Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01510 Информатика, робототехника және жобалау в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, оның ішінде көптілді ортаны құруда информатика саласындағы білімін көрсетеді және оларды іске асыруға дайындығын көрсетеді.
  • Жаратылыстану-математикалық және лингвистикалық өзара әрекеттесу негізінде информатика саласына инновациялық білім беру технологиялары мен пәндердің пәндік мазмұнын кіріктіреді.
  • АКТ, робототехника, ұлттық саясат, тарих және әлеуметтік басымдықтар саласындағы білімге сәйкес информатика мұғалімі мамандығының маңыздылығын түсінеді.
  • Білім берудің АКТ қызметінің экономикалық, ұйымдастырушы-құқықтық, философиялық және әлеуметтік-мәдени аспектілерін, оның әртүрлілігінде түсінеді.
  • Жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, инклюзивті, көптілді, мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беруде информатиканы оқытудың және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді стратегияларына ие.
  • Типтік, эксперименттік, зерттеу, олимпиадалық есептер мен startup-жобаларын бағдарламалауды, ұйымдастыруды, қоюды және шешуді білу, математикалық сауаттылық, АКТ және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптарына сәйкес, информатика пәнінен оқытуды ұйымдастырады; мектеп оқушыларының жеке қажеттіліктерін, толеранттылығын, адамгершілік құндылықтарын ескере отырып, оқу процесін түрлендіреді және дамытады; нәтижелерді талдай алады
  • Педагогикалық шындықты ұлттық білім беру жүйесінің міндеттерінің, мемлекет дамуының басым бағыттарының және қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерінің өзектілігі тұрғысынан талдайды және бағалайды.
  • Психологиялық-педагогикалық зерттеулер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы заманауи жетістіктер негізінде ақпараттық білім беруді дамыту мәселелерін шешеді және дәлелдерді тұжырымдайды.
Top