Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04201 Халықаралық құқық в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, соттарда, төреліктерде, басқа да құқықтық институттарда, қазақстандық, шетелдік және халықаралық компанияларда халықаралық құқықты, ҚР және шет елдердің заңнамаларын, шет тілін білетін заңгердің кәсіби функцияларын орындауға қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
  • Дайындық бағыты 6B042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасының және әлемнің тарихи-құқықтық, рухани-философиялық бейнесіне кешенді талдауды жүзеге асыру, өз қызметінің құқықтық, кәсіпкерлік және экологиялық тараптарының маңыздылығын түсіну
  • Кәсіби деңгейде шет тілін ауызша және жазбаша түрде меңгеру, оны кәсіби қызметте қолдану; ақпаратты іздеу, деректерді есептеу, есептер шығару, іскери хат алмасу үшін қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
  • Білікті заңи қорытындылар мен кеңестер беру; халықаралық құқық пен ҚР заңнамасына дәл сейкес заңи іс-әрекеттерді жүзеге асыру; заңи, халықаралық-құқықтық және сыртқысаяси құжаттардың жобасын дайындау
  • Ғылыми зерттеулерді, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізу; алынған нәтижелерді бағалау; ғылыми қызмет нәтижелерін ауызша және жазбаша нысанда ұсыну; ғылыми эсселер, баяндамалар, ғылыми мақалалар, дипломдық жұмыстар жазу, ғылыми жобаларға қатысу.
  • Сот, прокурорлық-тергеу, адвокаттық және нотариаттық іс-әрекеттерді реттейтін құқықтық нормаларды қолдану, құқықтық және іс жүргізу құжаттарын ресімдеу, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде жария сөйлеу негіздеріне ие болу.
  • Сыртқы саясатты және халықаралық құқықтық ақпаратты жүйелеуге және жинақтауға, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігі, дипломатия және халықаралық қауіпсіздікті, экономика мен бизнесті құқықтық реттеу туралы анықтамалық және аналитикалық шолулар дайындау.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының халықаралық құқыққа сәйкестігін бағалау; Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі нормативтік құқықтық актілерінің сараптама бағасын және құрастыруын жүзеге асыру.
  • Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық құқық нормаларын және ішкі заңнамасын нақты жағдайларға қолдану; сыртқы сауда мәмілелерін жасау үшін серіктестермен келіссөздер жүргізу.
  • Құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою; құқыққа қарсы мінез-құлықты бағалау және оның жолын кесуге жәрдемдесу; қылмыстарды ашу, тергеу, саралау.
  • Тарихи және заң тұрғысынан адам құқықтарына қатысты халықаралық-құқықтық нормаларды талдап, оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарда, құқық қорғау және сот органдарында сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету.
  • Халықаралық заңгердің кәсіби қызметін жүзеге асыруды тиімді ұйымдастыру, өз біліктілігін үнемі арттыру және магистратурада білімін жалғастыруға дайын болу.
  • Өзінің көзқарасың қалыптастыра алу; топта жұмыс істей білу; отансүйгіштік, әділдік, құқықтық мәдениет, азаматтық және төзімділік қағидаттарына негізделген жеке қарым-қатынас дағдыларын игеру.

Ұқсас БББ

Top