Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02302 Қолданбалы филология в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық көзқарас дағдыларын қолданады, кәсіби қызмет аясында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени үрдістерді болжау және жобалау әдістерін меңгереді. Білім беру мекемелерімен (стейкхолдерлерімен) өзара қарым-қатынасқа түседі.
  • Басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтары мен менеджер қызметінде әлеуметтік-психологиялық білімді пайдаланады. Білім беру ұйымдарында оқытудың кәсіби дағдылары мен жоғары мектепте педагогикалық бақылау және білімді бағалауды меңгереді.
  • Арнайы мақсаттағы шетел тілінің ерекшеліктері мен кәсіби сөйлеу нормалары, әртүрлі коммуникациялардың заманауи тұжырымдамаларын негізінде кәсіби коммуникативтік құзыреттілік қалыптасадыКоммуникацияда сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипаты мен мәдениаралық коммуникация нормаларын меңгереді. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады, библиографиялық картотека, каталогтар, көрсеткіштермен,цифрлық өнімдермен жұмыс істеу және цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгереді.
  • Тіл жүйесінің тарихи дамуын, тілдегі құбылыстардың шығу тегі мен тарихи өзгерістерін ескере отырып, тілтуралы теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді салыстырады, тілдің қазіргі жағдайын талдайды, дамуын болжайды.
  • Жаңа парадигмаға сәйкес автор-мәтін-оқырман үштағаны негізінде тілдік бірліктердің мәтінде трансформациялануын, тіркесу қабілетін талдайды. Құжаттау мен іс қағаздарын жүргізудің теориясы мен жазба практикасын меңгереді. Мәтін мен дискурстың арақатынасын, дискурс түрлерін анықтайды.
  • Рефлективті оқыту әдістемесі аясында оқыту ортасын қалыптастыру, оқушылармен қарым-қатынас жасау, оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін тиімді стратегиялардықолданады. Филологиялық пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгереді.
  • Макросинтаксистің қолданбалы аспектілерін, синтаксемалардың, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің, күрделі синтаксистік тұтастық пен мәтіндердің функционалдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтайды.Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын, жұмсалымдық бағыттың ерекшеліктерін, тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдарын меңгереді.
  • Риториканың негізгі заңдары мен ережелерін, сөйлеу мәдениетін,сөйлеу этикетін меңгереді, іскерлік қарым-қатынастағы сөз мәдениеті мен көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі қалыптасады. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындайды, әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралайды, текстологиялық талдаулар жасайды.
Top