Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07101 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – халықаралық стандарттар мен отандық дәстүрлерге негізделген, органикалық емес заттар мен материалдарды өндіру саласында білімі бар, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, өндірістегі технологиялық шешімдерді модельдей және оңтайландыра алатын, болашақ кәсіби қызмет саласында теориялық және тәжірибелік білімі бар білікті мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Бейорганикалық химия
Элементтер химиясы
Жоғары математика
Бейорганикалық химияның таңдалған тараулары
Физика
-
2 Оқу жылы
Сапалық анализ
Химиялық технология және катализ
Физикалық химия
Қолданбалы бизнес
Жалпы химиялық технология
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Ғылыми зерттеу негіздері
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер
Коллоидтық химия
Сандық анализ
-
3 Оқу жылы
Қоршаған ортаны қорғау
Өнеркәсіптік экология
Кәсіби қазақ тілі
Органикалық химия
Техникалық аударма
Глинозем және силикат материалдардың химиялық технологиясы
Сызба геометриясы
Инженерлік графика
Тұтқыр материалдар технологиясы
Химиялық технологиядағы кәсіби бағытталған шетел тілі
Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорындарды басқару
Ароматты қосылыстар химиясы
Циклді қосылыстар химиясы
Химиялық технологиядағы эксперименттерді оңтайландыру әдістері
Бағдарламалық инженерия
Зауыттарды жобалау және жабдықтау негіздері
Химиялық және экологиялық қауіпсіздіктің технологиялық процестері мен инженердің экологиялық білімінің негіздері
Цифрлық инжиниринг
Пиро- және гидрометаллургиялық процестер
Металлургия негіздері
-
4 Оқу жылы
Минералды шикізаттар анализі
Технологиялық эксперименттерді жоспарлау әдістері
Полимерлердің химиясы мен технологиясы
Эксперименттік деректерді сандық өңдеу
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы
Бейорганикалық заттардың химиясы және технологиясы
Жоспарланған факторлы эксперимент
Химиялық өндірістердің жылутехникасы және техникалық термодинамика
Қышқылдар мен негіздердің химиялық технологиясы
Техникалық термодинамика
Минералды шикізаттарды байыту технологиясы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері
Оқыту нәтижелері
- Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешеді; математикалық талдаудың, дискретті математиканың, ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен әдістерін, қолданбалы есептерді шешудің негізгі сандық әдістерін біледі және термодинамика физикасының негізгі заңдылықтарын түсінеді, изохораның, изобардың, изотерманың деңгейлерін, фаза ережелерін, химиялық кинетика мен катализ негіздерін біледі.
- Өндірістік процесстер, өндірістерді басқару мен ұйымдастыру және жобалау негіздері туралы түсініктерді біледі, технологиялық процестердің тиімділігін, каталиткалық процестердің ерекшеліктерін анықтау параметрлерін біледі, өндірістік факторларды талдай алады, технологиялық жүйелерді интегралдап жүйелейді, тәуекелді бағалаудағы құрамдастың ықтималдығын бағалайды, химиялық өндірістегі апат моделінің ықтималдығын құрайды.
- Органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакцияға қабілеттілігі туралы қазіргі заманғы түсініктерді қоса алғанда, теориялық органикалық химияның іргелі ережелерін; полимерлер технологиясының негізі мен жоғарымолекулалық қосылыстардың қасиеттері мен жіктемесін біледі.
- Қазіргі заманғы зерттеу әдістері саласында білімді қалыптастырады, сызба геометриясының негіздерін біледі: проекциялау тәсілдерін, орталық проекциялау, проекциялар жазықтығын, параллель проекциялау және орталық проекциялаудың жеке жағдайын, сондай-ақ тікбұрышты проекциялау, ортогональды проекциялау.
- Шикізатты жіктеуді біледі, шикізатты байытудың бастапқы әдістерін, материалдардың шашырауын, гравитациялық және электромагниттік байытуды біледі, минералды шикізаттың жіктелуін, шикізатты байытудың бастапқы әдістерін, гравитациялық және электромагнитті байытуды біледі, гидрометаллургиялық процестерде аттардың сұйық және қатты күйлерін қолдана алады, металлургиялық балқымалардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттері туралы негізгі ақпаратқа ие, металлургия негіздерін, металлургиялық отындардың қасиеттері мен жіктемесін, металдарды қалпына келтірудің физика-химиялық негіздерін, металл және балқымалардың өндірісін түсінеді.
