Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08675 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау(ғылыми-педпгогикалық бағыт) в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

  • Шетел тілі (кәсіби)

    Аргументацияның әртүрлі тәсілдерін, сондай-ақ талдау, синтез, салыстыру, жалпылау сияқты ойларды баяндау формаларын талдайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пән магистранттарға педагогикалық қызмет үшін қажетті заманауи талдаудың маңызды бағыттарының бірі ретінде педагогикалық ғылым туралы білім мен идеялар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының мәні мен рөлі туралы түсінік беретін педагогикалық теорияның ғылыми, теориялық негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Психологиялық зерттеу және бақылау әдістері негізінде алынған теориялық білімді практикалық зерттеу дағдыларын бекіте алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су шаруашылығындағы нормативтік құқықтық құжаттар

    Қазақстан Республикасы заңнамасының су пайдаланушыларының өзара қарым-қатынасын реттейтін заңдардың құжаттамасымен танысу. Заңнама принциптері. Су объектілеріне меншік құқығы және басқа да құқықтар

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мелиоративтік жүйелердегі су шаруашылық құрылымдары

    Су қоймаларының және су алғыш құрылымдардың сушаруашылық құрылыстарын жүргізу тәсілдері және ерекшеліктері. Топырақтан соғылған бөгеттерді салу кезектері және тәсілдері. Құрылыс салу кезіндегі тасқын суды өткізу, құрылыс салу кезінде суды төмендету және алып кету тәсілдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жерді мелиорациялауда су ресурстарын тиімді пайдалану негіздері

    Жерді мелиорациялауда су ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, ауыл шаруашылық дақылдарын суару кестелеріне сәйкес егін алқаптарын суландырудың және құрғатудың қажетті режимін қолдануды үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жер асты суларын ауылшаруашылығында пайдалану

    Жер асты суларын ауылшаруашылығында пайдалану мүмкіндіктері мен маңыздылықтарын қарастыру, ластанған және істен шыққан ұңғымаларды тазалаумен қатар қайта қалпына келтіру технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән мақсаты: магистранттарда жалпыадамзаттық мәдениеттің құрама бөлігі ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең түсінуге негізделген пәнаралық дүниетаным мен ғылыми ойлауды қалыптастыру. Міндеттері: - техногенді өркениет дағдарысының пайда болған проблемаларын, дүниенің ғылыми картинасының өзгеруінің әлемдік тенденциясын қарастыру; тиімділік пен жүйелілік типтерін қарастыру және зерделеу; - ғылымдағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық міндеттерді оның дамуының қазіргі кезеңінде талдау; - білім алушыларды ғылымның тарихи даму үрдістерімен белгілеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Мелиоративтік жүйелердің мониторингі және экологиялық қауіпсіздігі

    Мелиоративтік жүйелердің мониторингін жүргізген кезде сақталатын міндетті ингредиенттердің құрамы. Жер асты сулары мен құрамын анықтауға арналған лабораториялық әдістер. Су ресурстарын бақылауға және өлшеуге арналған аспаптар. Суармалы массивтен топырақтың сынамасын алу әдістері. Сараптамалардың нәтижесі бойынша мелиоративтік жүйелердің жағдайы мен жер асты суларының сапасын бағалау тәсілдері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мелиорациядағы су шаруашылығы есептеулерінің негіздері

    Гидромелиоративтік жүйелерді жобалауға пайдаланылатын, бастапқы мәліметтер. Су және тұз балансының элементтері. Гидромелиоративтік есептеулерде пайдаланылатын модельдер. Гидромелиоративтік жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде компьютер бағдарламаларын пайдалану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мелиоративтік жүйелердің су өлшегіш құрылғылары мен құрылымдары

    Стандартты және технологиялық су өлшегіш құрылымдар мен құрылғылар, технологиялық су өлшегіш құрылғылармен және су ағымын "көлем-жылдамдық" тәсілімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Табиғи-техногендік кешендерді басқару

    Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде табиғи ресурстарды басқаруда теориялық және әдістемелік негіздері. Табиғатты рациональды пайдалану негіздері. Антропогенездің әртүрлі факторын оқу (өзгерген және күшті өзгеріске ұшыраған геожүйе). Табиғи-техногендік жүйенің рөлін, аумақтық-рекреациялық, қазіргі геожүйе динамикасының су шаруашылық кешенін анықтау. Су ресурстары, су ресурстарының экологиялық мәселелері, рациональды қолдану, өзен трансшекараларының мәселелері, су ресурстарын басқару сферасындағы ұлттық және дүниежүзілік келісімдер бойынша технологияларды зерттеуді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Адаптивтік ландшафттық мелиорация

    Ландшафттың қалпына келуінің экологиялық салдарын зерделеу және ландшафтты-экологиялық тепе-теңдікті ескере отырып, ландшафттарды пайдаланудың тиімді бағытын таңдау. Табиғатты ұтымды пайдалану, жерді қалпына келтіру мәселелерін шешудегі ландшафттың рөлі. Табиғи және антропогендік ландшафттар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бұзылған агроландшафттарды қалпына келтіру әдістері

    Бұзылған агроландшафттарды қалпына келтіру әдістері мен инновациялық технологиялары жөнінде түсінік, олардың айырмашылықтары, мелиоративтік жүйелерге кері әсерін ескере отырып, агроландшафтты жақсартудың тиімді әдістерін қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Мелиоративтік және су шаруашылық жүйелерді зерттеу

    Есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып, су шаруашылығы жүйелерін пайдалануға және су шаруашылығын жобалауды дайындау мен жүргізуге байланысты экологиялық мониторингтің негізгі ережелерін, қазіргі заманғы әдістерін зерделеуді қамтиды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Су сапасын жақсартудың инновациялық әдістері

