Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02305 Қазақ филологиясы в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • фольклордың теориялық негіздері мен ежелгі және жазба әдебиетінің алғашқы туындыларының мазмұнын сараптау арқылы, өзіндік ерекшеліктерін жүйелей білу.
  • синхрондық және диахрондық аспектілерде тіл жүйесінің қызмет ету заңдылықтарын білуі
  • әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
  • кәсіби тіл мәдениетіне ие болу.
  • құқықтық сауаттылықтыарттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • кәсіби және әлеуметтік маңызды мазмұндағы мәтіндерді құруға және редакциялауға қабілетті болады.
  • қазіргі заманғы әдеби жағдайды ескере отырып, кең тарихи және әдеби тұрғыда әдеби шығармаларды талдау дағдыларына ие болу
  • белгілі бір тілдік стильге байланысты тілдік құралдарды өзгерту дағдыларын иеленеді
  • коммуникацияның барлық салаларында қазіргі қазақ әдеби тіліне ие болу
  • ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімдіқолдана білу.
  • әдеби тіл нормаларын сөйлеуде іс жүзінде іске асыру,
  • дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
  • әдебиеттану теориясы мен әдіснамасына сүйеніп, әдебиет туындысын білікті бағалау және түсіндіру дағдыларын меңгеру
  • тілдің белгілі бір деңгейін зерттеуге бағытталған лингвистикалық пәндер жүйесінде ұсынылған жүйелік тілдік бірліктердің қарым-қатынасын түсіне алу
Top