Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07154 Автоматтандыру және басқару в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Физика I.

    Пәннің мақсаты механикалық бөлім сұйықтығының кинематикасы, динамикасы,статикасы және динамикасы қарастырылады. Молекулалық физика бойынша газдардың молекулалық–кинетикалық теориясы және термодинамика, электр және магнетизм бөлімі қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика I.

    Пәннің мақсаты - студенттердің математикалық талдаудың негізгі әдістерін, аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра элементтерін меңгеру. Логикалық ойлауды дамыту және жоғарғы математиканың абстрактілі ұғымдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде жоғары математика әдістерін қолдана білу, алынған сандық нәтижелерді сапалы интерпретациялау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математика ІI

    "Математика II" пәнін оқытудың мақсаты - студенттердің іргелі математикалық дайындық деңгейін көтеру, студенттерді көп айнымалылы фунциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеуі, метрикалық кеңістіктердің элементтері, жай дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістері мен тәсілдері, логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту, теориялық және практикалық есептерді шешуге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Физика IІ

    Физика ІІ пәні заттың құрылымы мен қасиеттері туралы ілімнің элементтерін,электрондық құрылғылыр (аз токтық және күштік электроника) және оларда өтетін физикалық құбылыстар мен процесстердіжан-жақты қарастырады.Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар заманауи физикалық құрылғылардың жұмыс принципін, ондағы өтетін процесстердің физикасын терең меңгере отырып, алған білімдерін өзінің кәсіби қызметінде қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Дискретті математика

    Пән білім алушыларға қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістері мен моделдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратты үйретеді. Жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Электроника І

    Пән электроникада қолданылатын аспаптар мен сұлбалардың негізгі типтерін, электрондық басқару жүйелеріндегі сигналдарды өңдеуге арналған сызықты, импульстік және цифрлық құрылғылардың әрекет ету принципі мен ерекшеліктерін бақылайды, нәтижесінде электр жетегінде және автоматикада қолданылатын түзеткіштердің диагностика жүйелерін жобалайды. Инверторлардың және автоматика жүйелерінің басқада түрлендіргіштерінің әрекет ету принципі мен ерекшеліктерінің ауыстыру сұлбаларын орындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электр техникасының теориялық негіздері І

    Пән электр тізбектері элементтерін, олардың сипаттамаларын , тұрақты, синусоидалды және синусоидалды емес ток тізбектерінің теориясының есептерін шешеді, нәтижесінде екі полюсті және көп полюсті элементтері бар сызықты тізбектерді талдау әдістерін зерттейді. Үшфазалы тізбектердің негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және есептеулерді орындайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электр техникасының теориялық негіздері ІI

    Пән тізбектердегі жалпы өтпелі процестерді, қалыптасқан және өтпелі режимдерді есептеу әдістерін зерттейді, нәтижесінде тұрақты және айнымалы токтың сызықты және сызықты емес электрмагниттік тізбектерінің сипаттамасын, электр және магнит өрісі, айнымалы электрмагниттік өрістерді есептеу жолдарын таңдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Бұл пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және кешенді зерттеу дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын бағалау, көрсету және түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электроника ІІ

    Пән жартылай өткізгіш аспаптардың құрылғылары мен физикалық негіздері, олардың сипаттамалары мен параметрлері, сондай-ақ аналогты электрондық схемаларды, сигнал генераторларын құрудың негізгі принциптері сұлбаларын орындайды, нәтижесінде жартылай өткізгіш аспаптардың құрылысы, дифференциалды және операциялық күшейткіштердің ерекшеліктері мен негізгі параметрлері электроника негіздерінің жұмысын бақылайды. Электрондық компоненттердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі электрондық сұлбаларда физикалық құбылыстарды зерттеу және талдау жұмычтарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ясауитану

    Пәннің мақсаты ясауилік құндылықтармен таныстыру, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастыру. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін бағалап, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын зерттеп, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Байланыс жүйелерінің автоматикасы

    Пән байланыс жүйелерінің жұмыс принципін, оптикалық және радио байланыс жүйелерін бақылайды нәтижесінде кабельдердің стандарттарын, желіде компьютерлік ақпаратты қорғау модельдеріін жасайды. Локалды тораптарды, цифрлық теледидар, сандық радио хабар, DECT стандарты, кеңжолақты байланыс технологиясы, кеңжолақты қатынау стандартынның жүйесін жобалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару жүйелеріндегі ақпараттық қауіпсіздік

    Пән ақпараттық қауіпсіздік, қауіптерді талдау, басқару жүйелеріндегі ақпаратты қорғау принциптері, ақпараттық қауіпсіздік стандарттары мен сипаттамалары, ақпараттық қауіпсіздіктің заңнамалық, әкімшілік, процедуралық деңгейлері, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістерін бақылайды, нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздіктің бағдарламалық және аппараттық жүйелерінің модельдерін жасайды. Сәйкестендіру және аутентификация, шифрлау, тұтастықты бақылау, компьютерлік желінің қауіпсіздігі, операциялық жүйелерді қорғау жүйелерін жасайды .

