Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02302 Қолданбалы филология в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Оқыту нәтижелері

  • Жазу шеберлігі психологиясына қатысты білімді меңгерген, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әр түрлі эстетикалық құбылыстар туралы қоғамдық пікір қалыптастырады.
  • Жаңа білім алу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады және осы білімді нақты басқарушылық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолданады.
  • Филология және пәнаралық гуманитарлық зерттеулер саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады.
  • Қазіргі заманғы әдеби үрдістердің жай-күйін талдайды, әдеби мәтіндерге сараптама жасайды, жариялауға ұсынылған мәтіндерге пікір жазады және түсініктеме береді.
  • Қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық көзқарас дағдыларын қолданады, кәсіби қызмет аясында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени үрдістерді болжау және жобалау әдістерін қолданады. Кәсіби бағытталған шет тілін меңгерген.
  • Әлеуметтік, этикалық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, лингвистикалық ақпаратты талдайды және жүйелейді.
  • Педагогикалық процесті ұйымдастыруда іскерлік қарым-қатынас дағдыларын қолданады.
  • Тілдің даму заңдылықтарын, оның тарихи ерекшеліктері мен қазіргі жағдайын біледі.
  • Педагогикалық басқару технологияларын меңгерген. Педагогикалық нысандардың қызметін жоспарлайды, ұйымдардың қызметін болжайды, әртүрлі деңгейлерде кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады, педагогикалық ұжымның күшті және әлсіз жақтарын анықтайды.
  • Жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті мәселелерді анықтайды және шешімін ұсынады. Кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады. Ғылыми сөйлеу мәдениетін меңгерген.
Top