Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06210 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мамандандырылған автоматтандырылған жобалау жүйелерінің көмегімен техникалық тапсырманы әзірлеу әдістерін, Радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің жобалық құжаттамасын ресімдеуді білу.
  • Экономикалық білімнің негіздеріне ие болу, менеджмент, маркетинг, қаржы туралы ғылыми түсінікке ие болу, белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдау дағдыларына ие болу.
  • Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және инженерлік білімдерін көрсете білу, теориялық және тәжірибелік зерттеулердің мәліметтерін, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдау элементтерін математикалық өңдеу әдістерін көрсету.
  • Деректер базасы мен эксперименттік жүйелерді басқару жүйелерін, сондай-ақ басқару объектілерін модельдеу және сәйкестендіру әдістерін пайдалану, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында автоматтандыру мен басқарудың оңтайлы, сенімді жүйелерін құру мақсатында эксперименттік зерттеу әдістерін игеру.
  • Жеке түрде және команданың мүшесі ретіндетиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдана алу.
  • Сандық телерадио хабарларын таратудың негізгі принциптерін, жылжымалы радиобайланыс жүйесін және кең жолақты радиожиілікті білу, заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып модельдеу арқылы электр және радиотехникалық тізбектерге эксперименттік зерттеулер жүргізу, алған білімдерін практикада қолдану.
  • Электроника, микроэлектронды техника негіздерін, автоматика элементтері мен құрылғыларының құрамын, құрылымдық сұлбаларын және жұмыс принциптерін білу, ақпараттық-өлшеу және автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу үшін өлшеу, бақылау және басқару құралдарын негізделген таңдауды жүзеге асыру, автоматтандырудың техникалық құралдарына қызмет көрсету және жөндеу дағдыларын меңгеру.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығына ие болу, ақпаратты жинау, жинақтау және талдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
  • Әртүрлі технологиялық аппараттарды логикалық басқару үшін автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдана отырып, басқару бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын игеру және қолданыстағы аналогтармен салыстыру арқылы олардың тиімділігін бағалау.
  • Кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесе білу.
  • Басқару жүйелеріндегі ақпаратты тасымалдаушы сигналдарды жинау, түрлендіру және беру жүйелерін әзірлеу және талдау үшін қолданбалы ақпарат теориясының заңдары мен әдістерін меңгеру.
  • Типтік технологиялық процестер мен өндірістерді автоматты реттеу және басқару жүйелерін жіктеу негіздерін білу, нақты жағдай үшін негізделген таңдауды жүзеге асыру.
Top