Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11157 Туризм в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Туризмология

    Пән туризмнің тұжырымдамалық аспектілерімен, оның ресурстық және инфрақұрылымдық құрамдас бөлігімен және кеңістіктік ұйымымен таныстыруға бағытталған. Туризм бойынша теориялық білімдерін практикада қолдану, туристік және рекреациялық қажеттіліктерді, рекреациялық және туристік қызмет түрлерін, даму ерекшеліктерін талдау қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес білімгерлердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс білімгерлердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы

    Пән белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы туралы түсінікті қалыптастырады және ұйымдастыру әдістерін үйретеді. Нәтижесінде туристік саяхат картасын жасау, туристік топтың қозғалыс кестесін есептеу, белсенді туризмнің түрлерін ұйымдастыру, тәжірибеде туристік құрал-жабдықтарды пайдалана алу және туризм саласындағы құжаттар мен басқа да көздер бойынша ақпарат іздеу,жүйелеу, рәсімдеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның туризм географиясы

    Пән халықаралық және ішкі туризмді дамытудың аумақтық ерекшеліктері, себеп-салдарлық байланыстар және елдің әртүрлі өңірлерінде туризмді дамыту перспективалары туралы кешенді түсінік қалыптастыруға бағытталған. Пәнді игеру нәтижесінде студент туристік ресурстар мен нысандар туралы ақпарат жинақтап, туризмнің дамуына географиялық факторлардың әсерін бағалайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі тамақтандыру қызметтері

    Пән туризм саласында тамақтану қызметтерін ұйымдастыру бойынша базалық теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Білімгер тамақтану ұйымдарында сапа, стандарттау және сертификаттау бойынша нормативтік құжаттарды қолданады, тұтынушылардың әртүрлі топтарына қызмет көрсету нысандары мен әдістерін анықтап, туристік қызмет көрсету процестерін ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қонақ үй шаруашылығы

    Пән қонақ үй қызметін үйлестіруді, қонақ үй бизнесі саласындағы заңнамалық және нормативтік базаны, қонақ үй бизнесі саласындағы инновацияларды таныстыруға бағытталған. Қонақ үй бизнесінің әлемдік және жергілікті тәжірибелерін үйреніп, қызмет көрсету философиясын анықтап, қызмет көрсету процестерін ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризм менеджменті

    Пән туризм менеджментінің ерекшеліктерін, технологиялық тәсілге негізделген ұйымдастырушылық жүйесін, ұйым қызметінің әртүрлі аспектілеріндегі басқаруға байланысты практикалық мәселелерін шешуге үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер туристік ұйым туралы түсініктерін, оның түрлерін, ұйымның ішкі және сыртқы орталарын талдау дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ қазіргі заманғы туристік ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жоспарлау, әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризм маркетингі

    Пән маркетингтің теориялық негіздері, маркетингтік зерттеулерді дамытудың негізгі тенденциялары мен бағыттары, туристік индустриядағы маркетингтің ерекшеліктерін таныстырады. Туристік индустриядағы өткізу нарықтарын, тұтынушыларды, бәсекелестерді бағалауды, туристік қызметтің өнімдері мен қызметтерінің сапасын басқару және бақылау құралдарын қолдануды үйретеді. Тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін туристік өнімдер мен қызметтерді ілгерілету дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туроперейтинг

    Пән туроператорлық қызметтің ұйымдастырушылық-басқару негіздері, туристік қызмет көрсетуді ұйымдастыру принциптері, туристік өнімді тиімді әзірлеу (жобалау) үшін туристік нарықты талдау әдістері, тұтынушылардың қажеттіліктеріне бағытталған жаңа технологияларды енгізу шарттары туралы үйретеді. Кәсіби іс-әрекеті саласындағы заманауи концепциялар мен технологияларды табысты қолдану үшін қажетті туристік қызмет саласындағы студенттердің білімдері мен дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі өнімді әртараптандыру

