Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02333 Шетел филологиясы (түрік тілі) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі ІІI (Морфология)

    Пән түрік тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстырады; морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, реферат, баяндама жазу барысында қолдануды үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде студент сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар; сөздің құрамы және морфемалардың түрлері; сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері мен түрлерін меңгереді, морфологиялық талдау жасай алады және сөйлеу бөліктерімен жұмыс жасау дағдыларын дамытады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пән тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты, тілдік бірліктер туралы, тіл білімінің салалары туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу нәтижесінде тілдің табиғаты, мәні, коммуникативтік, танымдық қызметтері мен құрылымы, пайда болуы мен дамуы туралы білімді түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі ( А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Осман тілі І

    Пән осман тілінің тарихи қалыптасу кезеңдері туралы мәлімет береді, араб әліпбиімен таныстырады, түрік, араб және парсы тілдеріндегі жазу түрлері мен қолжазбалар туралы білімдерін қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы, араб графикасына негізделген осман әліпбиіндегі әріптердің ерекшеліктерін таниды, осман-түрік тілінде қолданылатын араб және парсы элементтерін меңгереді, сонымен қатар баспа және қолжазба мәтіндері бойынша практикалық жұмыс жасай алады және оқыған мәтіндерін түсіне алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті І

    Пән исламға дейінгі және ислам дәуіріндегі түрік әдебиеті және сол кезеңнің шығармалары, тарихы мен әдісі туралы мәлімет береді. Пән XІІ-XV ғғ. түрік әдебиетіндегі өлең түрлеріне, өлең шумақтары мен қатарларының орналасу тәртібіне, өлеңдердің аруз қалыптарымен жазылу ерекшеліктерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер Анадолы аймағындағы ақындардың шығармаларын талдап, әдеби дәстүрдің қалыптасу үдерісіне әсер ететін факторларды түсіндіре алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Осман тілі ІI

    Пән араб жазу түрлері мен қолжазбалары және осман-түрік тілінде қолданылатын араб және парсы тілінің грамматикалық ережелері туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы осман-түрік тілінің негізгі ережелерін біледі, араб графикасының осман-түрік тілінде жаза алады және мәтіндерін оқи алады, дереккөздермен жұмыс істеу дағдысына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік халық әдебиеті І

    Пән фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары, фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары, фольклор және ұлт тарихы сияқты теориялық және практикалық мәселелерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік халық ауыз әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады және халық әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті І

    Пән Анадолы Танзимат дәуіріндегі поэзия, проза және драма жанрларының дамуы, танзимат кезеңі мен диван әдебиетінің айырмашылығы және осы кезеңдегі әдеби жанрлардың жаңаша жазылуы туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер Танзимат дәуіріндегі түркі әдебиетінің ақын-жазушыларының өмірі және шығармашылығымен танысады, әдеби шығармалардың жазу стильдері мен ерекшеліктерін талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

    Пән мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік базасы, құжаттың түсінігі мен функциялары, мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік халық әдебиеті ІІ

    Пән түрік халық әдебиетіндегі авторы белгісіз поэзиялық ескерткіштер (дастан, эпос, өлең түрлері, жоқтау, бесік жырлары) және текке өлеңі туралы мәлімет береді. ХV-ХХ ғасырлардағы түрік саз өлеңдері (Көроғлу, Каражаоғлан, Ержисли Эмрах, Гевхери, Кайыкчы Кул, т.б.) туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, ауыз әдебиетіндегі таңдалған шығармаларды мазмұны, тілі, құрылымы жағынан талдай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түркі дүниесіндегі әдеби ағымдар

    Пән түркі әлеміндегі әдеби шығармалардың негізін қалайтын философиялық пікірлерді хронологиялық тұрғыдан сипаттайды, Қарахан кезеңінен бұрынғы және кейінгі түркі әдебиетінің қайнар көздері жайлы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ежелгі дәуірден ХХ ғасырға дейінгі түркі халықтарының интеллектуалды күш-жігері мен ағартушы өкілдерінің пікірлерін, сонымен қатар ХХ ғасырға дейінгі жалпы түрік әлеміндегі пікір қозғалыстарын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Түрік халық әдебиеті ІІІ

