6B01716 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік және азаматтық сауаттылыққа ие мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, пәндік білімі терең, инклюзивті білім беру ұстанымдарын ескере отырып оқу-тәрбие үдерісін жоспарлайтын, ұйымдастыратын және бағалайтын, ғылыми-педагогикалық зерттеу дағдыларын игерген, инновацияға ашық, қазақ тілі мен әдебиетінің креативті көшбасшы мұғалімдерін дайындау;
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Мамандыққа кіріспе
Пән педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы, педагогикалық мамандықтың пайда болуы және дамуы туралы білім беруге бағытталған. Қазіргі қоғамдағы педагогикалық қызметтің әлеуметтік маңызы мен педагогтің әлеуметтік және кәсіби негізделген функциялары туралы түсінік қалыптастыруға, педагогикалық қызметіне машықтануға баулиды. Нәтижесіне терең пәндік білімді көрсетіп, талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданып, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пән адам дамуының психологиялық, жеке деңгейлері, олардың дамудың статистикалық нормаларына сәйкестігі, психикалық даму жолын болжау, интеллектуалды, эмоционалды бейімділік пен даму қабілеттері, әр түрлі жастағы баланың білімін игеру мүмкіндіктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар мотивация деңгейін, өзін-өзі бағалау деңгейін, тұлға психологиясындағы талаптардың деңгейін анықтай, диагностикалай алады, білімді игерудің жас ерекшеліктерін ескере отырып, іс-әрекеттерді ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіл біліміне кіріспе
Пән тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты, тілдік бірліктер туралы, тіл білімінің салалары туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу нәтижесінде тілдің табиғаты, мәні, коммуникативтік, танымдық қызметтері мен құрылымы, пайда болуы мен дамуы туралы білімді түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгеру нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Әдебиеттануға кіріспе
«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде әдебиеттану ғылымындағы ұғымдар мен категорияларды, поэтика, жанр, стиль, тек пен түр, ағым мен бағыт туралы білімді меңгереді. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері туралы зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады. Өзінің кәсіби қызметінде шыңдала отырып, терең пәндік білімді көрсетіп, талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданады, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ежелгі әдебиет және жыраулар поэзиясы
Пәнді оқу барысында білім алушылар хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің дамуын, қалыптасуын, әдебиетшілердің зерттеулерін, осы кезең өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі рөлдерін, туындыларының көркемділігін біледі. Пәнді оқу нәтижесінде жыраулар поэзиясы туралы білімді тереңдетіп, әдебиеттанушылық талдау дағдыларын дамытады, түсіндіру және синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
Пән білім алушыларға қазақ әдебиеті тарихының бастаулары болып саналатын VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби мұралар жөнінде жан-жақты білім береді. Пәнді оқу нәтижесінде ежелгі және хандық дәуір әдебиетіне қатысты шығармаларды талдау, түсіндіру икем, дағдысын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пән сөздердің мағынасы, шығу тегі, стильдік мәні мен сипаты, тілдің лексикалық жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу нәтижесінде тілдің тарихи дамуы тұрғысынан тілдік фактілер туралы білімді түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын игереді, қарым-қатынас процесінде тілдің лексикалық модельдерімен жұмыс істей алады, лексикалық талдау дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
XХ ғасырдағы қазақ әдебиеті І (1900-1960 жж.)
