6B01478 Көркем еңбек және графикалық жобалау в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Көркем шығармашылық жұмыстарын орындауда өзін-өзі көрсетудің, ұлттық болмыс пен мәдени әртүрлі нысандарын игеруге бағытталған ресми және бейресми көркемдік білім беруді жүзеге асыруға қабілетті кәсіби педагогті даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Академиялық сурет
Академиялық сурет пәнінде студентті академиялық сурет салудың негізгі заңдылықтары мен техникасына үйретеді. Заттың көлемінің үш өлшемдік пішінін жазықтық бетіне бейнелеу әдістері меңгеріледі. Бейнелеу өнеріндегі академиялық сурет салу элементтерін дұрыс қолдана білуге үйретіледі. Тәжірибеде сурет салудың әртүрлі әдістері арқылы бейнелеуді, суреттің композициялық шешімін табуды, шығармашылық жұмыстардың дағдыларына үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пән болашақ көркем еңбек графикалық жобалау мұғалімінің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, үйірмелер, көрмелер ұйымдастырудың әдістемелік қызмет шеңберін таңдай отырып, бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерін үйретеді. Білімгерлер педагогикалық іс-әрекетті, тәрбие жұмысын жобалау, ұйымдастыру түсініктерін дамытуға, педагогикалық кәсіптің әлеуметтік маңыздылығын, білім беру мекемесі қызметінің құрылымын, мазмұнын, құжаттамасын білуге, пән мұғалімі, сынып жетекшісі қызметінің ерекшеліктерін білуге қажетті материалдарды игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық кескіндеме
Бұл пәнде білімгерді академиялық кескіндемені акварель техникасында орындаудың білімдерін меңгертіп, оның практикалық іскерліктеріне дағдыландырады. Кескіндеменің теориялық негіздерін: композиция, перспектива, пропорциялық қатынас, жылы және суық түс заңдылықтарын техникалық тәсілдерін игеріп, өз білімін тәжірибе жүзінде қолдануға үйретеді. Студенттер натюрморт жанрындағы картинаның кеңістігін көрсетіп, кескіндеме әдістерін меңгере отырып, шығармашылық жұмыстарды орындау дағдыларын үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі заман бейнелеу өнері тарихы
Қазіргі заман бейнелеу өнері бойынша ғылыми әдістеме ерекшеліктерін, танымдық ғылыми негіздерін, педагогикалық зерттеу нәтижелері мен ғылыми ізденістің әдіснамасы мен әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануға, көркемөнер тарихы мен теориясы, бойынша білімі мен дағдыларды бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде көрсетуге үйретеді. Студенттер қазіргі заманауи бейнелеу өнерінің тарихи ерекшеліктері, заманауи стилдері мен ағымдары, олардың көркемдік мазмұны туралы білімдерді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түстану
Бұл пәнде түстану теориясы, оның мақсаттары және міндеттері, түстану заңдылықтары, оларды көркем шығармада қолдану тәсілдерімен таныстыру, түстер гаммасы мен ритмикасы, білімгерлердің түстану бойынша өзіндік жұмыстары меңгеріледі. Пәнді зерттеу барысында студенттер түс үйлесімдерін құрудың заңдары мен ережелерін зерттейді және кәсіби -шығармашылық дағдыларын жүзеге асыруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Композиция
Бұл пән білімгерге көлемді композицияны құру негіздерін меңгеруді үйретеді. Көркемдік білім берудегі және бейелеу өнеріндегі композицияның заңдылықтары, ережелері мен тәсілдері, көркем шығармашылық ойлау қабілеттерін, композицияның спецификалық ерекшеліктерін меңгеруге көмектеседі. Композициялық-көркемдік форманың барлық күрделілігіндегі алуан түрлілігі мен тұтастығының негіздерін қарастырады. Көлемді көркем шығармаларда композицияны жобалау және құруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Перспектива және сызба геометриясы
Пәнде перспектива, сызу бойынша сызықтық, орталық, ауа перспективасы заңдылықтары бойынша кәсіби практикалық білімдері, интерьер перспективасын құру ережелері мен әдістері игеріледі. Мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, перспектива және сызба геометриясы жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырудың іскерліктері мен дағдыларын меңгереді. Сызбалардағы кескіндер, геометриялық денелердің проекциялары, перспективалық сызбаларды кескіндеу және белгілеу, ауа және сызықтық перспектива заңдылықтары мен техникасын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Графикалық дизайн