    Пән түрік халқының аңыз әңгімелері мен әзіл оспақ әңгімелерінің ерекшеліктерін, халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған ертегілер мен халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмірлік тәжірибесі, оның мәдениетімен салты, әдеті мен ғұрыпын бейнелейтін әңгімелердің ерекшеліктерін түсіндіреді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің стилистикасы

    Пән түрік тілінің стилистикалық ресурстары туралы мәлімет береді, функционалдық стильдерді және олардың жиынтығында және жүйесінде сөйлеудің коммуникативтік қасиеттерін зерттейді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер стилистикалық ерекшеліктер мен семантико-прагматикалық бағыттағы тілдік мінез-құлық тактикасын қалыптастыра алады және түрік тілінің стилистикалық нормаларымен ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау процесінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ескі Анадолы Түрікшесі

    Пән ХІІІ-ХV ғасырлар арасында шығарма жазған ақын жазушылардың еңбегінен алынған мәтіндердің көмегімен ескі Анатолья кезеңі тілінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ескі Анатолья кезеңінің тілі мен қазіргі түрік тілінің арасындағы тілдік ерекшеліктер жағынан салыстырмалы әдістер арқылы жұмыс жүргізу арқылы ерекшеліктерін айқындайды. Осы пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ескі Анатолья дәуірінің атақты жазушыларының шығармаларын оқып талдау жасай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІІ

    Пән XV-XVI ғасыр Орта Азия түрік әдебиетінің өркендеуі және сол кезеңде жазылған шығармалар туралы жан-жақты мәлімет береді және жалпы эстетикалық құндылықтар тұрғысынан әдебиеттің классикалық әдебиетке айналуын түсіндіреді. Түрік әдебиетінің сол дәуірдегі көрнекті өкілдерінің шығармаларымен таныстырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы XVI ғасырдағы диуан әдебиетінің прозалық көркем мәтіндерін оқи алады, түсіндіреді және поэзия үлгілерін талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көне Ұйғыр түрікшесі

    Пән білімгерлерде көне ұйғыр тілінің даму тарихы туралы түсінік қалыптастырады, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің табылуы мен олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып түсіндіреді, көне ұйғыр тіліндегі жазбаларды оқу дағдысын қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне ұйғыр тілінің ежелгі тарихы мен грамматикалық ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ортағасырлық түркі тілі I (қарахан-харезм-қыпшақ тілдері)

    Пән білімгерлерде Қараханид дәуіріндегі түркі жазба мәдениетінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырады. Қараханид мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі және қыпшақ тілі туралы мәлімет береді, Қараханид дәуірінде жазылған жазбаларды оқып, талдау жасауды үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Қараханид кезеңіндегі түркі жазба мәдениетінің жетістіктерін және жазбалардың ерекшеліктерін меңгереді. Сондай-ақ, сол дәуірде жазылған мәтіндерді оқып, түсіну дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көне түркі тілі (Көктүрік- көне ұйғыр)

    Пән көне түркі тілінің даму тарихы туралы түсінік береді, түркі жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы мен жариялануы және олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып қарастыру әдістерімен таныстырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры туралы білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем әдебиеті

    Пән әлемдік әдебиеттің тарихи-әдеби дәуірлері, шешендік өнер тарихи және философиялық проза талаптарына сай келетін құндылықтары, әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына байланысты мәліметтер береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер оқылған шығармалардағы негізгі түйінді тауып, олардың көркемдік мәнін біледі, оқиға, кейіпкерлер жөнінде ауызша ой қорыта алады, өз ойын жеткізе алады, пікірін қорғай алады, көркем, мәдениетті сөйлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті ІІ

