Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11404 Әлеуметтік жұмыс в Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықтың әртүрлі санаттарына әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, әлеуметтік жұмысын ұйымдастыру және басқару, әлеуметтік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті және кәсіптік құзыреті бар жеке маманның жаңашыл әлеуетін қалыптастыру үшін білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың(отбасылардың) қажеттіліктеріне кешенді бағалау жүргізу бойынша білім мен дағдыларды қолдану; салааралық коммуникация және әлеуметтік әріптестік негізінде интервенция бағдарламаларын әзірлей білу және іске асыру.
  • Әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде әртүрлі мәліметтер базасымен жұмыс істеу дағдысын меңгеру, әлеуметтік жоспарлау мен болжауда математикалық модельдер мен статистикалық әдістерді қолдану.
  • Ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруды, ұжымдармен, топтармен жұмыс істеуді, жобалар мен процестерді басқаруды, клиенттерді қайта бағыттау процестерін үйлестіруді және адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік міндеттерді шешуді меңгеру.
  • Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандырудың ұйымдық-экономикалық негіздерін білу, экономикалық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсету. Халықтың түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуде құқықтық білімді пайдалану, азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін көрсету.
  • АКТ түрлі түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша Бұлтты және мобильді сервистер.
  • Мәселелерді анықтауды және диагностикалауды, мониторинг жүргізуді, алынған деректер мен статистикалық есептілік нәтижелерін пайдалануды, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс саласында инновациялық алаңдарды құру бойынша пилоттық жобаларға қатысуды білу.
  • Қазақстанның даму тарихын білу және сыни тұрғыдан түсіну, әлеуметтік-саяси және экономикалық білімді өзгеріп жатқан әлеуметтік-мәдени жағдайларда тиімді әлеуметтену және бейімделу үшін қолдану.
  • Әлеуметтік жұмыстың негізгі санаттарын білуін көрсету, әлеуметтік саладағы кешенді зерттеу әдістемесін және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету технологиялары мен құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеру.
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияларды жүзеге асыру, практикалық қызмет пен қарым-қатынаста қазақстандық патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілікті көрсету
  • Инклюзивті қоғам құруда гуманизм, іскерлік этика қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруда әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық білімдер мен дағдыларды қолдану.
  • Денсаулық сақтау саласында медициналық білімді, әлеуметтік жұмыс технологиясын, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету шеберлігі мен дағдыларын қолдану.
  • Қазақстан Республикасындағы адамның және азаматтың құқықтық мәртебесін білу деңгейін көрсету; адам құқықтарының бұзылуын анықтау және нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптары негізінде кәсіби қызметте оларды жоюдың жолдарын ұсыну.
Top