Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Өз тәжірибесін жақсарту үшін педагогикалық тәжірибені талдайды, жүйелейді және жинақтайды, ғылыми – зерттеу және жобалық қызметті жүргізе алады, "цифрлық ойлауды"пайдалана отырып, ғылыми іздеу нәтижелерін ресімдейді;
  • Жалпы және дене шынықтыру, СӨС негіздерін бастауыш мектеп оқушыларының тәжірибесіне өзгертеді; МЖМБС талаптарын басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық және физикалық қасиеттерін дамытады
  • Сыни ойлау мен рефлексияға ие, топта жұмыс істеуді біледі, көшбасшылық қабілеті мен эмоционалды интеллектісін дамытады.
  • Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін тиімді бағалайды, жоспарлайды; педагогикалық зерттеу құралдарын меңгерген, критериалды бағалау дағдыларын меңгерген, қашықтықтан бастауыш білім беру үшін пәндер бойынша вариативті, интегративті оқыту контентін жасайды
  • Кәсіби терминология мен академиялық жазбаны игерген; екінші (Т2), шет тілдерін қолданады және бастауыш мектепте оқыту әдістемесін игерген; оқушылардың біріктірілген тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, сөйлесім, тілдік қабілеттерін қалыптастырады
  • "Мәңгілік Ел" құндылықтарын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі бағыттарын және білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерін түсінеді және жүзеге асырады;
  • Математикалық және цифрлық сауаттылықты жетік біледі, АКТ-ны және ҚОТ (қашықтықтан білім беру технологиясы) біледі, кәсіби қызметінде қолданады
  • Бастауыш мектеп жасындағы балалардың типтік және типтік емес даму заңдылықтарын біледі, түсінеді және оларды кәсіби қызметте ескереді; педагогикалық этиканы сақтайды, инклюзивті ортада жұмыс істей алады
Top