6B06181 Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық жүйелерде мәліметтерді талдау, өңдеу, болжам жасау және статистикалық және ғылыми зерттеулерде тиімді жұмысты іске асыруға қабілетті ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B057 Ақпараттық технологиялар
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Информатика
-
Білім беру саласы 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Дайындық бағыты 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәндер
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағдарламалау технологиясы
Бағдарламалаудың негізін, деректер құрылымын және алгоритмдер құруды үйретудің дағдылары алынады. Сонымен қатар, Python тілінің синтаксисі және қолдану ерекшеліктері, С++ тілінде бағдарламалық қамтаманы құру, мәліметтердің күрделі құрылымды типтерімен жұмыс істеу, сұрыптау және іздеу алгоритмдері және оның практикалық қолданылуы үйретіледі. Әртүрлі деректер құрылымдарын, алгоритмдерді, блок-схеманы құру, практикалық есептерді шешу үшін айнымалылардың түрлерін таңдау, есептерді шешудің әртүрлі әдістерін қолдану және салыстыру дағдылары игеріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәліметтер қорын құру және қолдану саласында мәліметтер базасының логикалық құрылымын жобалау, мәліметтер қорымен жұмыс интерфейстерін ұйымдастыру және есепті нысандарды дайындау бойынша дағдылар алынады. Мәліметтер қорын құру мен пайдаланудың негізгі тұжырымдамаларын, әдістері мен құралдарын жүйелі түрде баяндаудың білімдері меңгеріледі. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің типтік ұйымдастырылуы, мәліметтер модельдері, мәліметтер базасының технологиялары негізінде ақпараттық-басқару жүйелерін құру принциптері, реляциялық мәліметтер базасының негіздері және SQL тілін қолдану, мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін интерфейстерді ұйымдастыру және басқару жүйесінің функционалды блоктарымен өзара әрекеттесу дағдылары калыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Түрік тілі (А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Дискретті математика және математикалық логика
Қолданбалы есептерді шешуге бағытталған математикалық аппарат ұғымы, оны математикалық әдістер мен модельдердің, тілдердің тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастыру туралы дағдылар қалыптасады. Жиынтық теориясының элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясының элементтері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік жүйелерді аппараттық қамтамасыз ету
Құрал жабдықтардың жоғары сапасын зерделеу, қателіктерді болдырмау және аппараттық өнімдерге техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуді қамтамасыз ететін аппараттық жасақтаманы жобалауға арналған құралдар мен әдістердің жиынтығы туралы білімдер алынады. Аппараттық қамтамасыз етудің әдістері мен құрамдас бөліктерінің интерфейстерін әзірлеу, сонымен қатар аппараттық модульдерді құрастыру және аппараттық кодты жазу процедураларын орындау дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Интернет технологиялары
Интернет технологияларын ұйымдастыру және қызмет ету принцптері меңгеріледі. Web-сайттар құруға арналған кең қолданыстағы HTML, CSS, JavaScript бағдарламаларында жұмыс жасау технологиялары меңгеріледі. Интерактивті дизайнды, компоненттерді, динамикалық мазмұнды генерациялауды қамтамасыз ететін серверлік (php) сценарийлерді және клиенттік функцияларды қамтитын қарапайым веб-сайттарды бейне және аудио ақпаратты монтаждау, өңдеу үшін бағдарламаларды қолдана отырып әзірлеу және басқару дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көшбасшылық теориясы
Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Бұл пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және кешенді зерттеу дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын бағалау, көрсету және түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Компьютерлік модельдеу