    Пән ХХ ғасырдың басы түрік әдебиетінің өлеңдері мен романдарының зерттелуін түсіндіреді, саяси ұстанымдар мен қоғамдық ағымдардың түрік әдебиетіне көрсеткен әсерін анықтайды, 2-Мештутиет кезеңіндегі түрік әдебиетінде қозғалған басты тақырыптар жайлы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер саяси кезеңнің түрік әдебиетіне әсерін ұғынып, түрікшілік ағымының негізінде жазылған әдеби шығармаларды тақырыптық ерекшеліктеріне қарай саралауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті ІІІ

    Пән ХХ ғасырдың басы түрік әдебиетінің өлеңдері мен романдарының зерттелуін түсіндіреді, саяси ұстанымдар мен қоғамдық ағымдардың түрік әдебиетіне көрсеткен әсерін анықтайды, 2-Мештутиет кезеңіндегі түрік әдебиетінде қозғалған басты тақырыптар жайлы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер саяси кезеңнің түрік әдебиетіне әсерін ұғынып, түрікшілік ағымының негізінде жазылған әдеби шығармаларды тақырыптық ерекшеліктеріне қарай саралауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлық түркі тілі ІІ (шағатай тілі)

    Пән білімгерлерге шағатай тілінің әліпбиі және олардың дыбыстық артикуляциялық ерекшеліктері туралы мәлімет береді. Шағатай ұлысының тарихы мен мәдениетін, шағатай жазба тілінің грамматикасын, ерекшеліктерімен ескерткіштерді транскрипциялау әдістерін үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер шағатай әліпбиін, транскрипция жасау әдісін, қолжазбалармен жұмыс істеу арқылы ішкі мазмұнын талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІІI

    Пән XVII ғасырда пайда болған стильдік айырмашылықтарды паналатқан ағымдар (классикалық, себк-и хинди, махаллий, хикеми) негізінде қалыптасқан жалпы эстетикалық құндылықтармен таныстырады. Анадолы аясындағы түрік әдебиетінің әдеби шығармаларын түрлеріне қарай бағалап, жіктейді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Диуан әдебиеті және оның жалпы ерекшеліктері, ХҮІІ ғасыр ақындары мен олардың шығармалары және поэзия үлгілерін талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілінің тарихы

    Пән түркі тілінің шығу тегі, тіл туысқандығы және осы мәселелерге қатысты айтылған пікірлер, Орал-алтай тілдерінің теориясы, түркі тілінің кезеңдері, тарихи түркі тілінің жазба және ауызекі әдеби тілдері және олардың шығармалары туралы мәлімет беріледі. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер түркі тілінің ежелгі тарихы мен грамматикалық ерекшеліктерін меңгереді, түрік тілінің даму тарихы туралы білімін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түрік фольклоры

    Пән түрік фольклорының сан қырлы табиғаты, қалыптасу, даму, таралу және сақталу ерекшеліктері туралы мәлімет бере отырып, фольклорлық шығармалардың мазмұны мен жанрлық ерекшеліктерін талдау жолдарын үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік фольклорының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне қатысты классификацияларды меңгеріп, фольклорлық шығармаларды мазмұны мен жанрлық ерекшеліктеріне қарай талдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік халық әдебиеті ІV

    Пән фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары сияқты теориялық және практикалық мәселелерді қарастырады. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік жыр әдебиеті саласында берілген мәліметтерді құрастыру, талдау, сынау және түсіндіру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті IV

    Пән Түркия Республикасының құрылған жылдары енді ғана қалыптасып дамып келе жатқан түрік әдебиетінің поэзия және проза жанрларының ерекшеліктерін түсіндіреді, Постмодернизм ағымының түрік әдебиетіне көрсеткен әсері туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер постмодернизм ағымының түрік әдебиетіндегі көрінісіп сипаттап, түрік әдебиетінің классиктері болып саналатын ұлы тұлғалардың шығармаларына заманауи әдіспен кешенді талдау жасауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық аударматану

