Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07203 Мұнай өңдеу өнеркәсібінің технологиясы (салалар бойынша) в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы зерттеу әдістері саласында білімді қалыптастырады, сызба геометриясының негіздерін біледі: проекциялау тәсілдерін, орталық проекциялау, проекциялар жазықтығын, параллель проекциялау және орталық проекциялаудың жеке жағдайын, сондай-ақ тікбұрышты проекциялау, ортогональды проекциялау.
  • Қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешеді, математикалық талдаудың, дискретті математиканың, ықтималдықтар теориясының, математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен әдістерін және қолданбалы есептерді шешудің негізгі сандық әдістерін біледі, шарттар физикасын ескере отырып, дұрыс болжауда химиялық есептерді шешуде физикалық білімді қолданады.
  • Мұнай, мұнай өнімдерін, электрогидро әсерді, жоғары тұтқырлы мұнайды, электрогидро-импульстік технологияны пайдаланудың түрлі әдістерін саралайды және қолданады, жоғары тұтқырлы мұнайларды өңдеу кезінде ауыр мұнай қалдықтары мен газ конденсатын кавитациялық, плазмохимиялық, газификациялық, акустикалық өңдеу тәсілдерін талдайды.
  • Өнеркәсіптік экология тұжырымдамасын, атмосфераға антропогендік әсерді біледі. Өнеркәсіптік экология тұжырымдамасын, атмосфераға антропогендік әсерді түсінеді, қалдықсыз технологияны құру принциптерін, химиялық-технологиялық процесті жүйе ретінде пайдаланады, қалдықсыз технологиялық процестердің негіздерін түсінеді, шикізатты қалдықсыз технологияларда кешенді түрде пайдаланады.
  • Процестер мен аппараттардың материалдық және энергетикалық баланстарын есептейді, жабдықтың нақты түрінің сипаттамалары мен параметрлерінің есебін орындайды, нақты өндіріс үшін жабдық конструкциясын таңдауды негіздейді, таңдап алынған технологиялық сызбалардың мақсаттылығын негіздейді, көмірсутек шикізатын өңдеу кезінде әдістерін қолданады, мұнайды, газ конденсатын және газды өңдеу әдістерінде негізгі теориялық білімді қолданады.
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін қолданбалы экономикалық, заңдық, жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша өзекті білімдерін көрсетеді; қоғам туралы білімді тұтас жүйе, қазіргі қоғамдағы рухани процестердің рөлі, жеке және заңдыт ұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері, зиянды және қауіпті факторлардың адамға және табиғи ортаға әсері ретінде қолданады.
  • Мамандығы бойынша жазбаша және ауызша аудармашылық дағдылары қалыптасқан, кәсіби қызмет аясында ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау қабілеті бар, жалпы лексиканы, сонымен қатар кәсіби ағылшын терминологиясын біледі. Техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен ана тіліне және керісінше аударудың заманауи техникасын меңгерген.
  • Бейорганикалық химия бойынша типтік есептерді шешудің негізгі әдістерін қолданады; технологиялық мәселелерді шешуде қолдана алады және бейорганикалық химияның теориялық негіздері мен заңдылықтарын, реакция механизмін түсінеді, өзекті мәселелерінің шешімін табады, кәсіби қызметте қазіргі химия ғылымының өзекті мәселелерін шешуде теориялық біліктер мен дағдыларды қолданады, қажетті ақпаратты табады, жүйелейді, қолданады.
  • Органикалық қосылыстардың құрылысы мен реактивтілігі туралы қазіргі заманғы түсініктерді қоса алғанда, теориялық органикалық химияның іргелі ережелері, ЖМҚ мен полимерлі материалдарының қасиеттерінің жіктелуін туралы базалық білімді меңгерген.
  • Химиялық реагенттер, оларды қолдану салалары мен ерекшеліктері туралы мәліметтердің кең жиынтығын иеленеді және пайдаланады коллоидті химия негіздерін біледі; химиялық реакциялар мен химиялық тепе-теңдіктің кинетикалық параметрлерін талдайды; химиялық реакциялардың жылу әсерлерін және жылдамдығын есептейді, каталитикалық реакциялардың параметрлерін, химиялық және физика-химиялық процестердің жүру, идеал газдар заңдылықтарын түсінеді.
  • Мұнай, ауыр, қатты көмірсутекті шикізатты, мұнай өнімдерінің өңдеудің әртүрлі дәстүрлі емес әдістерін біледі, өндеу процестерінің жетілдіру үшін білімдерін қолданады әр түрлі көмірсутекті шикізаттың барлық түрлерін өңдеудің технологиялық процесінің негіздерін біледі, ауыр мұнай қалдықтарын металлсыздандыру әдістерін біледі.
  • Процестер мен аппараттардың материалды-энергетикалық теңгерімдерін есептейді, жабдықтың белгілі бір түрінің сипаттамалары мен параметрлерін есептеуді жүргізеді, жабдықтар мен технологиялық схемалардың орындылығын негіздейді. Термиялық деструкциялау: крекинг, кокстеу, пиролиз; көмірсутекті шикізатын өндеудің деструктивті процестерінің теориялық және технологиялық негіздерін біледі.
  • Химмотология негіздерін меңгерген, отын мен жағармай материалдарының сапасын оңтайландырады, мотор отындары мен майлау майларының сапасын бағалау әдістерін меңгерген, мұнай-химия синтезі процестерінің механизмдері, Мұнай химиясындағы каталитикалық процестерді оңтайландыру заңдылықтары мен әдістері туралы білімі бар, гидрогенизациялық технологиялардың негіздерін, мұнайды кешенді өңдеуді біледі, майлау майларын өндіру технологиясын меңгерген.
Top