Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07205 Мұнай-химия өндірісінің технологиясы в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттері біліміне сүйенеді, зат құрылысына жалпы сипаттамасы туралы білімі бар, заттардың құрылысы, химиялық қосылыстардың әртүрлі кластарындағы химиялық байланыстардың табиғаты, материалдардың қасиеттері және химиялық процестердің әсер ету механизмдері туралы білімдерін пайдаланады
  • Іргелі білімді қолдана алады, кәсіби мәселелерді шешеді және өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының маңызды дағдыларына ие болады
  • Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік принциптері әрекеттерін кәсіби басқаруда физика, экология, математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы, сондай-ақ қоғамдық-саяси пәндер шеңберінде тарих, философия сияқты өндірісте экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әртүрлі салалардағы базалық білімдерге баға береді
  • Ғылыми-зерттеу қызметінде қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдаланады: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеуге, сақтауға, өңдеуге, қорғауға және таратуға арналған бұлттық және мобильді қызметтері
  • Жаңа технологияларды енгізу кезінде технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін, инновациялық және технологиялық тәуекелдерді бағалау дағдыларына ие және жобаларға технологиялық және техникалық есептеулерді жүргізеді
  • Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, мұнайхимия өндірістер саласындағы озық тәжірибелерді сыни тұрғыдан талдайды және жұмыста пайдаланады, берілген әдістеме бойынша тәжірибелер жүргізеді, жүргізіліп жатқан зерттеулердің сипаттамасын құрастырады және олардың нәтижелерін, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерін талдайды, оларды зерттелетін салада қолданады
  • Алған білімдерін қолдана отырып, заттардың химиялық және физика-химиялық талдауларын, олардың сапасын бақылауды, сондай-ақ өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу негіздерін игереді
  • Мұнайхимия синтез саласындағы қолданыстағы әдістер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізеді, негізгі процестер мен аппараттардың жұмыс істеу принципін жобалайды және анықтайды, технологиялық жабдықтың жұмыс жағдайлары қатысты аппараттардың бірліктері мен бөліктерінің конструкциясына және габариттік өлшемдеріне байланысты есептерді жасайды.
  • Қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, әлеуметтік нормаларға негізделген құндылықтарды біледі және кәсіби қызметінде соларға бағдарланады; қазақ, орыс, шет тілдерінде жазбаша және ауызша сөйлеу қабілеті бар ақпаратты жинайды, түсіндіреді, ғылыми материалдар дайындайды, зерттеу нәтижелерін өңдейді; пәнаралық байланыстың маңыздылығын түсінеді
  • Топтық жұмыс дағдыларына ие, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді қабылдайды және олар үшін жауапкершілікті алуға дайындайды; өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге, бизнес үлгілерін дамытуға қабілетті, маман технолог ретінде біліктілігі мен дағдыларын арттыруға дайын көшбасшылық қасиеттерін бағалайды
  • Кәсіби қызметті жүзеге асыруға және технологиялық мәселелерді шешуге дайын; талдаудың термодинамикалық әдістері негізінде химиялық процестердің физика-химиялық параметрлерін есептеуді орындай алады; кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешуде теориялық және эксперименттік зерттеулерді пайдаланады
Top