Модельдеу есептерін математикалық және ақпараттық орналастыруды жүзеге асыру, талдау және синтездеу туралы дағдылар қалыптасады. Кәсіби қызметте қолданбалы мәселелерді шешу үшін ақпаратты өңдеу әдістері және компьютерлік модельдеудің бағдарламалық кешендерін қолдану туралы білімдері алынады. Компьютерлік модельдерді құрудың есептеу техникасы және мамандандырылған бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу дағдылары алынады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Компьютерлік жүйелер және желілер
Компьютерлік желілердің жіктелуін, қазіргі тораптық технологиялар ерекшеліктерін, компьютерлік желілердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырылуы туралы дағдылар қалыптасады. Желілердің аппараттық құралдардын орната білу және қалыптастыра білу, қолдану құқығын реттеу, парольмен қорғау және файлдық жүйенің құрылымын көшіру туралы, мәліметті жіберуді, қабылдауды, алмасуды ұйымдастыру туралы білімдер меңгеріледі. Есептеу машиналарының бір бірімен байланысы және мәлімет алмасу тенденциясы туралы мағлұматтар беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Икемді дағдылар
Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Роботтағы технологиялар
Робототехника негіздерін меңгеру және LEGO Mindstorms жиынтығының негізінде оқу процесінде робототехникалық конструкторларды қолдану үшін қажетті білім, білік, дағды мен құзыреттілік қалыптасады. Күрделі алгоритмдерді меңгеру және көрнекі түрде жүзеге асыру, өндірістік процестерді және басқару процестерін автоматтандырумен байланысты мәселелерді қарастыру бойынша білімдер беріледі. Аппараттық құралдарға бағдарламалық қызмет көрсету бойынша дағдылар қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект негіздері
Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары туралы білім меңгеріледі. Машиналық оқыту мүмкіндіктерін зерттеу және жүзеге асыру дағдысы алынады. Жасанды интелект бойынша цифрлық технологияларды, операциялық жүйелерді, бағдарламалық жасақтаманы, мәліметтер базасын, аналитикалық жүйелерді, бағдарламалау тілдерін және басқа мәселелерді шешу үшін қолданылатын негізгі алгоритмдер және модельдері бойынша дағдылар қалыптасады. Нейрондық желіні, компьютерлік көру, нақты практикалық мысалдарды шешу үшін регрессия мен жіктеу модельдерін тестілеу және жүйелік талдау дағдысы алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мобильді технологиялар
Android басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған мобильді технологияларды әзірлеу, Android ОЖ үшін әзірлеудің негізгі принциптерін сипаттау дағдылары қалыптасады. Android платформасының құрылысы, бағдарламалау ортасына шолу, эмуляторлар мен нақты құрылғыларда баптау туралы білімдер беріледі. Android дамуындағы кәсіби тәсілдер, тәуелділікті енгізу, функционалды бағдарламалауға негізделген көп ағынды үйрену, Android жүйесінде әзірлеуде ең көп ізденетін кітапханаларды зерттеу бойынша дағдылар алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ақпаратты қорғау
Ақпараттық қауіпсіздіктің даму үрдісін, ықтимал қауіптер үлгілерін, ақпарат қауіпсіздігі теориясының терминологиясын және негізгі ұғымдарын, қауіпсіздік аудитінің бағдарламалық құралдарын әзірлеу туралы білімдер меңгеріледі. Ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарының негізгі түсініктері беріледі. Деректерге қол жеткізуде пайдаланушыларды сәйкестендіру, файлдарға қол жеткізуді шектеу құралдары мен әдістері, ақпаратты криптографиялық қорғаудың аппараттық-бағдарламалық құралдары, компьютер компоненттеріне қол жеткізуді шектеу әдістері мен құралдары, бағдарламаларды рұқсатсыз көшіруден қорғау, криптографиялық кілттерді басқару, бағдарламалық құралдарды зерттеуден қорғауды игеру дағдысы қалыптасады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
IoT жүйелері
