Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04160 Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент 1 в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Пән басқарушылық қызметтің психологиялық теорияларының іргелі түсініктерін, әлемдегі басқарудың тиімді стратегиялары мен теорияларын зерттейді. Пәнді меңгеру барысында магистрант ұйымдастырушылық мінез-құлықтың психологиялық теорияларын синтездей білу, командада тиімді өзара іс-қимыл жасай білу, команда құру және басқару психологиясының ережелерін ескере отырып, оның жұмысын ұйымдастыру дағдыларын игереді. Көшбасшылық қасиеттерді көрсете білуді және шиеленістік ситуацияларды басқарудың психологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пән магистранттың мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға және ауызша және жазбаша шет тілін меңгеруін жетілдіруге бағытталған. Пәнді игеру барысында магистрант өз идеяларын, мақалаларды, есептерді, тағы басқа ғылыми еңбектерді рәсімдеу кезінде жазбаша, ғылыми қоғамдастыққа хабарлау кезінде ауызша түрде шет тілінде жеткізуге машықтанады. Шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерін түпнұсқа дереккөздерден оқу және шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында стратегиялық жоспарлау және басқару

    Курс шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарының күшті және әлсіз жақтарын анықтай отырып стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін медициналық қызметтер нарығына тез бағдарлана отырып стратегиялық ойлау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушыға ұзақ мерзімді даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру үшін стратегиялық басқару және жоспарлау технологиясын қолдану мүмкіндігі мен қажеттілігін бағалаудың әртүрлі әдістерімен таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында адам ресурстарын басқару

    Курста денсаулық сақтау ұйымдарында адам ресурстарын басқаруды тиімді жүргізуде қазіргі заманғы әртүрлі HR-технологияларды меңгеру арқылы білімгерлердің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен ұйымның тиімді менеджментін жүргізу, қызметін жоспарлау қарастырылады. Денсаулық сақтау ұйымдарында адам ресурстарын басқаруды дамытудың базалық білім жүйесі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру жүргізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының менеджменті

    Курс аясында медициналық қызметтердің өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, талдау кезінде тиімді шешімдерді анықтау жолдары қарастырылады. Осы тұрғыда курс денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерге дәстүрлі рөлдер шеңберінен шығуға мүмкіндік беріп, олардың әлсіз жақтары мен кемшіліктерін жақсартуға бағытталған барлық іс-әрекеттерді көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Курс менеджменттің негізгі функцияларын денсаулық сақтау ұйымдарында қолдану арқылы басқару қызметін жүзеге асыру, басқару жүйелерін талдау мен жобалауға байланысты негізгі басқару дағдыларын меңгертуге бағытталған. Осы курсты меңгеру арқылы білімгерлер белгісіз және өзгермелі сыртқы ортада тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін басқару дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бизнесті талдау және бағалау

    Курс барысында денсаулық сақтау саласында бизнесті ұйымдастыру, оның тиімділігін талдау және бағалау әдіснамасын қолдану арқылы бизнесті басқару шешімдерін негіздеу, таңдалған шешімді жүзеге асыру арқылы ұйымдағы өзгерістерді жүзеге асыруға жолдары қарстырылады. Бизнесті бағалау үдерісінде кәсіпорынды басқарудың мүмкіндіктері мен кәсіпорынды басқаруда қайсысы тиімді екенін, нарықтық құны бойынша қаншалықты жоғары екенін анықтау әдістері мен тәсілдері танстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Зерттеулердің қолданбалы әдістері

    Пән аясында денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді жобалау және оны жүргізуде, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастыру және ғылым саласындағы ізденістерді диагностикалау, талдау және жинақтау кезінде кешенді мониторингті дәлдікпен дербес жүзеге асыру жолдары көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер әдіснамасымен: SPSS, Nvivo , Content-analysis, Statistica, Stadia, Sas, Statgraphics сияқты мәліметтерді өңдеу бағдарламалық өнімдерді қолдану қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында жобалық менеджмент

    Курс денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді жобаларды қаржыландыруда жобалық басқару құралдары мен тәсілдерін үйретуге, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес үздік тәжірибелер мен әдістерді оқытуға бағытталған. Білім алушыларға денсаулық сақтау саласындағы жобаларды басқару техникасын: жоспарлау және бақылау жүргізу, өзгерістер мен сапаны басқаруды, стратегиялар және өзара іс-қимыл техникасы таныстырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық ғылыми жазба

    Пән магистранттарға жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгертеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық менеджмент

    Курс барысында қаржылық есептілік пен талдау әдістерін қолдана отырып тиімді жобаларды қаржыландыру, қаржылық жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, үйлестіру және бақылау функциялары және оларға қатысты теориялар, модельдер мен әдістерді жүйелі және саналы түрде іске асыру жолдары көрсетіледі. Білім алушыға денсаулық сақтау ұйымдарының мақсаттарына экономикалық, тиімді және нәтижелі қол жеткізуге бағытталған барлық іс-шаралар қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Медициналық ұйымдардың маркетингі

    Пән аясында стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін медициналық ұйымдардың маркетинг стратегиясын әзірлеу, яғни микро және макро ортасы, нарықты сегменттеу әдістері, баға саясаты, тарату арналары, медициналық қызметтердің ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, тұтынушыға бағдарланған денсаулық сақтау ұйымдарының маркетингтік кешенін дайындау мен маркетингтік ақпаратты алу және оны талдау процесі зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолдану
  • коммуникацияның заманауи құралдары мен дағдыларын, басқару психологиясының әдіснамасын болашақ кәсіби іс-әрекетте қолдану
  • халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындау
  • денсаулық сақтау ұйымдарының күшті және әлсіз жақтарын анықтай отырып медициналық қызметтердің өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, талдау кезінде тиімді шешімдер қабылдап менеджменттің негізгі функцияларын іске асыру
  • стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде қаржылық есептілік пен талдау әдістерін, тиімді жобаларды қаржыландыруда жобалық басқару құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып медициналық ұйымдардың маркетингтік және даму стратегиясын әзірлеу
  • бизнестің тиімділігін талдау және бағалау әдіснамасын пайдаланып, сондай-ақ адам ресурстарын басқаруды тиімді жүргізуде қазіргі заманғы әртүрлі HR-технологияларды қолдана отырып денсаулық сақтау саласында бизнесті ұйымдастыруды жүзеге асыру
  • ғылым саласындағы ізденістерді диагностикалау, талдау және жинақтау кезінде кешенді мониторингті дәлдікпен жүзеге асыру арқылы алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып ғылыми зерттеулерді жобалауды жүргізу
Top