Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01402 құқық және экономика негіздері в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білім беру үрдісін ұйымдастыра білу, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу; ұйымдастырушылық қабілеттерге ие болу, жоғары орындаушылық тәртіпті көрсету
  • Оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу
  • пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру; педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау; педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу
  • Экономикалық білім негіздерін меңгеруі және бизнес, менеджмент, маркетинг, қаржы жөнінде ғылыми түсініктің болуы, экономиканы мемлекеттік жүйелеудің мақсаты мен әдістерін түсінуі және білуі
  • Педагогикалық, құқық және экономика ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін меңгеру, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыру, алынған білімді қолдану мен өзіндік игеру, бизнес, құқықтық және экономикалық пәндер, тәрбие жұмыстарының әдістемесін меңгеру
  • Психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесін, психология пәнінің міндеттері, салалары, әдістері мен әдіснамалық ұстанымдарын қазіргі заманғы мектептегі білім мазмұнын, кәсіби білім берудің өзара байланысын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың, оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдістерінің сипаттамасын білу; инклюзивті білім беру туралы түсінікке ие болу, инклюзия саласында нормативтік-құқықтық базаны қолдана білу
  • Кәсіби абырой мен педагогтің қадір-қасиетін, бала құқығы мен мүддесін қорғай білу, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу; педагогтік қызметке жоғары мотивацияны иелену, өз бетінше білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу
  • Қазақстан тарихын, Философия, Экология және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін білу; қазақ-орыс, шетел тілдерін меңгеру; мемлекеттік тілде және орыс, шет тілдерінде сауатты өз ойын жеткізе білу; ақпараттық технологияларды, кәсіби іс-әрекетінде бағдарламалық қамсыздандыруды қолдануға қабілетті болу
  • Құқық және экономика негіздері аясында кәсіптік құзіреттілікті, құқық және экономика негіздерін оқу пәні ретінде құрылымдау қағидалары туралы білімді, білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-қызмет дағдыларын қалыптастыру туралы білімі болуы
  • Халықаралық құқық нормалары мен қызметтің әртүрлі салалары мен түрлерін ұйымдастыруды нормативті-құқықтық қамтамасыз ету қағидалары туралы, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің нормативті құқықтық базасының (заңдар, тұжырымдамалар, халықаралық келісімдер, стандарттар, инструкциялар, ережелер) мазмұны туралы білімі болуы керек
Top