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Схемаларды талдау және синтездеу

    Пән үйдегі автоматика құрылғыларының (кондиционер тоңазытқыш кір жуғыш машина және тағы басқа) жіктелуін, жұмыс істеу принципін, схемасын зерттейді, нәтижесінде электр тізбегінің модельдері және автоматика жүйелерін ауыстыру сұлбаларын орындайды. Құрастыру әдістері, анализі және синтезі қарастырылып, әртүрлі автоматтандыру объектілері үшін осы схемаларды жобалау және пайдалану, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Matlab қолданбалы бағдарламалар пакеті

    Пән электр жүйесі объектілері мен техника салаларын электрмен жабдықтау жүйелерінің өтпелі және қалыптасқан жұмыс режимдерін сұлбаларын орындайды, нәтижесінде зерттеу үшін қолданылатын модельдеу мен бағдарламалық құралдардың қазіргі заманғы әдістер негізінде есептеулерді шешеді. Электрмен жабдықтау жүйесінің көрсеткіштерінің есептерін шешу үшін қолданбалы бағдарламаларды модельдеу мен қолдану дағдыларын бақылайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сызықты және бейсызықты автоматты реттеу жүйесінің теориясы

    Пән автоматты жүйелер және басқару және реттеу теориясының мәселелерін есептейді, нәтижесінде технологиядағы, объектілердегі және автоматты басқару жүйесіндегі басқару және реттеуді зерттейді. Автоматты басқару жүйесін құру принциптеріндегі есептеулерді орындайды. Автоматты басқару жүйесі және олардың элементтерінің функционалды сипаттамасы, сызықтық, сызықтық емес және дискретті автоматты басқару жүйелерінің есептерін шешеді, нәтижесәнде олардың негізгі түрлері және математикалық сипаттамасын зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Автоматтандыру және басқарудың техникалық құралдары

    Пән басқару объектісінің жай-күйі туралы ақпаратты алудың, командалық ақпаратты пайдаланудың және басқару объектісіне қызмет көрсетеді, нәтижесінде технологиялық процестермен автоматты реттеу жүйесінің техникалық құралдардың жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық құралдарының жұмысын бақылайды, нәтижесінде бағдарламаланатын өнеркәсіптік контроллерлер, бағдарламаланатын логикалық контроллерлер және микроконтроллерлердің жүйелерін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару жүйелеріндегі компьютерлік желілер

    Пән есептеу жүйелері мен желілерін құру принциптері, желілік архитектураның негізгі есептерін шешеді, нәтижесінде басқару жүйелеріндегі желілерді қолданатын аппараттық және бағдарламалық жасақтама, компьютерлік желінің топологиялары, мәліметтерді беру ортасына қол жеткізу әдістері, жергілікті желілердің негізгі технологияларды жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қашықтықтан қол жетімділікті ұйымдастыру принциптерін, компьютерлік желілер мен оның компоненттерінің архитектурасын, ақпараттық процестерді талдау және бағалау, желінің сапа және тиімділік көрсеткіштерін есептеулерді шешеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару жүйелерін модельдеу

    Пән автоматты басқару жүйесі модельдеу принциптері мен міндеттерін, сонымен қатар модельдеу бағыттарының жүйелерінің модельдерін жасайды, нәтижесінде жобалау, пайдалану, тестілеу және тағы басқа жүйелерді бақылайды. Модельдеу әдістерін, детерминдік стохастикалық, статикалық динамикалық, үздіксіз дискретті дискретті-үздіксіз жүйелерді таңдап, автоматты басқару жүйесі анализі мен синтезінде модельдеуді, Matlab бағдарламалық пакетін пайдалану саласында зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект жүйелері

    Пән жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып қолданбалы есептерді құрастыру жұмысын бақылайды, нәтижесінде оның тән ерекшелігі есептің тікелей шешімі емес, көптеген ұқсас есептердің шешімдерін қолдану арқылы оқыту жұмыстарын жүргізеді. Жасанды интеллект жүйелерін жіктеу, кластерлеу, үлгіні тану, регрессия, жалпылау жұмысын бақылайды, нәтижесінде модельдері берілген: перцептрондар, көп қабатты нейрондық желілер, RBF желілері, Кохонен желілері, генетикалық алгоритмдерді зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • FBD контроллерінің бағдарламалау тілі

