Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07109 Көмірсутекті қосылыстардың химиялық инженериясы в Satbayev University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жобалық менеджменттегі басқару модельдері мен әдістерін және бағалау әдістемелерін қолдана отырып, химиялық инженерия және көмірсутек қосылыстарын өңдеу технологиясы саласында жасалатын ғылыми жобаларды бағалау
  • Арнайы бағдарламалық жасақтаманы, есептеу алгоритмдерін, заманауи аналитикалық жабдықты қолдана отырып, химиялық және физика-химиялық сипаттамаларды анықтау әдістерін қолдану
  • Инновациялық цифрлық ресурстар мен заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлей отырып, дәстүрлі және қашықтықтан оқыту форматта көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы саласында оқу сабақтарын өткізу.
  • Көмірсутек шикізатын дайындау және өңдеу процестерін олардың техникалық-экономикалық сипаттамаларын, экологиялық қауіпсіздігін бағалауды және одан әрі даму перспективаларын ескере отырып жүйелендіру
  • Көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы саласындағы технологиялық процестерді басқару үшін деректерді жинау, талдаудың физика-химиялық әдістерінің нәтижелері және деректерді өңдеудің статистикалық әдістері негізінде модельдерді таңдау
  • Стратегиялық, инновациялық, басқарушылық және жобалық менеджмент негізінде химиялық, мұнай-газ-химия өндірісі ұйымдарын және олардың жекелеген бөлімшелерін басқару жөніндегі стратегиялар мен бағдарламаларды ұсыну
  • Сыни талдау және бағалау әдістерін қолдана отырып, конференцияларда өз бетінше дайындалған ғылыми баяндамалар, диссертация және орындалған жұмыс туралы есептер түрінде ғылыми зерттеу нәтижелерін шет тілінде де қатар ұсыну.
  • Химиялық инженерияның әртүрлі өнімдерін және көмірсутек қосылыстарын өңдеу өнімдерін алу бойынша жаңа өндірістік процестер мен желілерді құру үшін химиялық, мұнай-газ-химия өндірісіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу.
  • Көмірсутекті қосылыстарды химиялық инженерия және қайта өңдеу технологиясы саласындағы басылымдарда зерттеулер барысында алынған ғылыми нәтижелерді апробациялау
  • Қазіргі заманғы әдіснамаларды, цифрлық технологияларды және жаңа материалдар туралы деректерді пайдалана отырып, химиялық, мұнай-газ-химия өндірістері саласындағы қолданбалы зерттеулерге негізделген көмірсутек қосылыстарының химиялық инженериясы саласындағы процестер үшін технологиялық схемаларды әзірлеу
  • Модельдеу және жүргізілген эксперименттер барысында алынған талдамалық деректерді, сондай-ақ нақты уақыт режимінде бақылау жүргізетін бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықты пайдалана отырып, өндірістік процестерге, химиялық, мұнай-газ химиясы өндірістеріне арналған технологиялық желілерге мониторинг және оңтайландырды жүргізу
  • Бастапқы көмірсутек шикізатының сипаттамаларын ескере отырып, химиялық және мұнай-химия өндірістерінің нысаналы және аралық өнімдерінің сипаттамалары мен қасиеттері, сондай-ақөнеркәсіптік алудың тәсілдері мен шарттары туралы деректерді жинақтау
Top