Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01504 Физика в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Түрлі деңгейде меңгерген (ауызша және жазбаша) шетел тілі өзінің кәсіби қызметінде пәндік сабақтарын өткізуге, ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс жасауға және кәсіби қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуға мүмкіндік береді.
  • Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толығымен ескере отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында топты басқарады, академиялық адалдық қағидаттарын ұстанады.
  • Жаңа технологияларды қолдана отырып ғылыми және білім беру ақпараттарымен жұмыс істейді, оқу-әдістемелік құжаттарды дайындайды; жалпы білім беру ұйымдарында, орта кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында оқу үрдісін жобалау мен жүзеге асыруда педагогикалық қызметті, қашықтықтан оқытудың технологиясын оқу үрдісінде қолданады;
  • ЖОББ-де отандық және шетелдік тәжірибеге негізделген жаңа теориялардың модельдерін, әдістерін; жаңа оқыту технологияларын енгізу, физика пәнін оқытудың инновациялық әдіснамалық әдіс тәсілдерін, технологияларын әзірлеу және оларды енгізуде жаңартылған білім мазмұнының ЖМББС және әдіснамасын қолданады;
  • Математикалық аппаратты қолдана отырып физикалық есептердің шешілуіне талдаулар жасайды.
  • Педагогикалық эксперименттерді ұйымдастырады: жоспарлау, оның жеке кезеңдерін әзірлеу және жүзеге асыру; нәтижелерді өңдеу және сыни бағалау; оқу үрдісінде дамыту.
  • Ғылыми жарияланымдарды, баяндамаларды, патенттер мен есептерді өңдейді, семинарлар, конференцияларды өткізеді, ғылыми - зерттеу жобаларын әзірлейді, академиялық жазу әдістерін, қолданбалы есептерді шешуде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қолдана алады.
  • Заманауи ақпараттық технологияларды меңгере отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізе біледі;
  • Педагогика, психология және қолданбалы физиканың өзекті мәселелері бойынша білім мен дағдыларға негізделген оқытудың барлық түрлерін құрастырады;
  • Физикалық мәліметтерді математикалық өңдеулер жасай отырып эксперименттік жұмыстарды жүргізе біледі;
Top