Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01533 Информатика-Математика в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Көпмәдениетті қоғамда қарым-қатынас жасай біледі, қарым-қатынас психологиясының негіздерін және кәсіби қоғамдастықтағы ынтымақтастық әдістерін қолданады, кәсіби қызмет үшін қажетті тілдерде сауатты және сындарлы қарым-қатынас жүргізеді
  • Экология, дене тәрбиесі, кәсіпкерлік және өзінің кәсіби қызметінде көшбасшылық саласында білім алушылардың үздік қасиеттерін қалыптастыра отырып және әлемді жақсартуға ұмтылу дағдыларын машықтайды
  • Өзінің кәсіби қызметінде есептеу техникасы және программалау, компьютерлік модельдеу, компьютерлік жүйелер мен желілердің архитектурасы саласында білімін қолданыды; информатика мен АКТ оқытуда компьютерлік модельдеу, деректер базасын, мобильді қосымшаларды, цифрлық білім беру ресурстарын жобалау мен әзірлеудің негізгі әдістерін қолданады
  • Сабақтың қойылған мақсаттарына сәйкес оқу материалдарын әзірлейді, әдістер мен тәсілдерді айқындайды, білім алушылардың жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастырады
  • Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ЕБҚ бар балаларды оқытудың бейімделген бағдарламалары мен жеке траекторияларын әзірлейді, білім беру процесін критериалды бағалау дағдыларын меңгерген
  • Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде пән саласындағы практикалық және шығармашылық міндеттерді шешу үшін қашықтан және АКТ технологияларын, жобалық оқыту технологияларын пайдаланады, жаратылыстану-ғылыми бағыт саласындағы біліммен интеграциялауда STEM-оқыту технологияларын қолданады
  • Заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, информатика және ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, компьютер және компьютерлік желілер архитектурасы, деректер базасы және ақпараттық жүйелер бойынша оқу сабақтарын құрастырады және өткізеді, информатика саласындағы озық білімге негізделген заманауи цифрлық технологияларды білу мен түсінуді көрсетеді
  • Білім алушыларды әділдік, адалдық және инабаттылық мұраттарына бағыттай отырып, экономика және құқық саласында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінде білімін қолданады
  • Педагогикалық тактіні, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды, оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің білімі мен дағдыларын қолданады
  • Өзінің кәсіби қызметінде математикалық ғылымдар және мамандандырылған математикалық талдау, алгебра, геометрия, ықтималдық теориясы, математикалық логика және дискретті математика, дифференциалдық теңдеулер негіздерін пайдаланады; математикалық білім беру саласындағы есептерді тұжырымдайды және шешеді
  • Өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін меңгерген және оларды педагогикалық шығармашылық кеңістігін кеңейту мақсатында пайдаланады
  • Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, математикадан оқу сабақтарын құрастырады және өткізеді, математика ғылымдарының іргелі негіздерін меңгерген
Top