Графикалық дизайн бағдарламасы графика дизайн құралдарымен жұмыс істеуге үйретеді. Ұқсас объектілер құру теориялық негіздерін игере отырып, сызбаны түзету командалары мен операцияларын мектептегі графикалық дизайн жұмыстарын орындауға қолдану әдістеріне дағдыландырады. Болашақ көркем-шығармашылық қызметінің мамандық саласында қазіргі графикалық дизайн бағдарламаларымен жұмыс істеудің технологияларын білуді, оларды қолдану әдістерін жүзеге асыруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика бағдарламасы бойынша студенттер растрлық графика және векторлық графика құралдарымен жұмыс істеуге дағдыланады. Сызбаны түзету командалары, объектілерді таңдау, объектілерді өшіру және қалпына келтіру, объектілердің орнын ауыстыру, ббъектілерді бұру, ұқсас объектілер құрудың теориялық негіздерін игеру сияқты болашақ мамандық саласында нақты қазіргі программалық жабдықтарды қолдануға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қолөнер негіздері
Бұл пән студентке ұлттық қолөнер бойынша негізгі бағдарламалық білімдер беруде қолөнер түрлерімен, материалдарымен, олардың қасиеттерімен таныстырады. Теориялық мағлұматтарын бере отырып, сәндік қолөнер бұйымдарын жасаудың негізгі практикалық қабілеттерін қалыптастырады. Табиғи шикізаттарды қолөнер бұйымдарын жасауда пайдалану мен мектепте оқушыларды сәндік қолөнер әдістеріне және шығармашылық жұмыстарды дайындауға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сызу негіздері
Пән графикалық білім беруді тиімді ұйымдастыру барысында білімгерге сызу бойынша білім негіздерін бере отырып, мектепке, кәсіби-техникалық колледждерде пәннің міндеттерін орындауға үйретеді. Мұғалімнің графика және жобалау жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру әдістерін меңгертеді. Студенттердің нүкте, түзу, жазықтықтың проекциясын салу, проекциялау әдістері, аксонометриялық проекция түрлері сияқты сызбалық-графикалық дағдыларын қалыптастырады. Кеңістіктегі заттардың сызбасын жазықтық бетіне түсіру әдістеріне, оларды практикада қолдану іскерліктеріне үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Пән мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Мектептегі үйірмені ұйымдастыру әдістемелері бойынша білім мен практикаларды меңгертеді. Сурет, кескіндеме, мүсін, колөнер, дизайн, этнодизайн үйірмелерінің мазмұнымен таныстырады. Студенттер көркемөнер түрлері бойынша үйірмелерге арналған оқу бағдарламаларын жоспарлауды және оларды ұйымдастырудың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнері тарихы және теориясы
Бұл пән білімгерге бейнелеу өнері тарихы және теориясының ғылыми әдістеме ерекшеліктерін, ғылыми ізденістің әдіснамасы мен әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануға, көркемөнер тарихы мен теориясы бойынша білімі мен дағдыларын көркемдік-шығармашылық жұмыстарда қолдануға үйретеді. Бейнелеу өнері теориясы және тарихының кезеңдері, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша шығармалар, олардың авторлары, бейнелеу өнерінің тарихи ағымдары, орта ғасыр, Қайта Өрлеу дәуірлеріндегі бейнелеу өнерінің дамуы, ерекшеліктерін меңгертеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сурет
Сурет пәні шығармашылық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, шығармашылық ізденістерін дамытады. Білімгерлер оқу кезеңінде көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады. Сурет салудың көркем шығармашылық және практикалық дағдыларына үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Заманауи арт техника
Заманауи арт техника пәнінде қазіргі кезеңдегі бейнелеу өнерінде қолданылатын заманауи, бейнелеу техникаларының түрлері, олардың орындалу ерекшеліктері, сипаты мен мазмұнын практикалық тұрғыдан меңгеру жүргізіледі. Курс барысында флюид арт, эбру, эпоксидті смоламен сурет салу, спирттік бояумен сурет салу, кинусайга, нүктемен сурет салу, дот арт техникасы т.б. бейнелеудің заманауи техникаларына үйрету жұмыстары жүзеге асырылады. Заманауи арт техникалар арқылы студенттер әртүрлі бейнелеу жанрларында көркем шығармашылық туындылар орындаудың спецификалық тәсілдерін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кескіндеме
Кескіндеме пәнінде киімді ер адам мен әйел адам фигураларының кескіндемелік пластикасының өзіне тән ерекшеліктерін оқып үйренеді. «Ритм», «колорит» сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдетуге үлкен көңіл бөлінеді. Курс кескіндемелік міндеттер жиынтығын шешуге және кескіндеме бойынша бейнелеу жүйесін игеруге арналады. Басты назар жанрлық бір фигуралық композиция құруға аударылады. Көркем шығармашылық дағдыларын жүзеге асырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем еңбекті оқыту әдістемесі
