Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02305 Филология (қазақ) в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақ әдебиетінің тарихын, кезеңдері мен қалыптасу жолдарын, даму бағыттарын меңгереді. Әдеби кезеңдердің жетістіктері мен ерекшеліктерін талдайды, әр дәуір шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан анықтайды, көркем шығармадағы қаламгер позициясын, стилін бағамдайды.
  • Мәтіннің құрылымдық-семантикалық, синтаксистік, стилистикалық түзілу ерекшеліктерін анықтайды,мәтінге лингвистикалық сараптама, тілдік талдау жасайды. Сөз және оның этимологиясына, түркі халықтары тілі мен әдебиетінің тарихи дамуына байланысты ғылыми тұжырымдарды саралайды.
  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының, философияның, қолданбалы экономикалық, заң, жаратылыстану-ғылыми пәндерінің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді.
  • Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеті ментәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңартылған білім мазмұнының тиімді тұстарын, инновациялық технологияларды жүйелеп талдайды, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктері қалыптасады. Қазақ әліпбиіне, орфография мен пунктуацияға қатысты ережелерді меңгереді.
  • Жалпы тілдік теориялар мен қазақ әдеби тілінің тарихын, қалыптасу жолдарын біледі. Қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттануындағы жаңашыл тенденцияларды, көкейкесті тақырып пен идеяны, стильді анықтайды. Абайтану мен қазақ халқының әдеби мұрасын,әдеби сын тарихындағы негізгі мәселелерді игереді. Контрастивтік лингвистика негіздері мен алаштың тілдік мұрасын терең меңгереді. Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытылатын салада қолданады.
  • Қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психологияның базалық білімдер жүйесіндегі интеграциялық үдерістердің өнімі ретінде түсінеді және түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас салаларындағы жағдайларды объективті бағалайды.
  • Кәсіби қызметтің міндеттерін шешуде тілдік қарым-қатынас дағдыларын игереді. Тілдің қоғамдық қызметін саралайды, тілдің ішкі және сыртқы даму заңдылықтарын біледі. Қазіргі қазақ тілінің теориясын терең меңгереді, лингвистикалық талдау дағдылары толық қалыптасады.
  • Әдебиеттану ғылымына қатысты терминологияны, алаш әдебиеттануы мен қазақ библиографиясының тарихын, әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі шығыстық әдеби дәстүрлердің көрінісін жан-жақты меңгереді, көркем шығармаға әдеби талдау жасайды.
Top