістерін түсіну дағдылары қалыптасады. Компьютерлік анимация саласында жалпы білім мен дағдыларды қалыптастыру және 3D графика бойынша заманауи графикалық редакторларда практикалық жұмыс жасау үшін қолданылатын технологиялар мен материалдардың түрлері туралы түсінік қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Инженерлік графика

    Инженерлік жобалау жүйесінде қолданбалы пакеттердің жұмысының теориялық білімін қалыптастыру және примитивтердің көмегімен 2D және 3D модельдерін жобалау, пайдаланушы интерфейстерін дайындау, объектілерді құру, үш өлшемді конструкциялармен жұмыс жасаудағы практикалық қабілеттері мен дағдылары қалыптасады. Пәнді оқу барысында графикалық кескіндер мен сызбаларды құрастыру және салу дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобалық графика

    Blender үш өлшемді графикалық редакторының көмегімен модель құру негіздерін жобалау дағдылары қалыптасады. Пайдаланушы интерфейсі арқылы графикалық кескіндерді өңдеуге арналған бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін көрсету, еркін таратылатын бағдарлама болып табылатын Blender 3D графикалық редакторының жұмыс принциптерін игеру, үш өлшемді кескін жасаудың шексіз мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру дағдылары алынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Үлкен деректер және бұлттық технологиялар

    Үлкен деректер және бұлттық технологиялардың логикасында үлкен деректерді жинау, сақтау және өңдеу үшін заманауи таратылған есептеу инфрақұрылымының ғылыми-технологиялық базасын құру туралы дағдылар қалыптасады. Бұлттық инфрақұрылымды пайдалана отырып, веб-қызметтер мен бұлттық жүйелер зерттеледі. Өте үлкен массивтерден алынған білімді формализациялау, құрылымдау, біріктіру, түсіндіру және игеру әдістерін дамыту туралы түсініктер алынады. Бұлтты есептеу, веб-технологиялар және веб-қызметтер саласындағы негізгі стандарттар бойынша дағдылар алынады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Модельдеу және анимациялау

    Графикалық объектілердің түрлендірулерін бағдарламалалау, шынайы бейнені құрастыру қабілеттері қалыптасады. Графикалық пакеттерді қолдана отырып, растрлық және векторлық бейнелерді өңдеу, векторлық және битмапты графиканы құру үшін бейне құралдары мен көркем әсерлерін қолдану бойынша дағдылары талданады. Бейне реңін түзету, кескінді ретке келтіру және кескінді түзету құралдары, сплайнды модельдеу, полигоналды модельдеу, анимация және визуализация, нысан динамикасы туралы білімдер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 3D Модельдеу технологиясы

    Үш өлшемді сызбаларды құрастыру туралы білімдерін қалыптастыру, сплайндардың, логикалық операциялардың, модификаторлардың және полигональды модельдеуді жобалау әдісінің көмегімен, үш өлшемді денелерді тұрғызу амалдарын меңгеру дағдылары қалыптасады. AutoCAD және 3DS Max бағдарламаларында базалық примитивтерді пайдаланып объектілерді құру, сплайндық және графикалық құралдардың полигональдік модельдеу әдістерін қолдану арқылы үш өлшемді денелерді тұрғызу туралы білімдері меңгеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ақпараттық есептеу жүйесін әкімшілендіру

    Бизнес мақсаттары мен стратегиясына сәйкес ақпараттық есептеу жүйелерінің және құралдардың инфрақұрылымын дамытудың тиімді стратегиясы туралы дағдылар қалыптасады. АЕЖ инфрақұрылымының ықтимал проблемалық аймақтарын және олардың болу себептерін анықтау, анықталған проблемалық аймақтарды және АЕЖ инфрақұрылымының техникалық тәуекелдерін жою жолдары мен тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу және басқару бойынша білімдер меңгеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • IT жобаларды басқару

    IT-жобаларды басқаруды жан-жақты шолу, оны талдау, жоспарлау, жобалау және бағалау туралы дағдылар қалыптасады. Жүйелік талдаушылардың, бағдарламашылардың және басқа мамандардың жұмыстарын үйлестірудің дағдылары алынады. IT жобаларды стратегиялық бағалау және басқару, бағдарламалық қамтамасыз ету, жобаларға басшылықты жүзеге асыру меңгеріледі

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Компьютерлік жүйелерді әкімшілендіру

    Компьютерлік жүйелік әкімшілендірудің негізгі түсініктері мен компоненттерін, Windows, Linux басқару құралдарының ерекшеліктері негізіндегі жұмыс станциялары мен желілерді басқару жүйелерін, әкімшілік мәселелерді шешу тәжірибесін қолдану туралы дағдылары қалыптасады. Цифрлық білім беру ортасының желілік инфрақұрылымын жобалау, құру және сүйемелдеу бойынша білімдер беріледі. Деректерді басқаруды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің білімдері игеріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті, қажетті икемді дағдыларды қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Жобаның тақырыбы мен міндеттеріне сәйкес графикалық, техникалық құралдар мен веб-интерфейстерді жобалайды
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету архитектурасын талдай отырып, веб-модульдерді дайындауға арналған бағдарламалық құралдарды әзірлейді, сондай-ақ мобильді жүйелер мен қосымшаларды жобалап, оларды әртүрлі платформаларда іске асыру дағдыларын меңгереді.
  • Аспаптық және қолданбалы бағдарламалық құралдардың жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуін басқарады, сондай-ақ машиналық оқытудың негізгі әдістерін меңгереді.
  • Жергілікті есептеу желілері мен коммуникациялық жабдықтардың есептеу және аппараттық құралдарына қызмет көрсетеді
  • Ақпараттық жүйелерді бағдарламалық, аппараттық, ақпараттық, математикалық, графикалық қамтамасыз етуді әзірлейді
  • Деректерді талдауды қорғау үшін стратегиялық бағалау модельдерін жобалайды
  • Бұлтты шешім құралдарын қолдана отырып, қауіпсіз деректер арнасының желілік жабдықтарын орнатады
  • Бұлтты инфрақұрылымның, роботтық жүйенің конфигурацияларын басқарады.
Top