    Пән FBD тілі негізінде контроллерлерді сипаттау принциптерін, контроллердің функционалды ішкі жүйелері үшін графикалық блоктардың кітапханалары, функциялары мен әдістерінің модельдерін жасайды, нәтижесінде FBD тілі үйренуге оңай, көрнекі және информатика саласында арнайы білімі жоқ қолданбалы мамандар үшін ыңғайлы, қатаң орындалу реті жылдам және сенімді кодқа аударылатын қарапайым ішкі нұсқаулар құрылымын әзірлейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өндірістік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері

    Пән автоматты басқару жүйесін құрудың негізгі сипаттамалары мен принциптері, технологиялық басқару объектілерін жүйелік талдау, технологиялық операциялар мен процестерді ақпараттық сипаттау принципін, басқару объектісінің күйін бағалау және оңтайландыру әдістерін, ең кіші квадраттар әдісі негізінде есептерді шешеді, нәтижесінде байездік бағалаулар, рейтинг, максимум принциптерінің жұмысын бақылайды. Корреляциялық және регрессиялық талдау әдістерін, стохастикалық және детерминирленген модельдерді, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін талдау және есептеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер

    Пән микропроцессорлардың архитектурасы мен құрылымын, олардың жіктелуі мен таңбалануын, микропроцессорларды технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын бақылайды нәтижесінде, технологиялық бақылау мен басқарудың типтік құралдарын жүзеге асыруда сандық және микропроцессорлық техниканы қолдануда практикалық есептерді шешеді. Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйесінің объектілерін басқарудың қазіргі мультипроцессорлық жүйелерінің даму тенденциялары оның ішінде өнеркәсіптік контроллерлер базасын талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Автоматты жобалау жүйесінің негіздері

    Пән автоматты жобалау жүйелері негізінде автоматтандыру жүйелерін жобалау принциптерін бақылайды, нәтижесінде құжаттаманы автоматтандыру, ақпараттық қамтамасыз ету және шешім қабылдау процесін автоматтандыру, параллельді жүйелерді жобалайды. Технологияларын, жобалық шешімдер мен жобалау процестерін, жобалық шешімдерді, стратегиялық жүйелерін жобалайды, нәтижесінде толық масштабты сынақтарды ауыстыру және математикалық модельдеумен прототиптердің есептерін шешеді. Жобалауды басқару сапасын, жобалау және оңтайландыру әдістерін бақылайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электр машиналары мен трансформаторларды автоматтандырылған жобалау жүйелері

    Пән электр машиналары мен трансформаторларды автоматтандырылған жобалау жүйелерін жобалайды, нәтижесінде оларға қойылатын негізгі техникалық талаптар, атап айтқанда стандарттау мәселелерін бақылайды. Электр машиналары мен трансформаторлардың автоматтандырылған жобалау жүйелерінде қолданылатын қажетті конструкциялық, белсенді (магниттік өткізгіш; электр өткізгіш) модельдерін жасайды. Электр оқшаулағыш материалдар, электр машиналары мен трансформаторларды автоматтандырылған жобалау жүйелерінің номиналды жұмыс режиміне зерттеу жүргізеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Автоматика және телемеханика жүйелерін жобалау

    Пән жобалау принциптерін және cынақ-конструкторлық құжаттама дайындау әдістерін бақылайды, нәтижесінде басқарылатын объектілерді зерттеу әдістерін техникалық есептерді шешеді. Автоматика және телемеханика жүйелерінің жұмысын зерттеу, бағалау және оптимизациялау әдістерін (құрылымдық/параметрлік) техникалық жүйелерін жобалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Релелік қорғаныстың микропроцессорлық жүйелері

    Пән релелік қорғаныс құрылғыларын орындау принциптері, олардың негізгі параметрлерін есептеулерді орындайды, нәтижесінде электрмен жабдықтау жүйелерінде релелік қорғау және автоматика құрылғыларын қолдану саласындағы мәселелерді зерттейді. Электрмен жабдықтау жүйелерінде релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын қолдану саласындағы мәселелерді тәжірибеде шеше білу, жүйенің сенімділігі, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Диспетчерлік басқару, электрмен жабдықтау сұлбаларын автоматтандырылған құру принциптері бағалау жұмысын бақылайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасы

