Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04108 Қаржы және есеп в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері және академиялық жазу саласында жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету
  • Экономика, статистика, ақша-кредит қатынастары, бухгалтерлік және басқарушылық есеп саласындағы білімді қолдану
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес ҚР нормативтік - құқықтық актілері, бизнесті жүргізудің қаржы-экономикалық негіздері, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы білімдерін түсіндіру
  • Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес кәсіби пайымдау негізінде аудиторлық тексеруді жүргізу жоспары мен бағдарламасын жасау, калькуляциялау әдістері мен тәсілдеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды ұйымдастыру қағидаттары мен әдістемесін қолдану
  • Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін автоматтандырылған есепке алу жүйесі мен математикалық әдістер мен модельдерді пайдалана отырып, сақтандыру компанияларының, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың, сақтандыру және банктік қызметтер нарығының есептілігінде қамтылған ақпаратты синтездеу.
  • Қазіргі заманғы банк қызметтері индустриясының, қаржы өнімдерінің, қаржы және инвестициялық нарықтар конъюнктурасының мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіпорындар мен кредиттік ұйымдардың қаржылық-кредиттік қызметін жоспарлау.
  • Ұтымды басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, аудиторлық және салықтық тексерулерді талдау және түсіндіру негізінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін болжау
  • Тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында кәсіпорындардың (ұйымдардың) қаржы-шаруашылық, инвестициялық және маркетингтік қызметіне кешенді талдау жүргізу.
  • Фискалдық саясаттың озық шетелдік кейстерін қолдана отырып, макро, мезо, микро деңгейлерде бюджеттік-қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды талдау.
  • Ұлттық экономика мен шет елдердің экономикасына салық салу жүйесін ұйымдастыру процесінде макро және микро деңгейлердегі қаржылық, статистикалық есептіліктің, салық жүктемесінің материалдарын талдау.
  • Экономика-математикалық және аналитикалық әдістер негізінде мемлекеттің қаржы, салық саясатының экономика мен қаржы нарығының оңтайлы жұмыс істеуіне әсерін бағалау.
Top