- Химия-технологиялық өндірістің экономикасын, ұйымдастырылуын және жоспарлауын біледі және химия өнеркәсібінің ғимараттары мен құрылыстарын жобалау принциптерін қолданады, өнеркәсіптік объектілерді жобалау туралы жалпы ережелерді түсінеді, энергия шығынын есептейді, химиялық технология процестерін, жіктеуді, масса мен энергияның сақталу заңдарын, жылу алмасу ұғымдарын, жылу алмастырғыштарды жіктеуді түсінеді, химиялық процестердің физика-химиялық негіздерін, стехиометрияны, химиялық түрлендірулердің термодинамикасын түсінеді.
- Құрылыс тұтқыр заттар, ұнтақ тәрізді материалдар туралы білімдерін көрсетеді, ол сумен араластыру кезінде ыңғайлы өңделетін пластикалық массаны уақыт өте берік тас тәрізді денеге қатайтындығын көрсете алады. Глиноземді цементті және толтырғыштары бар цементті алу негіздерін біледі. глиноземді қайта өңдеу және силикатты материалдарды өндіру тәсілдерін, қажетті дәлдікке қол жеткізу тәсілдерін біледі және өлшеу туралы ғылым ретінде метрология негіздерін біледі.
- Физикалық-химиялық және басқа заңдар мен жалпылау арқылы негіздеуге баса назар аудара отырып, нақты аналитикалық реагенттер, оларды қолдану салалары мен ерекшеліктері туралы мәліметтердің кең жиынтығын иеленеді және пайдаланады және химиялық реакциялар мен химиялық тепе-теңдіктің кинетикалық параметрлерін талдайды; химиялық реакциялардың жылу әсерлерін және жылдамдығын есептейді, каталитикалық реакциялардың параметрлерін, химиялық және физика-химиялық процестердің жүру заңдылықтарын, идеал газдар заңдылықтарын анықтайды және қатты денелердің бетіндегі құбылыстармен анықталатын коллоидтық химия мен дисперсті жүйелерегі процестер туралы білімді қолданады.
- Толық факторлы эксперимент әдістерін меңгереді , экспериментті жоспарлай алады, барлық факторлармен түрлендіре алады, толық факторлы эксперименттің жоспарын, жоспарлау матрицасын құрайды, регрессия теңдеуінің коэффиценттерін анықтайды, мақсатты өнімнің шығу көлеміне сәйкес келетін фактордың үлесін сипаттайды және химиялық-технологиялық эксперименттерді жүргізу негіздерін біледі, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жүйелеу, сандық технологияның негізін біледі.
- Мамандығы бойынша жазбаша және ауызша аудармашылық дағдылары қалыптасқан, кәсіби қызмет аясында ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеті бар, жалпы лексиканы, сонымен қатар кәсіби ағылшын терминологиясын біледі. Техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен ана тіліне және керісінше аударудың заманауи техникасын меңгерген.
- Бейорганикалық химия бойынша типтік есептерді шешудің негізгі әдістерін қолданады және оларды технологиялық мәселелерді шешуде қолдана алады және бейорганикалық химияның теориялық негіздері мен заңдылықтарын біледі, күрделі химиялық есептердің шешімін табады, реакция механизмін талдайды, кәсіби қызметте қазіргі химия ғылымының өзекті мәселелерін шешуде теориялық біліктер мен дағдыларды қолданады, қажетті ақпаратты табады, алады және жүйелейді, қолданады.
- Өнеркәсіптік экология тұжырымдамасын, атмосфераға антропогендік әсерді түсінеді, қалдықсыз технологияны құру принциптерін, химиялық-технологиялық процесті жүйе ретінде пайдаланады, қалдықсыз технологиялық процестердің негіздерін түсінеді, шикізатты қалдықсыз технологияларда кешенді түрде пайдаланады.
- Қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін қолданбалы экономикалық, заң, жаратылыстану ғылымдарының тиісті білімін көрсетеді. Ол қоғам туралы білімді тұтас жүйе және тұлға, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудағы талаптардың заңды мүдделері, кәсіпкерлік қызмет үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар, зиянды және қауіпті факторлардың адам мен қоршаған ортаға әсері туралы білімді қолданады.
Ұқсас БББ
6B07101 Химиялық технология
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B07101 Көмірсутектердің химиялық технологиясы
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Қазақстан-Британ техникалық университеті
6B07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)
6B07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Алматы технологиялық университеті (АТУ)
6B07101 Ораганикалық заттардың химиялық технологиясы
Қарағанды индустриялық университеті