    Пән білімгерлерге туризмдегі өнімді әртараптандырудың маңыздылығын түсіндіріп, осы бағытта жүзеге асырылуы мүмкін балама туризм түрлері туралы ақпаратты меңгертеді. Білімгер пәнді оқу нәтижесінде туристік өнімнің маңызы мен жасалуы туралы мағлұмат алады, альтернативті туризм түрлерімен танысады, қолданыстағы өнімдерді альтернативті туризм түрлерімен байланыстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экскурсиятану

    Пән туризм саласындағы экскурсиялық және туристік іс-шараларды дайындау, өткізу, жоспарлау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады. Нәтижесінде экскурсияны өткізу әдістемесі мен техникасын меңгереді, көлік және жаяу турлардың маршрут схемаларын, технологиялық картасын құрастырады, экскурсиялық әңгіме мен шоудың әдіс-тәсілдерін, экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін меңгереді, экскурсиялық топпен байланыс орната біледі, гидтердің жұмыс сапасын, кәсіби дайындық деңгейін бағалайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туристік қызмет көрсету психологиясы.

    Пән туризмде қолданылатын психология негіздерімен таныстырады. Білім алушыларға туристік қызметтерді пайдаланатын немесе оларды тікелей немесе жанама түрде ұсынатын адамдардың тәжірибесі мен мінез-құлқының механизмдері туралы білім береді, туристік бағыттарды басқару мен маркетингтің алғышарты ретінде туристік тәжірибе туралы жақсы түсінік береді, туристік қызметтің жеке тәжірибесін тексеруге және талдауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туристік қызметті автоматтандыру

    Пән туризм индустриясындағы технологиялардың ақпараттық жүйесі құралдарымен кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру үшін қажетті білім, білік және дағдыны қалыптастырады. Туризм индустриясындағы ақпараттық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы түрлері, мекемелерді автоматтандыру және электронизациялау принциптері: құжат айналымы мен құжаттауды электронизациялау, электрондық ақпаратты құру құрылғылары, электрондық анықтамалық қызметтер жайында үйретіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық туризмнің географиясы

    Пән әлемнің макроөңірлерінде, микроөңірлерінде туристік саланың қазіргі жағдайын, олардың дамуының негізгі тенденциялары мен жолдарын, халықаралық туризмнің құқықтық және экономикалық аспектілерін оқытады. Пән халықаралық туризмнің кеңістіктік дифференциациясының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Білімгер елдер мен өңірлердің туристік-рекреациялық әлеуетін бағалау, туризмнің дамуына әр түрлі факторлардың әсерін талдау әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмде тұтынушылардың мінез-құлқы

    Пән тұтынушылардың теориясының құрылымы және негізгі ережелері туралы теориялық және практикалық білімін қалыптастырып, туризмдегі тұтынушылардың мінез-құлқын бағалаудың практикалық әдістерін үйретеді.Пән туристік индустрияда жарнама мен брендті орналастыру, қабылдау кезінде практикалық мәселелерді шешу үшін тұтынушылардың мінез-құлық теориясын қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмде халықаралық маркетинг

    Пән маркетингті халықаралық өлшемде шешу, халықаралық шарттар мен айырмашылықтарды ескере отырып, маркетинг принциптері мен стратегияларын түсіндіреді. Білімгер кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығу себептерін,ұлттық және халықаралық маркетингтің айырмашылығын, маркетингтік шешімдерге халықаралық экологиялық жағдайлардың әсерін анықтайды және кәсіпорындардың халықаралық маркетингтік стратегияларына талдау жүргізе алатын дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Рекреация және анимация технологиялары

    Пән сауықтыру және мәдени-ойын-сауық қызметтерін дамыту кезінде пайдаланылатын туристік-рекреациялық ресурстарды, сондай-ақ аумақтың ресурстық мүмкіндіктерін, туристік сапарға қатысушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, рекреациялық іс-шаралар мен анимациялық бағдарламаларды жобалаудың технологиялық процестерін зерделеуге бағытталған. Білімгерлер туризм саласында рекреациялық және анимациялық бағдарламаларды жобалаудың технологиялық процестерін жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризм инфрақұрылымы