    Пән мәліметтер базасын құру принциптерін, мәліметтер моделін құру принциптерін зерттейді, нәтижесінде мәліметтермен манипуляциялау әдістерін, іздеуді және деректерді өңдеу жүйелерін бақылайды. Мәліметтерді сипаттауға және манипуляциялауға арналған тілдік құралдар, қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйелеріндегі деректер модельдері, мәліметтер базасын жобалау негіздері, жүйелік талаптарды талдау, мәліметтер базасын құру құралдары, қосымшалар жасау, транзакцияны басқару, мәліметтер қорының жұмысын бақылайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • SCADA – адам-машина жүйесі

    Пән SCADA жүйелерінің заманауи компоненттері, жұмыс істеу принципі талдайды, нәтижесінде SCADA жүйелерінің бағдарламалық-аппараттық кешендерінің жұмысын бақылайды. SCADA жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін контроллерлер мен атқарушы құрылғыларды қолданып технологиялық процестерді автоматты және автоматтандырылған басқарудың тиімді жүйелерін құру әдістерін әзірлейді. Басқару жүйелерінің функцияларын жүзеге асыруға өндірістік контроллерлерді бағдарламалау; заманауи техникалық құралдар мен технологиялық SCADA жүйелеріне негізделген басқару жүйелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау

    Пән күрделі жүйелерді автоматтандырудың негізгі бөлімі болған процестерді математикалық моделдеу және оны реал уақытта идентификациялау жәрдемінде обьекттерді тиімді басқару алгоритмдерінің модельдерін жасайды, нәтижесінде күрделі жүйелерді автоматтандыру процесі, оның құрамдары мен математикалық моделедерін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Басқару обьектінің моделін құруда аналитикалық, эксперименталды және экспериментал-аналитикалық әдістерін, құрылымдық және параметрлік идентификациялауды, техникалық жүйелердің математикалық моделдерін жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Автоматтандырылған жүйелердің жабдықтарын қорғау әдістері

    Пән өндірістік қауіптіліктің жалпы ережелері мен жіктелуі, қауіпсіздік жүйелерін ұйымдастыру және автоматтандыру объектілері үшін жабдықты қорғауды енгізу әдістерін бақылайды, нәтижесінде өндірістік қондырғылардың қауіпсіздік жүйесін әзірлеудің нормативтік-техникалық базасының диагностика жүййелерін жобалайды. Техникалық жүйелер мен автоматтандыру құралдарына негізделген қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі ресурстары мен техникалық шешімдерді, автоматтандыру объектілеріне арналған қорғаныс жүйесі мен қорғаныс жүйесінің жұмысын бақылайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Робототехника

    Пән өндірісте кеңінен қолданылатын роботты кешендердің құрылысын, принциптері мен әдістерін, схемаларының моделін жасайды, нәтижесінде роботты кешендер өнеркәсіптік объектілерді идентификация жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік көру жүйелерінің жұмысын бақылайды. Өндірістік жабдықты бақылау диагностикалау үшін роботты кешендер (робот-манипуляторлар немесе ақаулы өнімді шығаруға арналған құрылғылар) және компьютерлік көруді қолдану салаларын зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Метрология және өлшеу

    Пән өлшемдер туралы, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды бақылайды, нәтижесінде өлшемдердің бірлігін және өлшеу құралдарының бірлігін қамтамасыз етуді, өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын, өлшемдердің метрологияның негізгі объектісіне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Физикалық шамалармен және өзге де ғылымдармен байланысын зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әмбебап автоматтандырылған өндірістер

    Пән әмбебап автоматтандырылған өндірісті құрудың негізгі принциптерін бақылайды, нәтижесінде негізгі терминдер, өндірістер классификациясы, құрылымы, сонымен қатар модельдер мен әдістер, машина жасау және энергетикалық салаларда пайдалану ерекшеліктерінің жұмысын бақылайды. Әсіресе трансформатор өндірісінде, оңтайландыру модельдері негізінде өндірістің әртүрлі деңгейдегі (кәсіпорын цех участок) автоматтандырылған өндіріс көрсеткіштерін арттыру әдістеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электронды құрылғылар және басқару

    Пән басқару жүйесінің базалық электрондық құрылғыларын құру принциптері мен құралдардың жалпы кәсіби және техникалық құралдарын бақылайды нәтижесінде электрондық құрылғылардың жұмыс істеу принциптері, типтік схемалық қызмет көрсетеді. Электрондық сұлбаларды оқу, қолданбалы бағдарламалардың типтік пакеттерін пайдалана отырып қарапайым электронды құрылғылардың жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сигналдар және бақылау жүйелері