Пән ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму тарихын, сол кезеңге қатысты шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін білім алушыларға түсіндіре әдеби-теориялық білімдерін тереңдетіп, кезеңге қатысты әдебиеттанушылық-зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстырады. Нәтижесінде осы кезеңдегі әдеби даму туралы терең пәндік білімін көрсетеді, талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
Пән студенттердің қаржылық қатынастарының маңызды салаларын бейнелейтін негізгі қаржылық-экономикалық түсініктерді дамыту арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастырады. Сондай-ақ қаржылық нарықтағы тұтынушының, инвестордың, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтандырушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға және тұтынушыларды пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған білім мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және орфографиялық практикум
Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жасалу жолы, үндестік заңы, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді меңгертеді. Ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді. Пәнді оқыту барысында жаңа орфографиялық ережелерді талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданып, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Креативті көшбасшылық
Пән адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттесуін тиімді басқарудың әдіснамасы мен практикасын зерттейді. Пән өз қызметін және кәсіби дамуын жоспарлаудың тиімді құралдарын анықтау және таңдау, өзінің эмоционалды интеллектісін және қазіргі заманғы көшбасшының негізгі дағдыларын, өз уақыты мен өз әлеуетін ұйымдастырудың тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын пайдалана отырып, өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыруға қабілетті креативті тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мектеп құжаттамасын жүргізу
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мектеп құжаттамасын жүргізу туралы жалпы түсінік береді. Мектеп құжаттамасын жүргізудің заманауи бағыттарына тән ерекшелігін, оны игеру мен дамыту жолдарын саралайды. Білімгерлер сабақта қолданатын тиімді инновациялық әдістерді пайдаланып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын меңгереді. Мектеп құжаттамасын қазіргі заман талабында жүргізудің жаңашыл әдістерін анықтап, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
XІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні тарихи кезең ерекшелігін ақындар шығармашылығымен, тарих, фольклортану, этнография ғылымдарымен сабақтастықта білім қалыптастырады. Нәтижесінде дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін әдебиеттанушылық аспектіде пайымдайды, XIX ғасырдағы ұлттық сөз өнерінің маңызын талдауда белсенділік танытады. Сол кезеңге тән шығармаларды түсіндіру және синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алаш әдебиеті
Ұлттық әдебиет тарихындағы Алаш қозғалысы дәуірі мен Алаш әдебиетінің ерекшелігі, көркемдік қырлары туралы білім береді. Алаш қайраткерлерінің ұлт болып қалыптасу жолындағы тұлғалық бейнелерін, публицистика және әдеби сынның қалыптасу жолындағы еңбектерін талдайды. Ұлттық әдебиеттің мазмұн, тақырып ауқымының ерекшеліктерін, көркемдік таным, қаламгердің шығармашылық дүниетанымы мәселелерін меңгеріп, білімін түсіндіру, синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 9
-
Қазақ тілінің сөздік құрамы
«Қазақ тілінің сөздік құрамы» пәні тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптері мен оларды жасау жолдары жайлы пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздерінен білім қалыптастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданып, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Пән мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік базасы, құжаттың түсінігі мен функциялары, мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Тілдің синтаксистік жүйесінің құрылысын, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалуын біледі; Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық туралы білімді жалпылау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын игереді. Сөйлемнің синтаксистік құрылымымен, тілдің синтаксистік модельдерімен жұмыс істей алады, синтаксистік талдау жасай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
Тілдің грамматикалық құрылысы, мағына, форма, категория, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгерісі, сөзжасамдық тәсілдер, сөз таптары, олардың өзіне тəн грамматикалық ерекшеліктері туралы теориялық білім беру мақсаты мен практикалық талдауларды, ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамыту міндеттерін қарастырады. Нәтижесінде сөзжасамдық, морфологиялық білімін түсіндіру және синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мәтін синтаксисі
Бұл пән қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөз тіркестері мен сөйлем мүшелері, сөйлем құрылысы жайлы мәселелерді анықтайды. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелерін, түрлерін, пунктуациялық ережелерді, сөйлем қолданыстарын қарастырады, сөйлемдерді құрылымдау жолдарын білу дағдыларын қалыптастырады. Мәтін синтаксисі туралы теориялық білімін тілдік деректерді синтаксистік талдауда көрсетеді, тілдік талдау, синтездеу дағдысы қалыптасады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Пән қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы, қазақ әдеби тілінің даму көздері, даму кезеңдері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу барысында қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тарамдалуы, әр дәуірдегі жазба ескерткіштердің әдеби тілді қалыптастырудағы рөлі мен қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы туралы пәндік білімді түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын игереді. Әдеби тілдің нормаларын тарихи фактілерге сүйене талдай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Абайтану
Абайтану пәнінде абайтану ғылымына қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгеріп, Абай шығармаларының көркемдік құндылығын, идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін көрсетеді. Көркем мәтінді әдеби талдау арқылы әдебиеттанушылық-зерттеушілік еңбектің негіздерімен танысып, ғылыми жұмыстар жазуда шығарманың әдеби дамуға әсер етуін, көркемдік ерекшеліктерін түсіндіруде теориялық білімді практика жүзінде қолданады. Абайтануға қатысты терең пәндік білімді көрсетіп, талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданып, кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті ІІ (1960-1990 жж.)
