Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07103 Жылу энергетикасы в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи есептеу техникасын пайдалана отырып және жобалауда жаңа технологияларды енгізе отырып, жылумен жабдықтаудың инженерлік мәселелерінің бүкіл кешенінің міндеттерін орындауға қабілетті жоғары білікті жылу энергетиктерінің бакалаврларын теориялық және практикалық даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B062 Электр техникасы және энергетика
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Физика
Математика
Мамандыққа кіріспе
Химия
-
2 Оқу жылы
Технологиялық өлшеулер және автоматтандыру жүйелері
Жылумассаалмасу
Жылуэнергетиканың экологиялық мәселелері
Энергияның дәстүрлі емес көздері және ресурсты үнемдеу
Сұйық және газ механикасы
Жылу тасымалдағыш жүйелердің тәртібі мен пайдаланылуы
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Жылу техникасының теориялық негіздері
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар
Қолданбалы бизнес
Жылу энергетикада және жылу технологияларда энергияны үнемдеу
Гидрогазодинамика негіздері
Жылусақтағыш және құрылыс материалдары технологиясы
Ғылыми зерттеу негіздері
-
3 Оқу жылы
Төменгі температура физикасы
Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану (қайрат қолдану)
Өндірісті жоспарлау және басқару
Отын жағудың арнаулы сұрақтары
Қолданбалы жылу физикасы
Еңбекті қорғау
Суды өңдеудің физикалық және химиялық әдістері
Қазандық қондырғылар мен бу генераторлары
Желдету, жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жоспарлау және пайдалану
Өндірістік жылу энергетикалық жүйелерді жобалау
Жылуэлектрстанцияларындағы турбиндік қондырғылар
Кәсіби қазақ тілі
Жылуландыру және жылулық желілері
Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар
Электр тізбектерінің теориясы
Автоматты басқару теориясы
Электротехника және электроника
-
4 Оқу жылы
Кәсіпорындардың технологиялық энергия тасымалдағыштары
Жылуэнергетикалық қондырғылар құрылымының жалпы теориясы
Энергетикалық жүйелердегі сенімділік және апаттық жағдайлар
Жылу және электр энергиясын есепке алу аспаптары
Жылуэнергетиканың ақпараттық жүйелері
Инженерлік экология
Жылуэлектр орталықтарының электр бөлігі және автоматтандыру жүйелері
Жылу және электр энергиясын өндіру және тұтыну
Жылуэнергетикалық қондырғыларды сынау және жөндеу жұмыстары
Жылуэнергетикалық есептеулердегі компьютерлік технология
Жылу беру пәрменділігін арттыру әдістері
Энергетикадағы энергия тиімділігін арттыру
Оқыту нәтижелері
- Жылу желілері жабдықтарының күйін және жылумен жабдықтаудың автоматтандырылған жүйелерінің жұмыс режимдерін талдауға арналған негізгі сипаттамаларды, төмен температуралар физикасының даму кезеңдерін және оларды алу негіздерін біледі.
- Жеке қызметінде қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана отырып, инженерлік мәселелерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологиялардың әртүрлі түрлерін қолданады.
- Өндірістік қызметкерлер мен халық үшін оның қауіпсіздігі тұрғысынан жағдайды талдайды, коммуналдық жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінің жұмыс істеуінің гидравликалық және температуралық режимдерін есептеуді жүргізеді, құрамдас элементтер мен жабдықтарды ұтымды жоспарлауды жүзеге асырады.
- Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының түрлерін қолдана аладыі, жылу тұтынушыларын есепке алуды жүргізу, әрбір абонентке теңгерімдік әдіспен ай сайын нақты жылу жіберуді есептеу дағдысы бар.
- Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін математикалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы білімі мен түсінігін көрсетеді, зерттелетін саладағы озық білімге негізделген физикалық және химиялық эксперименттер жүргізе алады.
- Жылу және электр энергиясын өндіру және тұтыну кезінде қолданылатын өлшеу әдістері мен құралдарын қолданады, жобалау есептеулерінің алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізе алады, жылу энергетикалық қондырғылардың құрылымдық және тексеру есептеулерін жүргізе алады.
- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері саласындағы пайымдауларды қалыптастыру үшін, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау, жүйелеу және жалпылау негізінде зерттеу қызметінде ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады.
- Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жолымен коммуналдық жылу энергетикасының экономикалық тиімділігін арттыру әдістерін, жылу алмасу аппараттарын есептеу әдістерін меңгерген, жылуландыру, жылумен және энергиямен жабдықтау жүйелерінің негізгі мәселелерін шешеді, нақты немесе абстрактілі тақырыптар бойынша, сондай-ақ кәсіби қызығушылығына байланысты берілген көлемді, күрделі мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіне алады; өз мамандығына байланысты терминдерді меңгереді.
- Инженерлік экология саласындағы аргументтерді тұжырымдайды және проблемаларды шешеді, энергетикалық нысандардан шығарындылар мен ластануларды азайту тәсілдерін таңдайды, өндірістік нысандарды кешенді экологиялық қамтамасыз ету үшін инженерлік-техникалық іс-шараларды әзірлейді.
- Электротехника және электроника саласындағы білімдері мен түсініктерін көрсетеді, автоматты басқару жүйесі жұмысының тұрақтылығы мен сапалық көрсеткіштерін талдайды.
- Арналардағы сұйықтық пен газдың қозғалысын есептеу әдістерін және заңдарын біледі, су мен отынның физика-химиялық қасиеттерін, оларды зерттеу әдістерін талдайды.
- Жылу техникасы саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады, энергия тасымалдаушыларды бақылау және есепке алудың қазіргі заманғы әдістері мен аспаптарын біледі, жылу энергетикалық және жылу технологиялық жүйелерді дамытудың қазіргі заманғы және перспективалық бағыттарын біледі.
- Жылуэнергетикалық станциялардағы сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштардың, турбиналық қондырғылардың жылулық есептеулерін жүргізе алады, жану үдерістерінің тиімділігіне әсер ететін құрылымдық және технологиялық факторларды талдау әдістерін біледі.