Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04225 Құқықтану
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Еңбек нарығында сұранысқа ие құқықтық нормаларды іске асыруда құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы, кәсіби құзыреттілігі жоғары білікті кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M042 Құқық
Пәндер
-
1 Оқу жылы
ДСҰ құқығы және Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
Құқықтық талдау әдіснамасы
Шет тілі (Кәсіби)
Басқару психологиясы
Адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері
ЕАЭО -да заңнаманы біріздендіру және үйлестіру
Менеджмент
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құқықтық мәселелері
Өмірді құқықтық қамтамасыз ету
Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу
Сот медицинасы мен психиатрияның теориялық және практикалық негіздері
Құқықтық психология
Қазақстан Республикасында құқықтық жүйені жаңғырту
Қазақстан Республикасы мен ТМД елдеріндегі мүліктік құқықтардың азаматтық айналымы
Бәсекелестік құқық
Мүліктік және мүліктік емес дауларды шешудегі заңнаманың қазіргі жағдайы
Дағдарысқа қарсы саясат
Кәсіпорын стратегиясын іске асырудың экономикалық аспектілері
Оқыту нәтижелері
- Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оның өмірі мен қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешу үшін заң шығару процесіне қатысу, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жаңғырту
- Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесін қолдану арқылы алған құқық саласындағы білімдерін көрсету; құқықтық қатынастарды реттеу саласында қолданылатын ұлттық және халықаралық құқық нормаларын талдау, түсіндіру және сауатты қолдану
- Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелерін шеше білу, осы саладағы және кеңірек пәнаралық контексте дәлелдерді әзірлеу және мәселелерді шешу үшін қажетті құзыреттілікке ие болу
- Қоғамдық өмір, Ұлттық қауіпсіздік саласында қолданыстағы қазақстандық және халықаралық заңнама саласындағы алған білімдерін пайдалану; Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша білімдерін практикада қолдану
- Қазақстан Республикасының заңнамасында конституция мен заңдардың және қатынастарды реттейтін саладағы өзге де нормативтік актілердің нормаларын қолдануға құзыретті болу
- Мемлекеттік реттеу құралдарына, салықтық және кедендік әкімшілендірудің заманауи мәселелеріне қорытынды жасау және құқықтық талдау жүргізу қабілеті
- Құқықтық реформалар контекстіндегі әлеуметтік-саяси алғышарттардың негізгі кезеңдері туралы түсінікке ие болу
- Ұлттық қауіпсіздіктің құқықтық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының құқық қолдану тәжірибесінің мәселелерін талдау және шешу білімін, дағдыларын меңгеру
- Отандық және шетелдік ғылымның соңғы теориялық және әдістемелік жетістіктері туралы білімдерін пайдалана білу
- Ғылыми-кәсіби құжаттаманы, ғылыми есептерді жасау және ресімдеу, зерттеу жұмысының нәтижелерін мемлекеттік және шет тілінде кәсіби деңгейде ұсыну