Бұл курста 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі әдеби ахуал, поэзия, проза, драма, әдеби сын, көркем аударма және белгілі қаламгерлердің шығармалары, оқу-ағарту, мәдениет саласының түрлі мәселелеріне арналған еңбектері жан-жақты талданылады. Студенттер 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетінің көркемдік дамуын айқындап, көркем шығармаларды талдай, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделей алады. Терең пәндік білімді көрсетіп, талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолдана алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ жазуының тарихы
Жазу таңбаларының күрделі табиғатын, олардың семасиографиялық кезеңі мен фонографиялық кезеңі арасындағы ерекшеліктерін түсіндіреді. Қазақ жерінен табылған петроглифтердің графикалық жағынан зерттелу жайын, түркілердің тұңғыш дыбыстық жазу жүйесі көне түрік руна жазуының зерттелуі мен шығу тегі жайлы көзқарастарды жүйелеп, көне ұйғыр, араб, латын, армян, латын, орыс жазуларының түркілер арасына таралу себептері жайлы білім береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түркі халықтары әдебиеті
Пән түркі тілді әдебиеттердің жалпы даму заңдылықтарын, ортақ ұқсастықтарын, дәстүр жалғастығын нақтылай отырып, жанрлық әдеби ойлау әдістерін меңгертуді мақсат етеді. Түркі халықтары әдебиетіндегі ортақ мотивтер мен сюжеттік желілерді, тақырыптық арналарын, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра талдау дағдысы қалыптасады. Түркі халықтары әдебиеті мен қазақ әдебиеті арасындағы әдеби байланыс түрлерін түсіндіре алады. Кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем мәтінді тілдік талдау
Пән әдебиет стилистикасы және лингвостилистика, автор және оқырман стилистикасы, мәтін, оның типтері, байланысы, көркем мәтіннің санаттары, оның лексика-фразеологиялық қабаты, интертекстуалды байланыстар, тілдік тұлға құзыреті, мәтіндегі троптар мен фигуралар туралы түсінік қалыптастырады. Нәтижесінде терең пәндік білімді көрсетіп, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасай алады, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданып, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеті теориясы мен қазақ әдебиеті сынының тарихы
Пәнде төл және әлем әдебиеттері тарихынан білімі, белгілі дәрежеде әдеби-теориялық ұғымы бар соңғы курс білім алушыларының көркемдік-эстетикалық білімін жетілдіре, жаңа теориялық ұғымдармен, категориялармен толықтыра отырып, қазақ әдебиет сыны тарихының жасалу, жүйелену мәселелері мен сыни мақалалар мен көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді меңгереді. Нәтижесінде тілдің тарихи дамуы тұрғысынан тілдік фактілер туралы білімді түсіндіру және синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі қазақ тілі курсы
Курс жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, мазмұны, мақсаттары мен міндеттері туралы білімді қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін оқытудың белсенді әдістері, табысты сабақты жоспарлау кезінде мұғалім басшылыққа алуы тиіс қағидаттарды құрайды. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын пайдаланып, оқытудың инновациялық тәсілдерін және заманауи стратегияларын қолданады. Терең пәндік білімді көрсетіп, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тәуелсіздік дәуір әдебиеті
Пән тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттанудағы ғылыми тұжырымдар, әдеби шығармалардың көркемдік құндылығы, идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуеті туралы білім қалыптастырады. Нәтижесінде пәнде көтерілген өзекті мәселелерді ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларын талдай алады. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымының тұжырымдамалық және теориялық негіздері туралы білімін түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
Пән педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері туралы білімді қалыптастырады. Пән педагогикалық зерттеулердің методологиясы мен әдістерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттерін педагогикалық диагностикалауды жүзеге асырып, білім беру саласында мониторингтік зерттеулер жүргізе алады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім беру үдерісін зерттеу, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және ұсыну дағдыларын көрсете алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Пән қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихы, жанрлық ерекшелігі, қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері, халық ауыз әдебиеті мұралары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу нәтижесінде фольклорлық шығармаларды талдау дағдыларын игереді, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы білімді түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Тіл бірліктерінің жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдаудың және оны оқушыға меңгерту жолдары бойынша құзыреттілік қалыптастырады. Оқытудың инновациялық тәсілдерін және заманауи стратегияларын пайдаланудың дидактикалық және әдістемелік әзірлемелерін дайындайды. Тілдің даму тенденцияларын, қазақ тілінің типологиялық ерекшелігін жоба жазуда пайдаланып, қазіргі заманғы әдістемелер негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін іске асырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі қазақ әдебиеті курсы