    Пән тіл біліміндегі лексикология, лексикография, семасиология салалары арқылы мәтін талдауды, мәтіннің грамматикалық-синтаксистік құрылымын анықтауды, сөз біріктіру амалдарын, қосымшалардың қызметін, көркем мәтін авторының және аудармашының сөз қолданасын айқындауды басты нысанаға алады. Пәнді оқу нәтижесінде студент лингвистикалық тұрғыдан мәтін талдайды, көркем мәтін авторының сөз қолданысын айқындап практикада қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Осман тіліндегі мәтіндер

    Пән Кіші Азия Осман түріктерінің жазуы, араб-парсы жазуы және оның көне осман тіліндегі түрлендіруі туралы, XIII-XV және XVI-XIX ғасырлардағы жазудың айырмашылығы туралы, араб негізіндегі осман және көне осман жазуының графикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер береді. Пәнді оқу нәтижесінде студент оқытылатын тілдің даму тарихы мен қазіргі кезеңдегі жүйелі білім негізінде мәтінді/дискурсты лингвистикалық талдау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Пән тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты, тілдік бірліктер және тілдік классификациясы, тілдің табиғаты, мәні, коммуникативтік, танымдық қызметтері мен құрылымы, оның семиологиялық сипаты, пайда болуы мен дамуы туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде студент тілдің генеологиялық және типологиялық ерекшеліктері, түрлері, тілдік бірліктерді талдай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аударма теориясы

    Білім алушылар аударманың лингвистикалық теориясының негізгі категорияларымен, аударманың негізгі стратегиялары мен принциптері жайлы білімін жетілдіреді. Курс білім алушылардың аудармаларды салыстырмалы талдау дағдыларын дамытуға, электронды сөздіктермен, автоматтандырылған аударма жүйелерімен және машиналық аудармалармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көне түркі тілі

    Пән білімгерлерге түркі тілдес халықтардың көне жазба ескерткіштері туралы мәлімет беру, зерттелетін түркі тілдерінің тарихын тереңірек түсіну арқылы тілдік құзыреттіліктерін кеңейтеді. Пән түркі тілдес халықтар қолданатын әр түрлі руникалық жазулармен таныстыруға, Руникалық жазба ескерткіштерімен жұмыс жасаудың теориялық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне түркі ескерткіштері тілінің грамматикасын үйренеді, руникалық графиканы зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік әдебиетін оқытудың әдістері

    Пән әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері, тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады. Әдебиетті оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту және қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілін оқытудың әдістері

    Пән түрік тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық-теориялық негіздері туралы мағлұмат береді. Түрік тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары, әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік береді, тілді оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологияларды пайдалануда дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілінің лексикологиясы

    Пән білім алушылардың шет тілінің (түрік) лексика-семантикалық жүйесі, оның негізгі мәселелері туралы білімдерін қалыптастыру, олардың тіл білімі жайында ой-өрісін кеңейтеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы тілдік құбылыстарға бақылау жасап, талдайды; белгілі бір лексикалық құбылысқа жасалған талдау негізінде дербес қорытынды жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІV

    Пән XVIII және XIX ғасырларда түрік әдебиетінің әдеби дәстүрінде қалыптасатын жаңа әдеби тұжырымдамалар мен диуан әдебиетінің соңғы кезеңі туралы мәлімет береді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ежелгі дәуір түрік әдебиетін сипаттап, әдеби шығармаларға заманауи әдіспен кешенді талдау жасауды меңгереді, сол ғасырдағы диуан әдебиеті мен ақындарын танып біледі, олардың шығармаларын талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түрік тілдері (Өзбек-Ұйғыр)

    Пән түркі тілдерінің ішіндегі қарлұқ тобына жататын өзбек және ұйғыр тілдерін негізге алып, сол тілдердің грамматикалық және құрылымдық ерекшеліктерін үйретеді, мәтіндер көмегімен қазіргі түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін көрсетеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, өзбек және ұйғыр тілдерін салыстырмалы түрде талдайды, бұл тілдердің барлығын бүгінгі түрік тілімен салыстыра отырып қарастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі түркі тілдері (Қазақ-Қырғыз-Башқұрт-Татар)

    Пән түркі тілдерінің бірі болып табылатын қазақ, қырғыз, башқұрт және татар тілдерінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын үйретеді, сол елдердің ақын және жазушылары туралы мәлімет береді және мәтіндер көмегімен қазіргі түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін үйретеді. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер қазақ, қырғыз, башқұрт және татар тілдерінде жазылған мәтіндерді салыстырмалы түрде талдай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Медиа сауаттылық

    Пән студенттердің медиа даму тарихы мен жаңа медиа типологиясы, сандық байланыс құралдарының жалпы және өзіндік ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыруға арналған. Бұл курс бұқаралық коммуникацияны зерттеудің әртүрлі тәсілдерін ұсынуға, студенттердің өз бетінше зерттеу жүргізу үшін медиа-мәдениеттің формалары мен процестерін талдау теориялары мен әдістерін сыни қолдана білу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7

Оқыту нәтижелері

  • зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • түрік әдебиетінің мазмұны мен даму заңдылықтарын, халықтық, ежелгі, классикалық және жаңа дәуірдегі әдеби процестің негізгі кезеңдерін сипаттайды, түрік әдебиеті шығармаларында көрініс тапқан көркемдік сананың эстетикалық үлгілері мен формаларын түсіндіреді, әдебиеттану ғылымының негізгі концепциялары бойынша білім берудің қазіргі заманғы зерттеу құралдары мен әртүрлі тәсілдерін қолданады.
  • кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • қазақ, орыс және түрік тілдерінде жазылған кез келген стильдегі мәтіндерде коррекциялық түзетулер жасау, материалдың стильдік, грамматикалық, техникалық және пунктуациялық қателерімен жұмыс жасау үшін мәтіндік редакторлардың әртүрлі типтерімен, SMART технологияларының әртүрлі түрлерімен жұмыс жасайды
  • аударма конвенцияларын ескере отырып, аударманың негізгі тілінің грамматикалық, лексикалық, идиоматикалық құрылымдарын қолдана алады, аударма процесін жеңілдететін бағдарламаларды, соның ішінде интернетті қолдана отырып қажетті мәліметтерді іздеу және бағалау жұмыстарын жүргізе алады
  • интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • SMART білім берудің негізгі идеяларын кәсіптік мақсатта пайдаланады, сәйкес оқу-әдістемелік кешендерді және оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау арқылы оқу процесін ұйымдастырады, сабақты жетілдіру арқылы оқу-танымдық іс-әрекетке мотивацияны қалыптастырып, оқушылардың оқу іс-әрекетінің модераторы ретінде шет тілінің коммуникативтік құзыреттілігін дамытады
  • түрік әдебиеті және әлемдік әдебиеттің даму заңдылықтары мен мазмұнын сипаттайды, түрік және әлемдік әдебиет шығармаларында көрсетілген идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдайды. Көркем шығарма кейіпкерлерінің характерін бейнелеуде сөздік, тілдік кұралдарды пайдаланады
  • әдеби түрік тілін жетік біледі, тілдің диалектілік алуан түрлілігін түсінеді, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық және мәтіндік үлгілері мен нормаларын біледі және заманауи лингвистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, тіл білімі саласындағы заманауи бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді
  • тілдің тарихи дамуы тұрғысынан тілдік фактілерді түсіндіреді, көне түркі тілі, көне ұйғыр, қарахан, шағатай және осман тілдеріндегі мәтіндерді оқиды, қолжазбалардың транскрипциясын жасайды, сондай-ақ қазіргі түркі тілдерін (өзбек, ұйғыр, татар, башқұрт, қазақ, қырғыз) салыстыра отырып зерттейді
  • ұжымның кәсіби мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтайды, әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынас жасайды, ұжымда стандартты емес жағдайларды шешу қабілетін дамытады және қолданады, алған теориялық білімін кәсіби қызметінде пайдаланады
Top