    Пән туристік өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып, туризмнің материалдық базасының кәсіпорындарын және онымен байланысты салаларды, олардың қызмет ету ерекшеліктерін, сондай-ақ туризмді дамытудың проблемалары мен перспективаларын кешенді зерттеуді қарастырады. Нәтижесінде білім алушы туристік нарықтың ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық және шет елдегі туристік әкімшіліктер мен туристік кәсіпорындардың тәжірибесін жалпылауды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризмде кәсіпкерлік қызмет негіздері

    Пән кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырудың практикалық мәселелеріне, кәсіпкердің қызметін жоспарлауға, баға саясатын әзірлеуге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ туристік фирмалардың қызметінде қолданылатын өндірістік және коммерциялық қызметтің нысандары мен әдістерін қарастырып оқытады. Білімгерлер туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің логикасы туралы тұтас көзқарасты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі анимациялық іс-әрекет

    Пән туризм саласындағы анимациялық қызметтің мәні мен ерекшеліктері, анимациялық бағдарламаларды құру және жүргізу әдістемесі туралы білімнің тұтас жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Білімгер туризм және қонақжайлылық жүйесіндегі анимациялық қызметтің негізгі категорияларын, тұжырымдамаларын, ұйымдастыру принциптерін және түрлерін зерттеу, анимациялық бағдарламаларды құру және енгізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі бухгалтерлік есеп және аудит

    Пән туристік индустриядағы бухгалтерлік есептің негізгі ұғымдары мен принциптерін, бухгалтерлік баланстың құрылымын, бағалау мен есептеуді, құжаттаманы және түгендеуді, қаржылық есеп беру нысандарын жасау мен ұсынуды зерделеуді үйретеді. Бухгалтерлік есептің бақылау-ақпараттық мүмкіндіктерін зерттеу, бастапқы құжаттарды толтыру дағдыларын игеру, ақпаратты талдау, нақты экономикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тұрақты туризм

    Пән тұрақты даму концепциясының негізгі ережелері мен қағидаттарын, концепцияны тәжірибеге енгізу мәселелері мен жолдарын, туризм саласындағы тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудың ерекшеліктері, тенденциялары мен тетіктерін оқытады. Туризм саласының әртүрлі субъектілері үшін даму тұрақтылығын арттыру бойынша стратегияларды, ұсынымдарды әзірлеу дағдыларын меңгереді. Аймақтық дестинацияның тұрақты туризмін дамыту үшін қонақжайлылық индустриясының маңыздылығын бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Туризм экономикасы

    Пән білімгерлерге туристік нарықтың құрылымын, туризм индустриясының экономикалық функцияларын, баға белгілеу ерекшеліктерін, туристік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс көрсеткіштерін түсіндіреді. Туристік кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау, туристік өнімнің құнын есептеу, нарықтық экономика жағдайында туристік кәсіпорынның даму стратегиясын әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Туризм саясаты және жоспарлау

    Пән туризм саясаты мен жоспарлау, жоспарлау процесі ұғымдарын түсіндіреді, туризм саясаты мен халықаралық, ұлттық және аймақтық масштабтағы жоспарлауды мысалдармен түсіндіргеннен кейін студенттердің туризм саласын жоспарлау туралы білімдері мен хабардарлығын арттырады. Білімгер туризм саясаты мен жоспарлаудың табысты шарттарын зерттеп, ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде жоспарлау зерттеулеріне тиімді қатысу үшін сана мен білім деңгейін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі өзекті мәселелер мен басылымдар