Пән әдебиетті жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқытудың отандық, жаңашыл озық әдістемесі негізінде ғылымның даму үрдісіне жақындата оқытады. Оқыту үрдісінде электрондық, ақпараттық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, инновациялық білім беру технологияларын, оқытудың заманауи стратегияларын қолдануды меңгертеді. Қазіргі заманғы әдістемелер негізінде оқыту және тәрбиелеу процесінде талдау, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем мәтін поэтикасы
Пән мәтінтанудың алғашқы баспалдақтары, зерттеу тақырыбын таңдау, оған негіздеме жасау, библиография түзу, дерек пен дәйекпен нәтижелі жұмыс істеуді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Көркем мәтіннің сыртқы және ішкі құрылымын жүйелі зерттеудің жолдары туралы білімді түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын игереді, көркем мәтіннің жанрлық табиғатын, стильдік бітімін, құрылымын есепке ала отырып талдау дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пән орта білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиетін меңгертудегі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес көрсетілген оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қарастырады. Қазақ әдебиетін оқытудағы инновациялық білім беру технологияларын, инновациялық тәсілдерін және оқытудың заманауи стратегияларын, инновациялық үрдістерді меңгерту үшін, педогогтің жеке тұлғалық потенциалын, кәсіби құндылықтарын дамытудың жолдарын түсіндіреді, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шеше алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл және дискурс
Пәнде рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным, шешендік сөздердің танымдық табиғаты, тілдік құралдар, әдеби тілдегі орны туралы білімін дамыта отырып, сөйленіс, мәтін көлемі, шешендік сөздер мәтінінің мазмұнын ашатын элементтер бірлігі, мәтіннің құрылым тұтастығы, құрылым жүйесіндегі көркемдік ерекшеліктері мәселелеріне талдау жасауға үйренеді, лингвистикалық сараптаудың түрлі әдістерін меңгереді. Дискурстың стильдік, көркемдік құралдарын мәтіндік деңгейде түсіндіру, синтездеу дағдысын қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- электрондық, ақпараттық және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып, инновациялық білім беру технологияларын, оқытудың инновациялық тәсілдерін және оқытудың заманауи стратегияларын қолданады
- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын пайдаланып, оқушылардың жеке және жас ерекшелік психофизиологиялық қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеріп, қазіргі заманғы әдістемелер негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін іске асырады
- білім алушылардың пәндік және тілдік құзыреттерін педагогикалық диагностикалауды жүзеге асырып, білім беру саласында мониторингтік зерттеулер жүргізеді
- білім беру үдерісін зерттеу, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және ұсыну дағдыларын пайдаланып, өзінің кәсіби қызметі мен әріптестерінің тәжірибесінің рефлексиясын жүзеге асырып, академиялық жазудың негіздерін көрсетіп және академиялық адалдық қағидаттарын сақтап оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асырады
- оқытылатын пәндер шеңберінде терең пәндік білімді көрсетіп, талдау, түсіндіру, жалпылау және синтездеу дағдыларын қолданып, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешеді
- табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдана отырып, қоршаған ортаның жай-күйін және адамға қауіпті факторлардың әсер ету дәрежесін бағалайды
- өзінің эмоционалды интеллектін және қазіргі заманғы көшбасшының негізгі дағдыларын, өз уақытын және өз әлеуетін ұйымдастырудың тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын пайдалана отырып, өз қызметін және кәсіби дамуын жоспарлаудың тиімді құралдарын анықтау және таңдау арқылы креативті шешімдер қабылдап өзінің кәсіби қызметін ұйымдастырады
- экономикалық білімді, қаржылық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көрсете отырып, кәсіпкерлік қызметті, бизнес жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгерген
- тарихи фактілерді, принциптерді, рухани құндылықтар мен тілдік ерекшеліктерді білуге негізделген, тиімді мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асырады