Жаңа білім беру бағдарламасы

6B04108 Қаржы және есеп в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Статистикалық деректерді, цифрлық технологияларды және халықаралық жүйелер мен стандарттарды қолдана отырып, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит саласында бизнес пен басқару бағыты бойынша этикалық нормаларды сақтай отырып, талдамалық зерттеулер жүргізу
  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін, инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу көздерін, кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдардың қаржылық есептілігін, дивидендтік, есепке алу саясаты аясында тәуекелдерді басқару әдістерін талдау
  • Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің құрамы мен құрылымын талдау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу, салық менеджментін жүзеге асыру аясында фискалдық саясат және гендерлік бюджеттеу бойынша салықтық кеңес беру құзыреттерін меңгеру
  • Халықаралық қаржы жүйесінің ерекшеліктерін, қазіргі заманғы төлем жүйелерінің жай-күйін, ақша, кредит, депозит, валюта, сақтандыру, зейнетақы нарықтары мен бағалы қағаздар нарығы қызметінің тиімділігін бағалау
  • Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономиканы ақша-несиелік реттеу құралдарын, қаржы институттарын бақылау және қадағалау жөніндегі шараларды, фискалдық саясатты дамыту бағыттарын әзірлеу
  • Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау, қаржы мәселелері, банктік несиелеу, сақтандыру, бизнесті ұйымдастыру бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету
  • Коммерциялық ұйымның қызметін жоспарлау стратегиясын, ақша ағындарын басқару әдістерін, бизнесті қаржыландыру көздерін және кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін әзірлеу
  • Қаржы институттары қызметінің ерекшеліктерін және банктердің ұйымдық құрылымын салыстыру, маркетинг стратегиясын әзірлеу және банк бизнесін басқару үшін жеке және заңды тұлғаларға, VIP-клиенттерге көрсетілетін банк операцияларының түрлері мен қызметтерін жіктеу
  • Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдиниеттік ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
  • Ұлттық экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау үшін микро және макро деңгейде экономикалық дамудың статистикалық көрсеткіштерін қолдану
  • Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау және есеп саясатын әзірлеу үшін бухгалтерлік есеп және аудит, ҚЕХС қағидаттары негізінде қаржы ұйымдарының және экономика салаларының кәсіпорындарының қаржылық есептілігін жасау және өндірістік үдерісінің аудитін жүргізу
  • Ақша-кредит саясатының тиімділігін бағалау және ақша айналымын реттеу үшін қаржы қатынастары мен қаржы институттары саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды пайдалану
Top