Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04104 Экономика в Қарағанды индустриялық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бейіндік бағыт бойынша "Экономика" білім беру бағдарламасының мақсаты кәсіпорындар мен ұйымдардың, коммерциялық және бизнес құрылымдардың жоспарлы-экономикалық және өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік, қаржылық-талдамалық қызметтері үшін күшті талдамалық, зерттеу және көшбасшылық қасиеттері мен командалық жұмыс дағдылары бар басқарушы кадрларды даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1,5 года
  • Кредиттер көлемі 90
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту, практикалық қызметте жаңа білім мен дағдыларды қолдану
  • Тиімді кадр саясатын жүзеге асыру
  • Фирманың саясаты мен стратегиясын анықтау
  • Ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеру
  • Іскерлік ортаның тұрлаусыздық факторын ескеретін қазіргі заманғы талдау аппаратын пайдалана отырып, жобалық талдауды қоса алғанда, инвестициялық саясаттың тиімділігін негіздеу
  • Қаржылық өзара байланысты, қаржы-экономикалық процестерді жоспарлауды, бюджеттеуді және болжауды ұйымдастыру, бизнес-жоспарларды қалыптастыру және экономикалық субъектілерді басқару
  • Микро-және макро деңгейлердегі нарықтық және қаржы - экономикалық көрсеткіштерге талдау жүргізу, тәуекелдерді басқару бойынша олардың серпініне баға беру және олардың болжамын негіздеу
  • Жоғары оқу орындарының педагогикасы мен психологиясы бойынша білімдерін, оқытудың интерактивті әдістерін педагогикалық және кәсіптік қызметінде қолдану.
  • Қазіргі заманғы құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, талдамалық және зерттеу, кәсіпкерлік және бизнес-міндеттерді шешу
  • Ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету
  • Ұйымның қаржы-экономикалық қызметіне зерттеулер мен талдау жүргізу және қаржы-экономикалық процестерді басқару
  • Қазіргі заманғы қаржылық технологиялар мен бағдарламалық шешімдерді қолданудың тиімділігі мен орындылығын модельдеу және бағалау
  • Кәсіби қызметте танымның ғылыми әдістерін қолдану; процестер мен құбылыстарды зерделеудегі бар концепцияларды, теориялар мен тәсілдерді сыни тұрғыдан талдау
  • Кәсіпкерлік ұйымдардың интеграциясы мәселелерін шешуде дағдыларды қолдану
Top