Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07203 Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану в Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Негізгі мақсаты мұнай газ саласында еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техникалық мамандарды дайындау болып табылады. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясын, мұнай және газ кенорындарын игеру процесін, құрлықта және теңізде мұнай – газ құбырлары мен мұнай – газ қоймаларын жобалау және пайдалануды білетін, жалпы білім беру, базалық және профильді пәндері бойынша бастапқы дайындығы бар мұнайшы мамандарды дайындау болып табылады. Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды және эксперименттік-зерттеу жұмыстары қорытындысын қолданып, инженерлік мәселелер шешімін табу жолдарын сараптайтын біліммен қамтамасыз етеді.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мұнай кен орындарын игеру көрсеткіштерін технологиялық есептеу әдістемесін және мұнай кен орындарын игеру пОНцесін гидОНдинамикалық модельдеу принциптерін қолдана білу
  • геологиялық және шығарылатын қорларын анықтауды үйрену; жобалық пайдалану жұмысының технологиялық режимін негіздеу және таңдау; кеніштің түрлі режимінде көмірсутегі кенорнын игерудің негізгі көрсеткіштерін бағдарлау;
  • Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу туралы білімі болуы; сыбайлас жемқорлықтың сипаты және оның пайда болу себептері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін моральдық және заңды жауаКҚершілік шарасы; қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
  • мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану кезінде қолданылатын технологиялық жабдықтар жұмысын сараптау;
  • кәсіби қызметті жүргізуде, есептік-аналитикалық тапсырмаларды шешуде физика-математикалық аппаратты пайдалану; технологиялық процестерді модельдеудің сәйкес тәсілдерін таңдау және қолдану;
  • Қолданбалы бағдарламалық өнімдерді қолданып, қажетті эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, жасақтау, қорытындыларды интерпретирлеу және нәтиже жасау;
  • ғылыми-техникалық және қызметтік құжаттарды құрастыру және жасақтау, ұңғылардың гидродинамикалық зерттеу қорытындыларын жасақтау (индикаторлық диаграммалар) және коллектор және қаныққан флюидтың физика-химиялық қасиетін анықтау.
  • қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиясын қолданып, мамандық бойынша жобалық қызметін жүзеге асыру.
  • Мұнай және газ кенорындарын игеру технологиясын таңдау; жабдықтарды таңдау және ұңғыларды пайдалануда оның жұмыс режимін орнату; өндірісте мұнай, газ және суды жинау сызбасын таңдау.
Top