Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06101 Ақпараттық жүйелер және технологиялар в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Зерттеу және тәжірибелік есептерді шешу кезінде, соның ішінде пәнаралық салаларда туындайтын әдіснамалық мәселелерді талдау дағдыларын меңгерген; программалық зияткерлік жүйелерді құру, деректерді тиімді талдау мақсатында заманауи теориялық және практикалық зерттеу әдістерін қолданады.
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға үлес қоса алатын қазіргі заманғы тарих пен философия ғылымы, қолданбалы жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша өзекті білімдерін көрсете алады.
  • Ғылыми және қолданбалы есептердің инновациялық шешімдерін талдауды, АЖ және АКТ арқылы кәсіпорынды басқарудың өмірлік циклі процестерін жоспарлау мен ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, АТ саласындағы инновациялық технологияларды коммерцияландыру әдістері мен модельдерін практикада қолданады, АТ-жобаларын ұйымдастыру және тиімді басқару әдістерін меңгерген.
  • IT-саласындағы ғылыми және қолданбалы есептерді шешу үшін деректерді талдаудың, модельдеудің және визуализациялаудың математикалық, компьютерлік әдістерін, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, программалық қамтамасыз етуді жобалау және әзірлеуді меңгерген.
  • Білім алушылардың жеке және ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес білім беру ұйымының қызметін жоспарлау тәсілдері мен әдістерін, оқу сабақтарын өткізу әдістемесін меңгерген.
  • Программалық қамтамасыз етудің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін іске асыру үшін заманауи технологиялар мен программалау, тестілеу, қорғау және құжаттау құралдарын меңгерген.
  • Кәсіби-бағытталған, оның ішінде ғылыми-техникалық сипаттағы ауызша және жазбаша мәтіндердің функционалдық ерекшеліктерін түсіну деңгейінде ағылшын тілін және аударма техникасын меңгерген.
Top