7M04150 Білім беру саласындағы менеджмент 1 в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру саласында басқарудың заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген, жоғары деңгейлі қолданбалы білімдерге, ұйымдастырушылық, талдаушылық, көшбасшылық қабілеттерге ие менеджерлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Менеджмент
Менеджмент курсы басқарудың мазмұнын, басқару туралы білімдер кешенін, әртүрлі басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау мен жобалауға байланысты негізгі басқару дағдыларын меңгертуге бағытталған. Бұл пән менеджмент саласындағы басқа пәндерді жақсы түсіну үшін қолдануға болатын басқару қызметі туралы теориялық және тұжырымдамалық идеялардың жалпы жүйесін құрайды. Осы курсты меңгеру арқылы білімгерлер белгісіз және өзгермелі сыртқы ортада тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін басқару дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Білім беру ұйымдарының менеджменті
Білім беру ұйымдарының менеджменті курсында менеджмент ғылымының теориялық және практикалық негіздері, менеджменттегі байланыстырушы үдерістер, менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау функцияларын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы туралы қарастырылады. Пәнді оқу барысында білімгерлер ұйымның даму принциптері мен жұмыс істеу заңдылықтарын, олардың сыртқы және ішкі орта факторларын талдау әдістерін үйренеді. Сондай-ақ ұйымдағы коммуникациялар мен оларды басқарудың негізгі бағыттарын, тиімді шешу жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Білім берудегі сапа менеджменті жүйесі
Пән білімгерлерді білім берудегі сапа менеджментіне қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктер, білім беру ұйымдарында жиынтық сапа менеджменті (TQM) жүйесін енгізу жолдарын қарастырады. Пәнді оқу барысында білімгерлер TQM жүйесінің ерекшеліктері мен принциптерін, ISO 9001:2015 халықаралық сапа жүйесінің стандарттарына сәйкес сертификаттау процедураларын үйренеді. Білім беру үрдісінің сапасын тиімді іске асыру жолдарын үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі экономика және қаржы
Пән білім беру саласында экономикалық ресурстар мен қаржы ағындарын басқару құзыреттілігін қалыптастыруды, қаржыландыру үлгілерін талдау мен бағалау тәжірибесін меңгеруді қарастырады. Сонымен қатар білім беру саласында экономикалық қатынастар мен еңбекақыны реттейтін құқықтық актілерді тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Курс білім беруді қаржыландырудың заманауи жүйесін, енгізілген өзгерістердің экономикалық орындылығын талдау дағдыларын игеруге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Білім берудегі көшбасшылық
Пән білімгерлерді ұйымдағы адамның тиімді көшбасшылық қасиеттерінің теориялық және практикалық негіздерін зерттеуге үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер басқарудың жаңаша бағыттарына, типтеріне, тиімді басшы ретінде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін басқару дағдыларын жинақтауға мүкіндік береді. Оларды болашақ кәсіби қызметінде табысты қолдану дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ, топтық көшбасшылықтың міндеттері мен көшбасшылық стильдерін, сауатты басқарушылық шешімдер қабылдау психологиясын тануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Пән аясында білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді жобалау және оны жүргізуде, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастыру және ғылым саласындағы ізденістерді диагностикалау, талдау және жинақтау кезінде кешенді мониторингті дәлдікпен дербес жүзеге асыру жолдары көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер әдіснамасымен: SPSS, Nvivo , Content-analysis, Statistica, Stadia, Sas, Statgraphics сияқты мәліметтерді өңдеу бағдарламалық өнімдерді қолдану қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Пән білімгерлерді білім беру қызметтерінің маркетингінде қолданылатын негізгі ұғымдар мен принциптерді, олардың микро және макро ортасын, нарықты сегменттеу әдістерін, жарнама, баға саясаты, жылжыту және тарату арналарын қарастырады. Пәнді оқу барысында білімгерлер тұтынушыға бағдарланған білім беру ұйымдарының маркетингтік стратегиясын әзірлеу жолдары мен маркетингтік ақпаратты алу, оны талдау процестерін үйренеді. Сондай-ақ маркетингтік зерттеу құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Академиялық ғылыми жазба
Пән магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгертеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру ұйымдарында адам ресурстарын басқару
Пән білімгерлерді білім беру ұйымдарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қызметкерлерді еңбекке ынталандырудың басқару жүйесін, оларды іріктеудің, бейімдеудің және бағалаудың заманауи әдістеріне үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер ұйымдық ортадағы қызметкердің орнын, адам ресурстарын басқарудың негізгі принциптерін, ұйымдастырушылық және басқарушылық жағдайларды талдау дағдыларын қалыптастырады. Адами ресурстарды оңтайландыруға байланысты проблемаларды шешу әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Білім беру ұйымдарында жобалық менеджмент
Білім беру ұйымдарында жобалық менеджмент курсы білім беру саласындағы жобаларды басқарудың құралдары мен тәсілдерін, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес үздік тәжірибелер мен әдістерді үйретуге бағытталған. Курсты оқу барысында білімгерлер білім беру саласындағы жобаларды басқару әдістерін, жоспарлау мен бақылау жүргізу жолдарын, стратегиялар мен өзара іс-қимыл техникасын сондай-ақ жобаларды басқару жолдарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолдану
- Кәсіби салада көшбасшылық қасиеттерді, басқару дағдыларын қолдана отырып, білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындау
- білім беру ұйымдарында басқарудың негізгі функциялары мен міндеттерін, көшбасшылық қабілеттерін топтық жұмыста тиімді ұйымдастыра отырып басқарудың заманауи әдістерін жүзеге асыру
- қажетті экономикалық ойлау мәдениетін қалыптастыра отырып, білім беру ұйымдарында қаржыландырудың аналитикалық негіздемелерін жасау
- ұйым қызметкерлерін оқыту, олардың еңбегін ынталандыруда персоналдарды дамыту мен бағалаудың заманауи технологияларын қолдану
- сапа менеджментінің негізгі түсініктерін қарастыра отырып, білім беру ұйымдарына жиынтық сапа менеджменті жүйесін (TQM) енгізу
- тұтынушылармен қарым-қатынас негізінде олардың талап-тілектері мен қажеттіліктерін талдай отырып, тұтынушыға бағдарланған білім беру қызметтерінің маркетингтік стратегияларын жасау
- күрделі өзгерістерді басқаруға шығармашылық көзқарастарын қалыптастыра отырып, білім беру ұйымдарына жобалық басқару әдістерін енгізу