Көркем еңбекті оқытуда педагогикалық әдіснама ерекшеліктерін анықтап, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға, ғылыми әдістеме ерекшеліктеріне, педагогикалық зерттеу нәтижелерін, әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануға үйретеді. Студенттердің көркем еңбекті оқыту бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік білімдері мен кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырады. Білімгерлер көркем еңбекті оқыту бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың мазмұны мен қағидалары, әдістері мен фомалары туралы білімдерді меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тігін технологиясының негіздері
Пән бағдарламасында костюм дайындау технологиясына қажетті жеңіл өнеркәсіп бұйымдары туралы жалпы мағлұматтар беріледі. Киімге қойылатын негізгі талаптармен бірге, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындаудың негізгі кезеңдері қамтылады. Негізгі киім ассортименті бөлшектерінің ерекшеліктері, қиындылардың және конструкциялы сызықтардың қолданылу сипаты көрсетіледі. Тігін бұйымдарының техникалық құжаттары үйретіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Графика және жобалауды оқыту әдістемесі
Пән мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда графика және жобалау пәні бойынша заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға, пәнді оқытудың мазмұны мен құрылымдық ерекшелігін білуге үйретеді. Графика және жобалауды оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-теориялық және кәсіби тәжірибелік білімдерді қалыптастырады. Білімгерлер графика және жобалау пәнін оқытудағы көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін, пәнді жүргізу және оны ұйымдастыру әдістемесін игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мүсін және пластикалық анатомия
Бұл пәнде студенттер бейнелеу өнерiнің түрі ретінде мүсiн түрлері, мүсiндiк материалдар, мүсiннің көркем-суреттеу құралдары сияқты ерекшелiктерімен танысады. Адамдарды, тұрмыстық заттарды, құстарды, аңдарды сомдау түрлеріне үйренеді. Студенттер жазық рельефты, көлемдi рельефті сомдауға машықтанып, адамның анатомиялық ерекшеліктері мен пропорция заңдылықтарына сәйкес мүсіндеу әдістерін меңгереді. Мүсін өнеріндегі әртүрлі технологияларды қолданып, шығармашылық қабылеттерін дамытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Арнайы сурет
Арнайы сурет пәні көркем-шығармашылық және композициялық жұмыстарында тұтастықтың қалыптасуын болжайды және студенттердің көркем-образдық ойын өсіреді, шығармашылық ізденістерін дамытады. Оқу кезенде студент көркем-сурет тілдерінің маңызды және негізгі жақтарымен таныса отырып, кескіндік бейнелеу заңдылықтары, композициялық ойлау қабілеті, эмоционалды-қамту жүйесі туралы білім алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Пейзаж
Пән белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісін бейнелеу жанрын үйретеді. Пейзаждың кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталдық жанры, т.б.) қолданылу ерекшеліктерін түсініп, пейзаж орындаудың көркем шығармашылық дағдыларын қалыптастырады. Пейзаждағы суретшінің сезімі, көңіл-күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасын беруге үйретеді. Білімгерлер пейзажда қоршаған орта мен жарықтануға байланысты натураның қалыпты жағдайы мен формасын көре білуге және пейзаждағы түстерді қабылдаудың негізгі заңдылықтарын үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көркемдік білім берудегі инновациялар
Пән мектепте көркемдік білім беру барысында заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын, мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметіндегі нновациялық көркемдік білім берудің мәні мен маңыздылығын көрсетіп, көркемдік білім берудің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастырады. Білім беру мекемелерінде көркемдік білім беруге қойылатын жаңа инновациялық талаптармен таныстырады. Студенттер көркемдік білім беруде жаңа оқу әдістері мен инновациялық негізгі әдістеріне үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абстракция
Абстракция пәнінде шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бірі екендігі көрсетіледі. Абстракция пәнінде білімгерлер абстракты ойлау, алуан түрлі құбылыстарды түсіну, кескіннің эскизін іздестіру, кескінге пішіндерді пайдалану, түрлі сызықтарды үйлестіру, абстракциялық кескіндеуде идеялық деталдарды бейнелеу, затты, құбылысты белгісінен, қасиетінен ажырату, оқыс бояулар мен кескіндерді қиюластыру, бейнелеу түпнұсқалық ерекшелігін ашу сияқты түрлерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Графика