    Су қорларының экологиялық жағдайы, табиғи-климаттық және әртүрлі шаруашылық бағыттағы кәсіпорындардың шыққан сарқынды суларының төгілуінен ластанған су көздерін залалсыздандыру. Су сапасын жақсартудың инновациялық әдістерін үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауылшаруашылығында инновациялық су үнемдеу технологиялары

    Тамшылатып суару, топырақ астынан суару және тағы басқа су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізу.Қазіргі таңда судың азаюына байланысты суару жүйесіне жаңа технологияларды енгізу негізгі мәселеге айналып отыруына байланысты мәселелерді жан-жақты үйрену.Суару жүйесіне жаңа технологияларды енгізе отырып суды үнемдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мелиорация және су шаруашылығындағы ғылыми зерттеулердің бағыттары

    Мелиорация және су шаруашылығын өркендету жолында қызмет ету, жобаларды инжинерлік-мелиоративтік негіздеу, іздестіру жұмыстары кешенін, дренаждар бойынша тәжірибелік зерттеулер, зертханалық және матемикалық модельдеу жұмыстарын жүргізуді үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Суландыру жүйелерді жобалауды автоматтандыру және олардың сараптамасы

    Мелиорация және су шаруашылығы жүйелеріндегі объектілердің әр түрлі жұмыс жағдайында режимдерін зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәдени ландшафттардың сәулеті, жобалау және ұйымдастыру

    Магистранттарды, аймақтың табиғи климаттық жағдайына бейімделген ландшафттарды шығармалық және ғылыми ұстанымдарды негіздей отырып, мәдени ландшафттардың сәулетін жобалау мен ұйымдастыру технологиясын үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Болжамдау және табиғи-техногендік үдерістердің мониторингі

    Табиғи техногендік үдерістерді мониторинг жасаудың қазіргі жағдайы. Жерасты суларының тереңдігін бақылау және өлшеу. Мелиоративтік жүйенің және жерасты суларының жағдайын сараптамалар жасаудың қорытындысы бойынша бағалау тәсілдері. Табиғи техногендік үдерістерді мониторинг жасау кезіндегі міндетті ингредиенттердің құрамы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Табиғи және табиғи-техногендік жүйелердің байланысын зерттеу

    Табиғи-техногендік құбылыстар мен процестерге ғылыми тұрғыда зерттеулер мен талдаулар жүргізу және нәтижесінде туындайтын табиғи қатерлердің өзара байланыстылығын зерттеуді меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобаларды басқару

    Гидромелиоративтік жобаларды жасау негіздері. жобаны басқару, жобаны бастау, жобалау, орындау, қорытындылау және орындауға басшылық жасау, аяқтау. ҚР ҚНжЕ пайдалана отырып су шаруашылық жобаларын, қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбей, тиімді жобалауды басқаруды жүзеге асыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Су ресурстарын бірігіп басқару

    Су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану, су заңдары, әлемдік тәжірибелермен танысу, су шаруашылығы жүйелерінің нысандарын пайдаланудағы білімін кеңейтіп, ары қарай ұлғайтуға арналған; суды пайдалануды жоспарлау, құрылымдар мен жүйелердің ұзақ және мүлткісіз жұмыс істеуі туралы теоретикалық ілім беру; жүйелерді жаңартуда ғылыми-өндірістік ізденістердің жетістіктерін пайдалану; ауылдық су пайдаланушылар кооперативі немесе ассоциациясының суды тиімді пайдалануын қадағалау; қоршаған орта мен суғармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту және т.б. жұмыстарды оқытады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тастанды суларды табиғи тазалау әдістері және оларды ауылшаруашылығы дақылдарын суаруға пайдалану

    Тастанды суларды пайдалану. Қала төгінді суларын пайдалануды жобалау сұлбалары. Қаладан шыққан төгінді суды жинау және пайдаланудың ұсынылған сұлбасы. Жыл бойы жұмыс жасайтын төгінді суды пайдаланудың суғару жүйесі (ТПСЖ). Қосалқы алқаптың ауданы анықтау. Суғарудың ең қолайлы тәсілін таңдау. Жобалау кезінде ТПСЖ-не егуге арнап жоңышқа, астық дақылдарын таңдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ландшафттық егіншілік

    Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялауға ландшафты-экологиялық тұрғыда қарау. Ауылшаруашылық дақылдарының және топырақтың сыртқы орта факторларына қоятын агроэкологиялық талаптары. Антропогендік іс-әрекет жағдайларындағы агроландшафтардың орнықтылығы және тұрақтылығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қарым-қатынас пен тілдік білім берудің психологиялық ерекшеліктері негізінде ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсету. Ғылымның түсінігі мен мәні, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтары, ғылымның тарихы мен дамуы туралы білім жүйесін тұжырымдай білу.
  • Нормативтік-құқықтық құжаттарды негізге ала отырып мелиоративтік жүйелерді жобалау, су өлшеу жабдықтарын пайдалана отырып су шаруашылық есептеулерімен су ресурстарын тиімді пайдалануды, мелиорациялық жүйелердің табиғи-техногендік кешендерді басқаруда озық және инновациялық әдістерді қолдана білу.
  • Мелиоративтік жүйелер мен су шаруашылық саласында мониторингін ұйымдастыруға, су ресурстарын интеграцияланған басқара білуге қабілетті. Бұзылған агроландшафтар мен су шаруашылық жүйелерін ғылыми-зерттеулер нәтижесіне сәйкес жақсартуда инновациялық әдістерді қолдана біледі.
Top