Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02197 Хореография в Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Хореографиялық өнер саласындағы әлемдік және отандық дәстүрлерді органикалық синтездеуге дайын, гуманистік дүниетанымға ие, заманауи тенденциялар мен кәсіби хореографиялық өнердің даму деңгейіне сәйкес педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқарушылық іс-әрекет білімі мен дағдыларын меңгерген жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды-магистрлерді даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 122
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M031 Хореография
  • Дайындық бағыты 7M021 Өнер

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі отандық және шетелдік басылымдарда жариялау мақсатында ғылыми мақалаларды, оның ішінде шет тілдерінде жазу ережелері бойынша білім негіздерін қалыптастыру
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру
  • Хореографиялық пәндерді оқыту әдістемесі, балеттің музыкалық драматургиясы, хореография режиссурасындағы заманауи үрдістер мен технологиялар бойынша білімді пайдалана отырып, қазіргі бар балетмейстерлік мұраны талдау мен оның сынын негізге ала отырып, режиссерлік-қойылымдық және педагогикалық міндеттерді орындау
  • Хореографиялық өнерді дамытудың заманауи тенденцияларын білу, хореографиялық өнер саласында және жоғары мектептің оқу-тәрбие процесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін заманауи технологияларды түсіне білу
  • Басқару психологиясы, Педагогика және өнер психологиясы, оның ішінде хореографиялық білімді қолдана отырып, өнер саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыру
  • Жаңа ортада, неғұрлым кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде қолдану
  • Балеттану және хореография сыны саласындағы негізгі заңдылықтар мен жаңа бағыттарды талдап, бұрыннан бар ғылыми мұраны зерттеу мен сыни тұрғыдан ұғынуға ғылыми тәсілді қолдана отырып, мамандарға да, маман еместерге де ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді анық және бір мәнді хабарлау
  • Хореография өнері саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолдану
  • Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде осы саладағы озық білімге негізделген хореографиялық өнер саласындағы дамып келе жатқан білімдер мен түсініктерді көрсету
  • Ғылыми әдіснаманың идеялары мен қағидаттарын қолдана отырып, хореография педагогикасының заманауи бағытындағы оқу пәндерін оқыту процесін басқару
  • Жаңа формациядағы педагог-хореографтарды жақсы оқыту мен тәрбиелеу үшін қазіргі заманғы контексте өнердің, оның ішінде хореографияның көркемдік стильдерін түсіндірудің дұрыс бағытын қамтамасыз ету бойынша шығармашылық және педагогикалық процестерді басқару
Top