IoT жүйелері міндеттерін іске асыру кезінде бағдарламалық және аппараттық құралдармен жұмыс істеу, электроника және схемотехника негіздерін үйрету, алған білімдерін, дағдыларын пайдалана отырып, IoT құрылғыларын өз бетінше жобалау дағдылары қалыптасады. Ақылды құрылғыларға арналған микроконтроллерді бағдарламалау негіздері, датчиктерді қолдану негіздері, басқарылатын жүйелерді құру негіздері туралы білімдер меңгеріледі. Сенсорларды таңдау, қосу және конфигурациялау, IoT технологиясы бойынша компьютерлік көру негізінде басқарылатын жүйелерді әзірлеу дағдысы алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Мобильді қосымшаларды бағдарламалау
Интерактивті мобильдік қосымшаларды құрудың негізгі тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, қосымшалардың дұрыс интерфейсі мен архитектурасын әзірлеуге үйрету бойынша дағдылар алынады. Мобилді қосымшаларды әзірлеу, қолданбаның негізгі компоненттерімен жұмыс істеу, әртүрлі күрделіліктегі элементтермен интерфейстер құру және материалдық дизайн негіздерін қолдану дағдылары қалыптасады. Интернетке кіруді және қашықтағы серверге сұраныстарды жіберуді игеру, Push хабарландыруларымен, көп ағынды, API арқылы деректерді алу және оларды Room көмегімен дерекқорға сақтау туралы білімдер меңгеріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Компьютерлік графика
Компьютерлік графиканы құрудың заманауи әдістерін оқып үйрену және оларды кәсіби қызметте қолдану дағдылары қалыптасады. Растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеуге қажетті интерактивті дизайнды жобалау туралы білім алынады. Конструкторлық құжаттар жасау үшін графикалық жұмыстарды автоматтандыру, компьютерлік графика және сандық дизайн негіздерімен таныстыру, графикалық дестелерде векторлық және сандық бейнелерді компьютерлік редактірлеу, өңдеу және түрлендірудің практикалық дағдылары алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Объектілерді тану технологиялары
Талдаудың математикалық және алгоритмдік негіздерін зерттеу және кескіндерді жіктеу, математикалық әдістердің практикалық қосымшаларымен танысу және кескіндерді жіктеу дағдылары қалыптасады. Суреттерді талдау және жіктеу есептерін шешудің математикалық машиналық оқыту әдістері, компьютерлік көру, кескінді өңдеу және талдау әдістерінің мүмкіндіктері мен қолдану шекаралары туралы білімдер меңгеріледі. Кескінді өңдеу, талдау және тану алгоритмдерін әзірлеу, кескінді өңдеу, талдау және танудың қолданбалы мәселелерін шешу дағдылары алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Операциялық жүйелер
Операциялық жүйелерді орнату, конфигурациялау және сүйемелдеу, дербес компьютер ресурстарын және пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару, ресурстардың қауіпсіздігін бағдарламалық қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен іскерлік қамтамасыз етіледі. Желілік операциялық жүйелерде, Windows 11, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс жасаудың архитектурасы мен жұмыс принциптерімен танысу, заманауи операциялық жүйелердің құрылымын және негізгі ішкі жүйелердің жұмыс істеу принциптерін зерттеу, графикалық интерфейс пен командалық қабықшалардың көмегімен ОЖ-ны әкімшілік ету және күйге келтіру дағдылары игеріледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Нейрондық желілер
Негізгі нейронды-желілік парадигмалармен және олардың қолдану салаларымен таныстыру дағдылары қалыптасады. Жасанды нейрондық желілердің негіздері – бір және көп қабатты нейрондық желілердің құрылымы, оқыту алгоритмдерінің жіктелуі, Персептрондар, Хопфилд және Хэминг, қарсы тарату желілері, екі бағытты ассоциативті жады, адаптивті резонанс теориясы, когнитрондар (неокогнитрондар), желінің сыйымдылығы мен тұрақтылығы мәселелерін талдау үдерісі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Объектіге бағытталған бағдарламалау
