Жаңа білім беру бағдарламасы

8D06102 Компьютерлік ғылымдар в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бұл бағдарлама копьютерлік ғылымдар бойынша PhD докторларын академиялық және академиялық емес мансапқа дайындауға бағытталған.Ол жасанды интеллект, білім берудегі ақпараттық технологиялар және ғылыми есептеулер сияқты салаларда Қазақстандағы және жаһандық деңгейдегі нақты мәселелерді шешу үшін басымзерттеулер жүргізуге бағытталған. Бағдарлама сонымен қатар әдебиеттерге шолу жасау, академиялық жарияланымдарды сыни талдау және құнды ғылыми мақалаларды басып шығаруды қоса алғанда, бірлескен ғылыми жұмыстарды жүргізуге дайындыққа баса назар аударады.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D094 Ақпараттық технологиялар

Оқыту нәтижелері

  • Нейрондық желілерді, терең оқытудың,машиналық оқытудың модельдері мен алгоритмдерін, пайдалана отырып, үлкен деректерді өңдеу және талдау үшін шешімдерді әзірлеу.
  • Қолданыстағы практикалық жүйелерді талдау арқылы жасанды интеллект саласындағы мәселелерді шешу
  • Табиғи тілді өңдеудің іргелі тұжырымдамалары мен әдістерін пайдалана отырып, мәтінді және дауыстық деректерді өңдеу
  • Дереккөздердің негізділігі мен сенімділігін ескере отырып, көптеген көздерден алынған идеяларды, зерттеу нәтижелерін және өзіндік талдауды біріктіру арқылы сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу нәтижелерін әзірлеу, бейімдеу және енгізу, сондай-ақ жаңа және күрделі идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және синтездеу қабілетін көрсету.
  • Ғылыми зерттеу принциптерін, сондай-ақ компьютер ғылымдары саласындағы эксперименттік және теориялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу
  • Ғылыми жұмыстарды жүйелі талдау арқылы, сондай-ақ академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып, ғылыми мақалаларды жариялау
  • Ғылыми есептердің дизайны мен құрылымына халықаралық академиялық қоғамдастықтың талаптарын қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін ұсыну және негіздеу
  • Машиналық оқыту, терең оқыту әдістері мен алгоритмдерін, нейрондық желілерді, деректерді талдауды және практикалық шешімдерді пайдалана отырып, білім секторын жақсарту үшін жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және енгізу

Ұқсас БББ

Top