    Пән туристік ұйымдар тап болатын әртүрлі мәселелерді зерттеуді үйретеді , туризмге қатысты заманауи ғылыми жобалар мен әдістемелерді қарастырады. Туризм индустриясын жүйелік тұрғыдан сипаттайды, туристік ұйымдар мен дестинациялар алдында тұрған қиындықтарды анықтайды, ағымдағы зерттеулерді туризм индустриясының нақты мәселелерімен байланыстыра алады, ғылыми мақалалар мен көзқарастарды нақты әлемдегі жағдайлармен салыстыра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмді халықаралық құқықтық реттеу

    Пән студенттердің туризм саласындағы халықаралық ұйымдарды құқықтық қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын реттейтін нормативтік құжаттармен таныстыруға, халықаралық құқықтың негізгі ережелеріне сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға бағытталған. Туризмді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету негіздері туралы білімді, туризм саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмдегі брендинг теориясы және PR.

    Пән білім алушылардың туризм саласындағы брендинг және PR-шараларды ұйымдастыру саласындағы теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыруға, туризм саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға, туристік кәсіпорындарды және туристік дестинацияларды жылжытуда брендинг теориясын және PR технологияларын қолданудың базалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмде сапа менеджменті

    Пән туристік қызметтерді сертификаттаудың қажетті стандарттары мен ережелерін, нормативтік - құқықтық құжаттарды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігін бағалау тәсілдері мен өлшемдерін оқытуға бағытталған. Білімгер туризм индустриясы кәсіпорындары қызметінің барлық салаларында сапа жүйесін әзірлеу, ұйымдастыру және енгізу бойынша теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмде инновациялық менеджмент

    Пән инновациялық менеджменттің ғылыми негіздерін, нарықтық бағдарлаудың тұжырымдамалық моделін, қаржыландыру көздерінің жүйесі мен ерекшеліктерін, бизнесті қарқындату құралы ретінде, инновациялық жобаны әзірлеу және ұсыну жолдарын үйретеді. Инновациялық процесті басқарудың әртүрлі аспектілерін зерделеу, инновациялық жобалардың тиімділігін бағалау және оларды қаржыландырудың мүмкін нысандарын іздеу, инновациялық стратегияларды талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туристік рәсімдеулер

    Пән білімгерлерге әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің аумағына кіруі мен болуының формальды ерекшеліктері туралы жүйелі білім береді. Туристік рәсімдеуде халықаралық туризмді дамыту мәселелері мен перспективаларын үйренеді, туристік өнімді сату үшін туристік формальдылықтардың негізгі принциптері мен құндылықтарын игереді, қажетті құжаттарды рәсімдеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туристік дестинация брендингі

    Пән туристік дестинацияның қалыптасу кезеңдері мен принциптерін, имиджін қалыптастыруды, туристік дестинация брендін және брендинг тұжырымдамасын құруды, басқарудың негізгі принциптерін, әлеуетті тұтынушылардың санасында бренд құру және бекіту процесін оқытуға бағытталған. Студент нарықтық жағдайды талдап, әлеуетті ресурстары мен мүмкіндіктерін, ықтимал тәуекелдерін бағалап, туристік дестинацияларды нарықтық позициялау мен ілгерілетудің тиімді стратегияларын әзірлейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаһандық туристік бағыттар

    Пән жаһандық туризмнің қабылдаушы қоғамдар мен мәдениеттерге әсері туралы түсінігін дамытуға бағытталған. турист пен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынасты сыни бағалау, жаһандық саяхат бағыттары мен оқиғаларындағы динамикалық өзгерістерді анықтау және талқылау, мемлекеттік және жеке сектордағы туризмді және ішкі және халықаралық туризм тенденциялары мен дамуына әсер ететін заңнаманы салыстыру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризм саласындағы жобалар мен инвестицияларды басқару

    Пән инвестициялық жобаларды әзірлеудің әдістемесін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін инвестициялық жобалау рәсімдерін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді оқытады. Инвестициялық қызметті басқарудың заманауи әдістерін игеріп, қаржылық инвестициялар саласында басқарушылық шешімдер қабылдау логикасын қалыптастырып, отандық тәжірибеде қолданылатын заманауи инвестициялық құралдарды қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризм саласындағы кадрлық саясат