Объектіге бағытталған бағдарламалау механизмдерін пайдалану дағдылары қалыптасады. Негізгі принциптерін және механизмдерін пайдалану, объектіге бағытталған программалау технологияларының даму саласындағы негізгі тенденцияларды түсіну, әртүрлі күрделілік деңгейіндегі программалық жүйелерді құру кезінде объектіге бағытталған программалау механизмдерін пайдалану, Visual Studio ортасының объектіге бағытталған программаларды құруға арналған кітапханалары мен құралдарын пайдалану туралы білімдер алынады. Құрылымдық программалау тәсілімен салыстыра отырып, кешенді қосымшаларды құруда объектіге бағытталған бағдарламалаудың артықшылықтарын бағалау, программалық кодты қайталап пайдалану мақсатында кешенді тапсырманы ішкі тапсырмаларға бөліп, модульді түрде шешім құру дағдысы алынады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Терең оқытуда нейронды желілерді модельдеу
Құрылатын нейрондық желілік модельдердің сәйкестігін және олардың негізінде модельдеу нәтижелерінің дұрыстығын бағалау тәсілдері мен әдістері, нейрондық желілік модельдерді пайдалану дағдысы қалыптасады. Жасанды нейрондық желілерді оқыту мәселесін шешу жолдары, көп қабатты нейрондық желілердің жасырын қабаттарындағы нейрондар санын реттеу, қысқарту алгоритмдері, конструктивті алгоритмдер бойынша білімдер меңгеріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ақылды құрылғылар
Ақылды құрылғылардың элементтік базасымен танысу, операциялық жүйелермен және бағдарламалау тілдерімен танысу, құрылғылар арасында ақпарат алмасудың сымды хаттамаларын игеру, сымсыз ақпарат алмасу хаттамаларын игеру, қашықтағы құрылғылардан деректерді біріктіру және өңдеу әдістерін игеру дағдылары қалыптасады. Ақылды құрылғылар технологияларының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету, сенсорлар мен актуаторларды қосу әдістері, құрылғылар және сервер арасында сымды және сымсыз ақпарат алмасу протоколдары, қашықтағы құрылғылардан деректерді жинау, машиналық оқыту, сақтау және біріктіру әдістері туралы білімдер меңгеріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Big Data негіздері
Big Data технологияларының логикасында үлкен деректерді жинау, сақтау және өңдеу үшін заманауи таратылған есептеу инфрақұрылымының ғылыми-технологиялық базасын құру туралы дағдылар қалыптасады. Машиналық оқыту және эволюциялық есептеу әдістерімен деректерден білімді автоматты түрде алу үшін әдістерді, модельдерді және жоғары тиімді алгоритмдерді әзірлеу бойынша білімдер меңгеріледі. Өте үлкен массивтерден алынған білімді формализациялау, құрылымдау, біріктіру, түсіндіру және игеру әдістерін дамыту туралы дағдылар алынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Үлкен деректерді өңдеу технологиясы
Үлкен массивтермен жұмысты автоматтандыру, сыртқы көздерден деректерді алу, мәліметтер негізінде жасалған қорытындыларды негіздеу дағдылары қалыптасады. Үлкен деректерді талдау жүйелерін құру, гипотезаларды тексеру, деректерді өңдеудің машиналық әдістерін, деректердегі жасырын ауытқуларды және болжамды модельдер жасау туралы білімдер меңгеріледі. Үлкен деректерді талдау үшін күрделі математиканы қолдану, деректер модельдерімен, машиналық оқытумен және нейрондық желілермен өнімді жұмыс істеу үшін қажетті математикалық аппаратты игеру бойынша дағдылар алынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Өндірістегі робототехника
Технологиялық жүйелердің модельдерін әзірлейді, модельден динамикалық элементтерді (транзакцияларды) жасайды; технологиялық операциялардың орындалу ұзақтығын модельдейді; қызмет көрсету жабдығын имитациялайды; модельдерде кездейсоқ функцияларды қолданады; технологиялық жүйелердің модельдерімен Имитациялық эксперименттер жүргізеді: өндірістік циклдің ұзақтығын және жабдықты пайдалану коэффициенттерін бағалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұлттық есептеулер
Бұлтты технологиялардың архитектурасы, бұлтты сервистерді жобалаудың тәсілдері мен ерекшеліктері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар алынады. Сондай-ақ негізгі қолданыстағы бұлтты платформаларға арналған қосымшаларды әзірлеу дағдылары қалыптасады. Бұлтты есептеулердің негізгі сипаттамалары, сондай-ақ бұлтты инфрақұрылымға көшу, деректерді өңдеу және бұлтты сервистерді пайдалану бойынша алғышарттары зерттеледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Деректерді параллельді өңдеу
