Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04120 Мемлекетік және жергілікті басқару в Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Оқыту нәтижелері

  • Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін, теориясын, тәжірибесін және әдіснамасын білу, ағымдағы жоспарлау және басқару шешімдерін қабылдау кезінде стратегиялық мемлекеттік бағдарламаларды қолдану дағдыларын көрсету.
  • Кадр саясатының әдіснамалық негіздері туралы теориялық білімін, оның мемлекеттік басқарудағы жағдайын талдаудың практикалық дағдыларын көрсету
  • Қарым-қатынасқа қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде түсу; басқару және басқару психологиясында іргелі білім мен дағдыларды қолдану
  • Экономикалық саясаттың негізгі құралдарын және олардың әрекеті мен өзара әрекеттесу механизмдерін зерттеуді білу, мына салалардағы: ақша-несие, бюджеттік, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және экологиялық саясаттың пәнін, объектісін және принциптерін анықтай алу
  • Шет елдердегі мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру бойынша білімін көрсету, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді реттеудегі озық тәжірибені талдау және енгізу қабілетін көрсету
  • Нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін жаңа ойлау мен әрекет етудің жаңа тәсілін қалыптастырудағы корпоративтік басқарудың рөлін білу; компанияның операциялық және стратегиялық міндеттерін басқалармен бірлесіп шешу үшін кәсіпорында корпоративтік басқаруды ұйымдастыра білу
  • Арнайы терминология мен лексиканы қолдану, шығармашылық және перспективалық ойлау, кәсіби әдебиеттермен жұмыс жасау; алған білімдерін ғылыми ізденіс жағдайында идеяларды өзіндік дамыту және қолдану үшін пайдалана білу
  • Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатты құрудың негізгі принциптерін, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын білу; аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжай білу, аймақтардың инновациялық саясатының бағыттары мен басымдықтарын анықтау
Top