    Пән болашақ мамандарға қазіргі жағдайдағы кадр саясатының сипаты, рөлі мен функциялары туралы тұтас көзқарас қалыптастырады. Курс барысында туристік ұйымдардағы әлеуметтік және еңбек қатынастарының ерекшеліктерін, олардың кадрлық қозғалыстар контексіндегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге қатысуын қарастырады, еңбек ресурстарына қатысты кадрлық саясатты оңтайлы пайдалану саласындағы кәсіби дағдыларды қалыптастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туризмнің кластерлік дамуы

    Пән туристік индустриядағы ұйымдастыру қызметінің әдістемесі және туризм инфрақұрылымын дамытуға кластерлік тәсілді ұйымдастырудың негізгі категориялары, элементтері мен принциптерін, туристік инфрақұрылымды дамытудағы кластерлік тәсілді басқарудың әдістері мен құралдарын жобалаудың мазмұны мен тәртібін, туристік инфрақұрылымды дамытуға кластерлік көзқарас шеңберінде туризм индустриясының заманауи жүйелеріндегі әртүрлі типтегі мәселелерді шешудің технологиялары мен құралдарын үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Туристік нарықтың бәсекелестік стратегиясы

    Пән бәсекелестіктің теориялық - әдіснамалық негіздері мен қолданбалы аспектілерінің нарықтық жағдайының даму тенденцияларына сәйкес келетін басымдықтарды таңдау және стратегияны әзірлеу қажеттілігін зерттеуге бағытталған. Білімгер сыртқы нарықтарға кіру стратегиялары мен бәсекелестікті анықтап, артықшылықтарын талдап, бәсекеге қабілетті стратегиялардың тиімділігін бағалап, оларды пайдалану тиімділігін арттыру бағыттарын анықтайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Туризмде маркетингтік зерттеулер

    Пән қазіргі қоғам дамуының әртүрлі деңгейлеріндегі маркетингтік мәселелерді талдау және шешу дағдыларын меңгеруге бағытталған. Туризмдегі нарықты зерттеуді дұрыс басқару және басқару үшін негізгі құралдарды ұсынады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушы туризм саласындағы маркетингтік зерттеу мәселесін тұжырымдауды, зерттеудің ұсынысын және есебін жазуды білетін болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Халықаралық туризм менеджменті

    Пән әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында туризмнің экономикалық қызметі шеңберінде басқару теориясы мен практикасында көрініс тапқан менеджменттің кең танымал заманауи модельдерін қарастырып оқытады. Басқару процесін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері туралы ғылыми түсінікті, менеджмент саласындағы практикалық және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Туризм саласындағы Big Data

    Пән студенттердің туризмдегі үлкен деректер мен әлеуметтік желілердің табиғаты, рөлі мен динамикасы туралы сыни түсініктерін қалыптастырады. Нәтижесінде үлкен деректерді және бизнес-аналитиканы талдау, аналитика негізінде шешім қабылдау, этикалық мәселелерді талдау үшін туризмдегі жаңа технологияларды (виртуалды шындық, жасанды интеллектжәне т.б.). қолдану дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Туристердің қажеттіліктері, туристік қызметтер (ресурстар) мен жеткізушілер туралы ақпарат жинақтайды және жүйелейді
  • Халықаралық стандарт, нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтап туристік қызмет құжаттамаларын рәсімдейді
  • Жаңа технологияларға қажеттілікті анықтап, туристік қызметті инновациялық дамыту стратегиясын жоспарлайды
  • Туристік кәсіпорын қызметінің нысандары мен әдістерін анықтап, туристік қызмет көрсету процестерін ұйымдастырады
  • Туристік қызметтің әлемдік және жергілікті тәжірибелерін қолданып, нарықтық жағдайды талдап, ықтимал тәуекелдерін бағалайды
  • Туристік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізеді
Top