    Пән аналогтық және цифрлық сигналдарды түрлендіру принциптерін, модельдерін және әдістерін зерттейді, нәтижесінде өнеркәсіпте басқару жүйелерін құру схемаларын есептеп, жобалайды. Сигналдарды түрлендіру әдістері (күшейту, кванттау, сынама алу, модуляция, генерациялау және тағы басқа) арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Өлшеу құралдарының (осциллограф мультиметр датчиктер және тағы басқа) көмегімен есептеулерді жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару жүйесінің сенімділігі

    Пән сенімділік теориясы бойынша жалпы мәліметтер, автоматтандырудың техникалық құралдарының сенімділік көрсеткіштерінің модельдерін жасайды, нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жүйелердің сенімділік көрсеткіштері, элементтер мен жүйелердің сенімділігін есептеудің негізгі кезеңдері, санақ жүйелері, қалпына келтірілетін жүйелердің сенімділік көрсеткіштеріне бақылау жүйелерінің сипаттамаларын бағалау әдістерінің жұмысын бақылайды. Автоматты басқару жүйелерінің резервтелген аппаратурасының сенімділігін есептеу әдістерін, автоматты басқару жүйесінің резервтелмеген аппаратурасының сенімділігін есептеу әдістерін талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағдарламаланатын логикалық контроллерлер

    Пән бағдарламаланатын логикалық контроллерлердің (PLCs), PLC LOGO, PLC SIMATICS7-1200, PLC SIMATICS7-1500 схемаларын жүйелерін жобалайды, нәтижесінде электр тізбегі функционалдық сымдар конструкциясын және әртүрлі түрлерін талдайды. PLC жұмысының принциптері, схемасы, әртүрлі автоматтандыру жүйелерін жобалау тапсырмалары, олардың бағдарламалық қамтамасыз ету және өнеркәсіпте қолдану жұмысын бақылайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Техникалық процестерді және өндірісті бағдарламалық басқару

    Пән технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру кезінде есептеуіш техниканы қолданудың негізгі принциптерін бақылайды, нәтижесінде басқару бағдарламаларында қолданылатын командалар жүйелерін, сандық бағдарламалық басқару құрылғыларының жұмысын бағдарламалау принциптерін жобалайды. Сандық техника базасында технологиялық объектілерді бағдарламалық басқарудың қазіргі заманғы жүйелерін құруды, ақпараттық, математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерінің функцияларының модельдерін жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Автоматтандырылған электр жетегі

    Пән жоғары сапалы, үнемді, үзілусіз электрэнергиямен тұтынушыларды қамтамасыз етумен қатар электрмен және автомттандырумен қамтудың негізгі тәсіл-амалдарының жұмыстарын бақылайды, нәтижесінде электржетекті логикалық басқару, тұрақты және айнымылы тоқ электржетектерінің жылдамдығын автоматты басқару жүйелері, атқарушы органның қалпын басқару жүйелерінің модельдерін жасайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Технологиялық процестерді модельдеу

    Пән технологиялық процестерді модельдеу құрылысының принциптерін, құрылымын және міндеттерін зерттейді, нәтижесінде модельдеу және технологиялық процестер теориясының негізгі түсініктері, модель түрлері (математикалық имитациялық цифрлық және тағы басқа), тәжірибені жоспарлау негіздері және машина жасау өндірісінің қолданбалы есептерін шешу үшін үлгілерді пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Заманауи компьютерлік, ақпараттық технологияларды, сандық техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, автоматтандырылған жүйелерінің модельдерін жасайды
  • Автоматтандырылған басқару жүйелерін, технологиялық процестер мен өндірістерді жүйелі талдап, құрылғылар мен тораптардың жұмысын бақылайды
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • Технологиялық желілердің, диспетчерлік автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс режимдерін автоматты реттейтін құрылғыларына монтаждық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді
  • Автоматты басқару жүйелерінің құралдарын жаңғырту мен реконструкциялау бойынша жобаларға техникалық тапсырмаларды әзірлеп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Өндірістің технологиялық негіздерін ескере отырып, техникалық құралдарын, автоматтандыру, бақылау және диагностика жүйелерін жобалайды
  • Автоматтандырудың құрылымдық, функционалдық және автоматика жүйелерін ауыстыру сұлбаларын орындайды
  • Автоматты басқару жүйелерінің қондырғыларын таңдау және зерттеу үшін техникалық есептеулерді орындайды
  • Автоматты басқару жүйелері, электрондық аспаптардың сипаттамалары, микропроцессорлық кешендердің автоматикасы негізінде есептерді шешеді
Top