Графикалық тапсырмаларды орындаудың әртүрлі техникалық тәсілдерін (сызықты, штрихты және нүктелі) үйрену бойынша жаттығулар циклы орындалады. Қарапайым геометриялық денелердің, гипістік құймалардың, бас пен фигуралардың бейнесі, тірі натураның суреті, сәулет ескерткіштерін суреттеу және композициялық нобайларды бейнелеу қарастырылады. Графикадан көркем шығармашылық дағдыларды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Батик
Бұл пән батик өнерінің жылы және суық батикке арналған композициясын құрудың негізгі заңдары мен ережелеріне үйретеді. Батик композициясын шығару, шығармашылық жоба жасау, батиктің интерьер арасындағы байланыс матамен безендіру, стилдердің бірлестігі, колорит және фактурасын шығару әдістері қолданылады. Батик өнері бойынша композициялық шешімдегі шығармалар жасау процестеріне, бейнені үйлестіру әдістеріне үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түсті графика
Түсті графика пәнінде тапсырмалар негізінде әртүрлі техникалық тәсілдерді түсті бояулармен (контурлы және нүктелі) жаттығулар циклын орындауға үйретіледі. Қарапайым геометриялық денелердің, гипстік құймалардың, бас пен фигуралардың бейнесі, тірі натураның суреті, сәулет ескерткіштерін суреттеу және композициялық нобайлар гуашь немесе майлы бояумен салуға үйретіледі. Білімгерлер түсті графиканың көркем шығармашылық дағдыларын қолдануға үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Үй және тамақтану мәдениеті (ұлдар мен қыздар)
Үй және тамақтану мәдениеті пәні бойынша (ұлдар мен қыздар) кәсіби практикалық білімдері беріледі. Мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, үй және тамақтану мәдениетін ұйымдастырудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тұрғын үй, өсімдік шаруашылығы, электр құралдары мен тұрмыстық техниканы жөндеу дағдыларын игереді. Білімгерлер тұрғын үй экологиясын, сәндік гүл шаруашылығы, киімдерді сақтау дағдыларына үйренеді. Тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін, дұрыс тамақтану негіздерін, ас мәзірін дайындау технологиясын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Арнайы кескіндеме
Арнайы кескіндеме пәні студенттердің ой- қиялын өрбітіп, түр түстер арқылы ұшқыр қиялындағы көріністерді береді. Түр-түстердің гармониясы, студенттердің фантазиясын арттырып кескіндеме жазудағы түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлі талдаулар мен стилизация жасап, шығармашылық тұрғыдан еңбек жасауды қажет етеді. Арнайы кескіндемеде түр-түс беру арқылы, ыстық және суық түстер беру, қарама-қарсы түстерді пайдалану, бір-біріне жақын түстер тағы басқа да әдіс-тәсілдерді қолданып тапсырмалар орындалады. Көркем шығармашылық дағдыларын қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми әдістеме ерекшеліктерін, танымдық ғылыми негіздерін, көркем білімді меңгеру психологиясын, шығармашылықты және өнерді қабылдау машықтылығын көрсете отырып, педагогикалық зерттеу нәтижелері мен ғылыми ізденістің әдіснамасы мен әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануды интерпретациялайды.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, үйірмелер, көрмелер ұйымдастырудың әдістемелік қызмет шеңберін таңдай отырып, бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау, графикалық дизайн, қолөнер, мүсіндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырудың іскерліктері мен дағдыларын жүзеге асырады.
- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
- Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
- Көркем еңбектегі, графикалық жобалаудағы педагогикалық әдіснама ерекшеліктерін анықтап, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды ретке келтіре отырып, көркемдік білім беру барысында заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданады.
- Шығармашылық бірлестіктер мен одақтарды қоса алғанда, жастар ортасындағы көшбасшылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру барысында перспектива, сызу, графика, тігін технологиясы, тамақтану мәдениеті бойынша кәсіби практикалық білімдерін көрсетеді.
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Көркемөнер тарихы мен теориясы, әдіснамасы, оқыту әдістемелері бойынша білімі мен дағдыларды бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде көрсетіп, оларды сурет, кескіндемеден көркемдік-шығармашылық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыруда қолданады.
- Көркем-шығармашылық қызметтерді атқарудың білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, көркемөнер бағыттары бойынша түстану, композициялық заңдылықтар негізінде дизайнерлік жобалар жасау, шағын бизнес, білім беру саласында (этикет, марка, белгі, логотип, жарнама, буклеттер, т.б.) шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырады.