Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07107 Робототехника және мехатроника в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді модельдеу есептерін сауатты тұжырымдай алады, жүйеге қойылатын талаптарды дамыта алады, модельдеу әдістерін таңдай алады, жүйелерді құрудың мехатрондық принциптері негізінде оларды автоматтандыру мақсатында технологиялық процесстердің негізгі ерекшеліктерін анықтай алады. Зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады.
  • Кәсіби ойлау ерекшеліктері негізінде нақты кәсіби, іскерлік, академиялық салаларда және жағдайларда шет тілдес қарым-қатынас жасау қабілеттерін меңгерген. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты бағдарламалық қорғау дағдылары бар. Жасанды интеллектті дамытудың технологиялық принциптерін сипаттай алады. Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін біледі және оларды зерттелетін салада қолданады.
  • Жоғары тиімді кешендерді құру үшін қажетті жобаланатын робототехникалық және мехатрондық жүйелерге, технологиялық процесті автоматты басқаруға және автоматты реттеуге, роботтар мен робототехникалық жүйелерді басқаруға қойылатын талаптарды жасау дағдыларын меңгерген. Кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолданады, аргументтер қалыптастырады және зерттелетін саладағы мәселелерді шешеді.
  • Есептеу тәжірбиесіндегі заманауи өлшеу әдістерін, материалдар кедергісінің теориялық негіздерін, бағдарламамен қарастырылған, механиканың әртүрлі есептерін математикалық модельдеу әдістерінің негіздерін, басқа бағдарлама-қосымшалармен ақпарат алмасуды игерген.
  • Қоғам туралы тұтас жүйе және адам ретінде, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениеті, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттары, адам мен табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы білімді еркін меңгерген. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Мехатрондық және робототехникалық жүйелердің математикалық модельдерін зерттеу мақсатында стандартты бағдарламалық пакеттерді қолдана отырып, есептеу тәжірибелерін жүргізеді. Оқытылатын саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады.
  • Ғылыми-инженерлік есептерді шығаруды, қазіргі заманғы жаратылыстанудың әртүрлі салаларындағы мехатроника және робототехника есептерін шешуді біледі, сол немесе басқа да есептерді шығару үшін механика әдістерін таңдауды негіздей алады, зерттеу нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдей алады және оларды тәжірибеде қолдануды біледі.
  • Робототехника және мехатрониканы сипаттау үшін қажет физикалық-математикалық аппаратты меңгерген. Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді модельдеу есептерін, сонымен қатар жүйелік теорияның математикалық негіздерін шеше біледі. Зерттелетін саладағы алдыңғы қатарлы білімге негізделген білім мен түсініктерді көрсетеді.
  • Мехатрондық және робототехникалық жүйелердің, олардың ішкі жүйелерінің және жекелеген элементтері мен модульдерінің, соның ішінде ақпараттық, электромеханикалық, электрондық құрылғылар мен есептеу техникасының жабдықтарының математикалық модельдерін құрастыруға қабілетті.
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін қолданбалы экономикалық, заң, жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті білімдерін көрсетеді, ішкі жүйені және қоғамды зерттеуге арналған амалдар мен теорияларды талдайды. Өзінің кәсіби қызметінде қазіргі қоғамның бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, өзара түсіністік, толеранттылық және демократиялық құндылықтар туралы жеке азаматтық ұстанымын растайды.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияның ерекшеліктерін, әртүрлі қызметтер түрінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген, қолданбалы математика есептерін шешу үшін алынған қолданбалы программалардың мамандандырылған математикалық пакеттерін қолдану нәтижелерін талдай алады, құрастыру процессінің итерациялық схемасын құруды біледі.
  • Теориялық механиканың пәндік саласында қолдану үшін қажетті негізгі заңдар мен теоремаларды еркін меңгереді. Қатты дене қозғалысының негізгі заңдарын меңгереді. Роботтарды мақсатына қарай жіктей алады, фактілер, құбылыстар, теориялар және күрделі қатынастар туралы білімі мен түсінігін зерттеу саласында пайдаланады.
Top