Бірнеше әрекеттерді бір уақытта орындау идеясын үйрету білімі, біліктілігі, дағдысы мен құзыреттілігі қалыптасады. Үлестірілген және параллельді жүйелер, деректерді өңдеу процестерін жоспарлау модельдері мен алгоритмдері, үлестірілген және параллельді жүйелерді бағдарламалау тілдері мен құралдары туралы дағдылар алынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Деректерді визуализациялау
Үш өлшемді моделдеу, визуализация, анимация, нақты объектілердің үш өлшемді модельдерін құру қабілеттеріне, фотореалистік сападағы бейнелерді визуализациялау, компьютерлік анимациялар үйрету дағдылары қалыптасады. Пайдаланушылық интерфейстер, 3D-сценаларды модельдеу әдістері, үш өлшемді объектілерді модельдеу бойынша білімдер алынады. Деректерді жобалау және әзірленген визуалды ақпарат объектілерінің сапасына бағалау жүргізу дағдысы алынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Smart-технологияларды басқару
Интеллектуалды технология негізінде ақпаратты ұсыну мен өңдеудің принциптері, әдістері туралы білім алу, болашақ кәсіби қызметте интеллектуалды қасиеттері бар күрделі жүйелердің модельдерін құрудың нақты міндеттерін шешу әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша дағдылары мен құзыреттері қалыптасады. Smart жүйелердің ақпараттық модельдерін құру принциптері, оларға міндеттерді тұжырымдау әдістері және оларды шешу әдістері зерттеледі. Ақылды құрылғыларды талдау, баптау және синтездеу үшін машиналық оқыту технологиясының модельдерін қолдану туралы білімдер меңгеріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Графикалық жүйелерді әкімшілендіру
Тілдерді қолдана отырып, әртүрлі графикалық объектілерді құру және түрлендіру туралы білімдер меңгеріледі. Бағдарламалауды, әртүрлі графикалық редакторларды және бағдарлама пакеттерін әкімшілендірудің негізгі дағдылары алынады. Негізгі графикалық құрылғылармен жұмыс істеу принциптері, экрандағы кескіндерге динамизм беру жолдары, компьютерлік кескіндерге шынайылық беру әдістерін игеру дағдысы қалыптасады. Жеткілікті дәрежеде күрделі көріністердің суреттерін салу, реализм, динамика мен анимация элементтерін қолдану туралы мағлұматтар беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
IT жобаларды басқару
IT-жобаларды басқаруды жан-жақты шолу, оны талдау, жоспарлау, жобалау және бағалау туралы дағдылар қалыптасады. Жүйелік талдаушылардың, бағдарламашылардың және басқа мамандардың жұмыстарын үйлестірудің дағдылары алынады. IT жобаларды стратегиялық бағалау және басқару, бағдарламалық қамтамасыз ету, жобаларға басшылықты жүзеге асыру меңгеріледі
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті, қажетті икемді дағдыларды қалыптастырады.
- Жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде Smart-технологиялар мен IT-жобаларды басқару құралдарын қолданады, жобаның тәуекелдері мен тиімділігін сапалы және сандық бағалауды жүргізеді.
- Компьютерлік көру үшін қауіпсіздік бағдарламаларын сүйемелдейді.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
- Әзірленген көрнекі ақпарат объектілерінің сапасына бағалап және қолданбалы кескіндерді өңдеу, талдау және тану мәселелерін шешу арқылы интерактивті дизайнды жобалайды.
- Бұлттық технология құралдарына негізделген құрылғыларға арналған бағдарламалық құралды жүргізеді.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, мобильді, мультимедиялық, Web-қосымшаларды, VR және Ar қосымшаларды, дерекқорларды қоса алғанда, қорғалған клиент-серверлік қосымшаларды әзірлеуге арналған Заманауи бағдарламалау, тестілеу, ақпаратты қорғау технологияларын және аспаптық құралдарды меңгерген.
- Аппараттық және математикалық құралдарға, жергілікті есептеу желілеріне және коммуникациялық жабдықтарға қызмет көрсетеді.
- Нейрондық желілерге негізделген бағдарламаларды әзірлеп, машиналық оқыту жүйелерінің модельдерін жасайды.
- Ақылды құрылғыларда бейне және аудио ақпаратты монтаждау, өңдеу үшін бағдарламаларды қолданады.