Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M04201 Халықаралық құқық в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық құқық, құқықтану, сыртқы саясат және жоғары білім саласында жұмыс істеу үшін талап етілетін, шет тілдерін кәсіби меңгерген ғылыми-педагогикалық бейіндегі кадрларды даярлау. Бағдарлама халықаралық құқық және сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі мекемелердің, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Корпоративтік басқарудың ішкі тетіктері мен нормативтік базасын басқару психологиясы, еңбек құқығы тұрғысынан бағалау.
  • Халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, коммерциялық келісімшарттардың жобаларына олардың халықаралық құқық қағидаттарына, ҚР Конституциясына сәйкестігін айқындау мақсатында заңдық сараптама жүргізу.
  • Халықаралық-құқықтық бағыты бойынша түрлі оқу сабақтарын, оның ішінде тәрбие жұмысын өткізудің жоспарлары мен инновациялық әдістемелерін әзірлеу
  • Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мен компанияларға кәсіби консультациялық, өкілдік қызметтер көрсету.
  • Кәсіби терминологияны, оның ішінде шет тілін қолдана отырып, ғылыми зерттеудің нәтижелері мен қорытындыларын дәлелді түрде ұсыну.
  • Халықаралық аренада Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғайтын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмысын жақсарту үшін ҚР халықаралық нормативтік базасының қазіргі жай-күйін көрсететін проблемаларды сыни тұрғыдан бағалау
  • Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін халықаралық құқық арқылы осы мәселелерді шешу мүмкіндігі тұрғысынан халықаралық аренада болып жатқан саяси процестерді талдау.
  • Халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақала, баяндама, талдамалық есеп дайындау түрінде оқу және ғылыми-зерттеу мақсатында жобалауды жүзеге асыру.
  • Нормативтік және библиографиялық іздеуді, ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, таңдалған әдіснамаға сәйкес ғылыми зерттеу міндеттерін тұжырымдау.
  • Халықаралық саясат пен экономика процестерін олардың халықаралық нарықтардың дамуына, мемлекеттің Халықаралық экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделерін қамтамасыз ететін халықаралық-құқықтық базаны дамытуға әсері тұрғысынан талдау және бағалау.
  • Халықаралық заңгер мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру.
  • Ғылыми қызмет үшін жоғары кәсіби деңгейде шет тілін қолдану; дипломатиялық келіссөздер жүргізу үшін; халықаралық сот, төрелік және басқа органдарда елдің мүдделерін қорғау үшін.

Ұқсас БББ

Top